Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
28 шілдеге белгіленген аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы Алматы облысының Кеген ауданының Саты ауылдық округіне қойылған. Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаевтың айтуынша, биыл ауданда бір ғана сайлау өткізіліпті. Ол сайлау 3 наурыз күні Жалағаш ауылдық округі әкімдігінде өткен. Екінші сайлау міне, осы жылдың 28 шілдесіне қойылып отыр екен.
- 2024 жылдың 3 наурызда Кеген ауданы, Жалағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Округтегі сайлаушылар тізіміне 2671 азамат енгізілсе, оның 2027-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Сайлауға қатысқан үш кандидатқа берілген дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, бірінші кандидат Мұхит Нуракынұлы Абдикалыков сайлаушылардың 271, Бакытжан Кемелжанұлы Малибеков 198, ал Айгуль Бектурсынқызы Садырова 1533 дауысын жинаған. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 13-ті құрады. Сайлау қорытындыларымен Жалағаш ауылдық округ әкімі болып 1978 жылы туған, Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Айгүл Бектұрсынқызы Садырова сайланды. Алдағы сайлауды да осындай ұйымшылдықпен өткізу жоспарлануда, - дейді Мұса Кенжебаев.
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының, аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сай жиырма бес жастан кіші емес Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы төрт жылға қызметке сайлайды.
- Бүгінгі таңда 28 шілдеге тағайындалған Кеген ауданының Саты ауылдық округінің әкімі болуға 3 кандидат тіркеліп, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Бірінші кандидат –Мұхит Нурахынұлы Абдикалыков. 1986 жылы туған ол Кеген ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық техналогиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Екінші кандидат – 1990 жылы туған, Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрым Қайырғалиұлы Сағымжан. Оның кандидатурасын Amanat париясы ұсынуда. Ал үшінші кандидат –Айболат Бекбергенұлы Сауытканов Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы. Үміткерлердің барлығы да жоғары білімді. Кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте біз учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдаудамыз. Өйткені сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде, - дейді Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев.
Оның айтуынша сайлау талаптарына сай азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады. Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу: олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын; оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
«Егер сайлаушы: денсаулығы бойынша; науқас отбасы мүшесін күту себебі бойынша; сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болып, дауыс беру үшін келе алмайтын болса, ол адам учаскелік сайлау комиссиясына өзіңіз болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік сайлау комиссиясы оның көрсеткен мекен жайы бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс», дей келіп Мұса Кенжебаев электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары тоқталды.
«Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады. Электрондық дауыс беру жүйесі көптеген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп, Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз. Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады. Біздің Республикамызда бүгін жоғары технологияларды барлық тіршілік салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сайлаушы Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектеседі, сондай-ақ барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасызетеді, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сенімді арттырады», - дейді ол.