Атырау облысы сайлауға дайындықты бастап кетті

Oinet.kz 11-06-2024 61

Атырау облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жиі ұйымдастырылып келе жатқан облыстың бірі. Атап айтсақ, 14 сәуірде Махамбет ауданының Алға және Жалғансай, 5 мамырда Қызылқоға ауданының Жангелдин, Миялы және Тасшағыл, 16 маусымда Құрманғазы ауданының Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтерінде ауыл әкімдері сайланды. Ендігі кезекте, 21 шілдеге Махамбет пен Индер аудандарының Махамбет пен Бөдене ауылдық округтерінде сайлау өткізілгелі отыр. 

Screenshot_33.jpg

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағалиевтің айтуынша, ауыл әкімін сайлау оның ел алдындағы жауапкершілігін көтереді әрі халықтың билікке сенімін өсіреді. Қазіргі таңда Атырау облысында кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Бұл саяси науқан облыста ақпан, наурыз, сәуір, мамыр мен маусым айларында өтті, енді шілде айында да жалғасуда. Соның бірі 21 шілдеге Махамбет пен Индер ауданына өткізу көзделіп отыр. 

- Соңғы жылдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Соған орай жоғарыда аталған аудандардағы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары кәсіби тұрақты негізде жұмыс істеуде. Жалпы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдымен комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар. Өйткені, өткен бес жылда сайлау комиссияларының сайлау процесін даярлауға өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің екі сайлауын, Парламенттің екі палатасының (Сенат және Мәжіліс), барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екі сайлауын, республикалық референдумды және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ және аудан әкімдерінің сайлауын заң талаптарына сәйкес өткізуі осының айғағы, - дейді Есенжол Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесі жылсанап жаңарып, оған көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. «Мәселен, 16 маусымда Құрманғазы ауданының Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жоғары денгейде өткізілді. Ондағы сайлау учаскесінің мүшелері сайлау заңына енген өзгерістер мен толықтыруларды жетік менгергендерін сайлау үстінде көрсете білді. Айталық, Кудряшов ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1415 азамат енгізілсе, оның 752-і дауыс берді. Әрбір дауыс берушіні учаскелік комиссия мүшелері тізімдеп, барлық заң талаптарын сақтай отырып, дауыс беруін қадағалады. Дауыс санау барысында 11 бюллетень жарамсыз болса, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 20 сайлаушыны құрады. Екі кандидаттың бірі Бактияр Вахитов 530, ал Ш.Саханов 191 сайлаушы дауысына ие болған. Сайлау қорытындысымен Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының бас инспектор, Amanat партиясы ұсынған Вахитов Бактияр Тлеккабылович сайланды.

Ал Шортанбай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 909 азамат енгізілсе, оның 525-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Мұнда 10 бюллетень жарамсыз болса, 14 адам бәріне қарсы дауыс берген. Кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, М.Гумаров 357, А.Нажетов 83, ал Р.Нұғыманов 61 дауысқа ие болды. Сөйтіп 

Шортанбай ауылдық округінің әкімі болып 1981 жылы туған, Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі Гумаров Мейржан Жумахаевич өз орнын сақтап қалды. Бұл аудандағы сайлау жүйесінің жетіліп, жаңаша өткізілуіне жол ашты», - дейді ол. 

- Қазіргі таңда екі ауылдық округ бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстары жалғасуда. Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкіміне 4 кандидат тіркелді. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Төрт кандидаттың екуі әйел. Оның бірі – 1966 жылы дүниеге келген, Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Балманова Шолпан Калменқызы болса, екіншісі - 1976 жылы туған, Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мергалиева Шырай Тулеугалиқызы.  Ал үшінші кандидаттың есімі Габдуллин Алтынбек Маратұлы. 1981 жылы туған ол Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы. Ал соңғы кандидат Қайыржанов Асылбек Бауыржанұлы Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеуде. Көріп отырғандарыңыздай барлығы да мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеп жүрген мамандар. Олардың ішінен іскер азамат, білікті маманды әкім етіп таңдап алу халықтың өз еркінде. Таңдауды жасайтын да, дауыс беріп қолдайтын да ауылдық округтің тұрғындары, - дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағалиев. 

Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімінен үмітті кандидат үшеу
Жітіқара ауданында бір орынға үш кандидат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу