Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Бұл бір жағынан сайланған әкімнің жауапкершілігіне байланысты. Сондай-ақ, қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосады. Міне, осы міндеттерді орнындауға Қостанай облысының Ұзынкөл мен Федоров ауданындағы ауылдық округтерге жаңа сайланған әкімдері уәде етіп отыр.
23 маусымға қойылған ауылдық округ әкімдерінің сайлауына Ұзынкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Новопокров ауылдық округінің әкіміне ай басында 3 кандидат тіркелген еді. Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 113-5-бабының сәйкес Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Новопокров ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Балмагамбетов Арман Серикұлын тіркеді. 1975 жылы туған ол жеке кәсіпкелікпен айналысады. Ал Боржаков Ербол Бетановичті Amanat партиясы ұсынған. 1965 жылы туған ол бүгінге дейін осы округтің әкімі қызметін атқарған. Келесі кандидаттың есімі Каримов Досан Биллич. Ол Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы. Алдыңғы кандидат сияқты ол да өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған болатын. «Бұл сайлауда Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі Боржаков Ербол Бетановичті жеңіске жетті. Жалпы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 709 сайлаушының дауыс беруге 557-і қатысты. Дауыс санау барысында 4 бюллетень жарамсыз болса, 31 адам барлығына қарсы дауыс беріпті. Ал кандидаттардың арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Таратып айтсақ, Арман Балмагамбетов сайлаушылардың 49, Ербол Боржаков 446, Досан Каримов 27 дауысына ие болған» дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.
Ал Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтері бойынша да үміткерлер анықталып, сайлауға қатысты. Воронеж сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылса, бір кандидат Amanat партиясының Федоров аудандық филиалынан ұсынылды. Ленин сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылса, бір кандидат «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалынан ұсынылған. Новошумное сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды. Оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды және бір кандидат «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалынан ұсынылған болатын.
Бұл округтер бойынша ұсынылған кандидаттарға жеке-жеке тоқталсақ. Воронеж ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі Баймухамбетова Гульмира Сансызбайқызы. Ол Федоров ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған. Екінші кандидат Жұпар Наташа. 1975 жылы туған ол Успенов атындағы орта мектептің директоры. Оның ұсынушысы Amanat партиясы. Үшінші кандидат Нуркина Асель Абдыбековна. 1981 жылы туған ол Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Ленин ауылдық округіне Федоров ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы Муканов Куаныш Асылбекович өзін-өзі ұсынғандардың қатарынан. Ал осы округтің бұрынғы әкімі Сейдахметов Абай Аскаровичты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы ұсынған. Ал Федоров ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Сейткереев Руслан Балгинович те өзін-өзі ұсынғандардан.
Новошумное ауылы бойынша айтсақ, мұндағы кандидаттың бірі «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Федоров ауданының Мансап орталығы филиалының басшысы Куантаев Алексей Дмитриевич. Екінші осы округтің әкімі Лисачёв Сергей Александрович. Оның қолдап отырған «Ақ жол» партиясы. Ал Федоров ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Шашков Александр Георгиевич.
- Көріп отырғандарыңыздай әрбір кандидат әкім болуға лайық. Олардың бәрі де халық үшін қызмет етуге әзір. Дегенмен сайлау қорытындысында халық осы кандидаттардың арасынан өздері сенім артқан үміткерлерді таңдап алды. атап айтсақ, 23 маусымда Воронеж, Ленин, Новошумное сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылының әкімдерін сайлауы өткізіліп, жаңа әкімдер белгілі болды. Мәселен, Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындысын жария етті. Жалпы Воронеж сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 850 азамат енгізілсе, дауыс бергені 533 сайлаушы. Кандидаттар арасында Гульмира Баймухамбетова сайлаушылардың 89, Наташа Жупар 324, Асель Нуркина 110 дауысына ие болды. Сайлау қорытындысында Воронеж ауылдық округінің әкімі болып Жупар Наташа сайланды, 1975 жылы туған ол Федоров ауданы білім бөлімінің Успенов жалпы білім беретін мектебінің басшысы қызметін атқарған. Ол сайлауға Amanat партиясы атынан түскен болатын, - дейді төраға орынбасары.
Ал Ленин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде 756 азамат болса, оның 479-ы дауыс берген. Дауыс санау барысында Қуаныш Муканов сайлаушылардың 88, Абай Сейдахметов 301, Руслан Сейткереев 80 дауысына ие болды. Сонымен округтің бұрынғы әкімі, «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалымен ұсынған Сейдахметов Абай Аскарович өз орнын сақтап қалды.
Новошумное сайлау округі бойынша айтар болса, ондағы сайлаушылар тізіміне енген 636 сайлаушының өз таңдауын жасауға 414-і қатысқан. Дауыс қорытындысы бойынша Алексей Куантаев сайлаушылардың 71, Сергей Лисачёв 289, Александр Шашков 49 дауысына ие болды. Сонымен Новошумное ауылының әкімі болып Лисачёв Сергей Александрович сайланып, өз орнын сақтап қалды. Ол сайлауға «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы атынан түскен болатын.
-Ауылдық округ әкімі сайлауына түскен кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында «Ауыл аманаты» жобасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлуге уәде еткен болатын. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аударатындықтарын айтқан. Бұл екі ауданда өткен ауылдық округі әкімі лауазымына негізінен сайланғандар түрлі партия өкілдері. Сондықтан да олар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді деген сенімдеміз, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.