Бес кандидат әкім болуға үміткер

Oinet.kz 10-06-2024 52

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің сайлауы 14 шілдеге өткізу белгіленген. Жалпы Түркістан облысында шілде айында 3 сайлау өткізу жоспарланған. Үш ауданда өткізілетін сайлауға үш ауылдық округ қатысады. Атап айтсақ, 7 шілдеде Сайрам ауданының Ақсукент, 14 шілдеде Қазығұртта болса, 21 шілдеде Отырар ауданының Маяқұм ауылдық округі қойылған. 

Screenshot_28.jpg

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетовтың айтуынша, кандидаттарды тіркеу, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кеткен. «Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесі жылсанап жаңарып, оған көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү-сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Сонымен қатар, Конституциядағы маңызды өзге¬рістің бірі мәслихаттың құзіретіне бай-ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ-рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашуда. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары», - дейді Р.Бобетов. 

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының азаматы ауылдық округ әкімі болып сайлануы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды.

Ал Саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды. Ауылдық округ әкімдігіне өзін-өзі ұсынған кандидат дауыс беруге құқы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдігіне кандидат ұсынған құжаттар негізінде үш күннің ішінде оның еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтайды. Заңмен әкімдікке кандидаттар үшін сайлау жарнасы қарастырылған. Саяси партия ұсынған кандидат үшін партия қаражатынан, ал басқа кандидат өз қаражаты есебінен аудан әкімі аппаратының шотына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Жалпы әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. 

- Бүгінгі күні аудандағы Сабыр Рақымов ауылдық округіне кандидаттар тіркеліп, олардың есімдері белгілі болды. Жалпы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидат саны бесеу. Оның бірін Amanat партиясы ұсынған болса, төрт кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Amanat партиясы ұсынған кандидаттың есімі – Сайын Ошақбайұлы Ахаев. 1967 жылы туған ол Майбұлақ жалпы білім беретін мектептің директоры. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген Кенжехан Сейтжапарұлы Жадигеров. Екіншісі 1991 жылы дүниеге келген, «Омедин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі Төленді Мұсақұлұлы Ортаев. Үшінші кандидаттың есімі 1976 жылы туған А.Бектаев атындағы орта мектеп директоры Асет Матенұлы Оспанов. Төртінші кандидат, 1986 жылы дүниеге келген Қызылқия ауылдық округі әкімінің орынбасары Рақымжан Бауыржанұлы Сванов. Қазіргі таңда кандидаттар халықпен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстыруда, - дейді Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетов.

Абай облысында 21 шілдеге сайлау белгіленді
Екі ауылдық округ әкіміне 7 кандидат тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу