Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ауыл, аудан әкімдерінің сайлауы да жаңашылдық. Бұл ең бастысы сан салада бармақ басты, көз қыстылық пен монополияның түп-тамырымен жоюға жол ашады. Жаңа Қазақстанды құру үшін бетке алған бағыттан танбай, жаңа белестерді сөзбен емес нақты іспен бағындыру керек. Сондықтан, ауыл әкімдерін сайлау тәуелсіздік тарихындағы айтулы белестің бірі болды.
Сонымен қатар, 2021 жылы жоба ретінде басталған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы Ұлытау облысында да жалғасын табуда.
Жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Алашбаеваның айтуынша, Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған әкімнің сайлауын Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінде өткізу жоспарланған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында үш жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған болатын. Осылайша еліміздің көптеген қалалары мен елдімекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне кірісіп кетті. Жалпы рефернедум арқылы Конституцияға енгізген өзгерістер сайлау жүйесіне де соны серпін әкелгені белгілі. Конституциядағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай¬ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ-рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашуда. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді, - дейді ол.
Оның айтуынша, осы жылдың 13 мен 25 маусым аралығында Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкіміне екі кандидат ұсынылған. Екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің орташа жасы 35 жасты құрайды. Ең жас үміткер 33 жаста, ең үлкені 37 жаста. Кандидаттардың бірі информатика, ал екіншісі мұнай газ ісінің маманы. Атап айтсақ, Кандидаттың бірінің есімі Рауан Файзарахманұлы Мукажанов. 1991 жылы туған ол Жаңаарқа кенті әкімі аппаратының бас маманы. Екінші кандидат 1986 жылы дүниеге келген, Талдыбұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Нұрымхан Қазыкенұлы Тоқбергенов.
- Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандағы ауылдық округ бойынша сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Олар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Жалпы бізде сайлауға өтініш берген кандидаттарға қойылатын талап жоғары. Атап айтсақ, Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптар; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда қойылатын талаптар; Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 25 жастан кіші емес. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қойылатын талаптар: Мемлекеттік қызмет туралы заңда азамат мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын талаптар көзлдеген, Кандидат осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс (Е-R-1 категориясы). Бір адам сол және бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін: Саяси партиялар өз мүшелерінің қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы; дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша бір не екі кандидат ұсынуға құқылы, - дейді Жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Алашбаева.