Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
21 шілдеге қойылған Абай облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округі бойынша кандидаттар тіркелді. Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арайлым Атабекованың айтуынша, тіркелген кандидаттар саны екеу. Бірін Amanat партиясы ұсынған болса, екіншісі өзін-өзі ұсынып отыр.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауылдық округ әкімдерін сайлау үш жылдан бері тұрақты жалғасып келеді. Мәселен, Абай облысы республика бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын өткізу бойынша көш бастап тұр екен. Ай сайын облыста кемі екі-үш сайлау ұйымдастырылады. Бір болғанда кемі бір-екі ауданда екі-үш ауылдық округте сайлау өткізіледі екен. Соның ішінде біздің ауданда да жыл басынан бері екі-үш сайлау өткізілді. Енді міне, 21 шілдеге ауданымызда тағы бір сайлау қойылып, өткізілгелі отыр, - дейді Арайлым Атабекова.
Оның айтуынша, Бидайық ауылдық округі әкіміне қазіргі таңда кандидаттар тіркеліп, дайындық жұмыстары басталып кеткен. Ауылдық округі әкіміне екі кандидат тіркелген. Жоғарыда айтқанымыздай оның біреуін Amanat партиясы ұсынған болса, екіншісі өзін-өзі ұсынған. Партия атынан түсіп отырған кандидаттың есімі Тимур Тілеубекұлы Абдигалимов. 1985 жылы дүниеге келген ол Бидайық ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамнын болып жұмыс істейді. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың есімі Эльдар Аятбекұлы Ақтеміров. Ол Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы болып еңбек етеді. Екі кандидат та жоғары білімді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.
- Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында үш жылдан бері аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлаулары өткізіліп келеді. Биыл да бұл үрдіс Абай облысының аудандарында жалғасып отыр. Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге біздің аудан халқы немқұрайды қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. Кешегі күні өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Жалпы, азаматтардың сайлауға қатысуы не үміткер ретінде өзін-өзі ұсынуы – туған өлкенің тұрмысын түзетуге деген ізгі ниеті ғана емес, зор жауапкершілік. Сондықтан «мен» деп алға суырылып шыққан, білімді, жан-жақты азаматтарды қолдасақ, әрбіріміз өз таңдауымызды жасасақ, бұл да бір демократиялық қоғам құруға деген қадам деуге болады. Тағы бір айтарым, аудан және ауыл әкімі болып жергілікті жердің азаматтары сайланса және олар 4-5 жыл туған жеріне қызмет етсе, сонда ғана жұмыстың нәтижесі болады, - дейді Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арайлым Атабекова.
21 шілдеген қойылған Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округіне кандидаттар ұсынылып, тіркелді. Енді олар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына көшті. «Сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін басталады және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады» дейді комиссия төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ол кандидаттарды ұсыну жолдарын да түсіндіріп берді. Оның айтуынша, саяси партия мүшелері қатарынан саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Екіншіден сайлауға өз-өзін ұсынушы дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайызынан қол жинау арқылы, өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін ел азаматы жасы 25-тен кем емес, әрекетке қабілетті, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы, заңда белгіленген тәртіппен танылған соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау дерегі болмауы тиіс.