Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Кеген аудандарындағы Бөлек және Ташкенсаз бен Саты ауылдық округтерінде әкім сайлауы 28 шілдеге қойылып отыр. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденовтың айтуынша, ауданда 3 наурызда екі, 5 мамырда 1, ал 2 маусымда бір ауылдық округте сайлау өткізілген. Ендігі сайлау Бөлек пен Ташкенсаз ауылдық округтерінде өткізілгелі отыр екен.
- Ауданда 2 маусым күні Есік қаласы әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Қала әкімі болуға барлығы үш кандидат тіркелген болатын. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екі кандидат өзін-өзі ұсынған еді. Amanat партиясынан ұсынылған үміткердің есімі Жан Бауыржанұлы Кураметов. 1989 жылы туған ол «Алматы облысының индустриялық аймақтық басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ринат Серікканұлы Саргожанов болса, екіншісі Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің орынбасары Ержан Берікұлы Телтаев. Сайлау қорытындысы бойынша Есік қаласының әкімі болып 1989 жылы туған, бұған дейін «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып қызмет атқарып келген Құраметов Жан Бауыржанұлы сайланды.
Мемлекет басшысы жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің ауданда 4 сайлау өткізіліп, ауылдық округтің әкімдерін халық өздері сайлады. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан ауданымызда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденов.
Өткен жылғы Ата Заңымызға енген өзгерістер бүгінгі таңдағы сайлау жүйесіне соны серпіліс алып келгені белгілі. Бұл демократияның бір көрінісі. Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
- Мемлекет басшысы айтқандай, сайлауға әрбір ел азаматының қатысуына құқы бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға да еркі бар. Бүгінгі күні 28 шілдеге белгіленген сайлауға кандидаттарды тіркеу шарасы жалғасуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек, Ташкенсаз ауылдық округтерінің әкімі болуға ұсынылған кандидаттар туралы қорытынды ақпарат 2 шілде күні жарияланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 шілдеге Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек, Ташкенсаз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.
Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланды. Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 6 учаскелік сайлау комиссиялары, 47 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.
Бөлек ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 5419, Ташкенсаз ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 2915 адамды құрайды. Осы жылдың 20 маусымынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі. 2 шілдесіндегі жағдай бойынша Бөлек ауылдық округіне 4 кандидат ұсынылды. 3 кандидат өзін-өзі ұсынса, бір кандидатты Amanat партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр. Ал Ташкенсаз ауылдық округіне 3 кандидат ұсынылды. Бір кандидат өзін-өзі ұсынса, келесі кандидатты Amanat партиясы, үшінші үміткерді «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған, - дейді Е.Әмірденов.