3 әйел ауылдық округ әкімі болып сайланды

Oinet.kz 09-06-2024 56

Қостанай облысында ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы жалғасуда. 23 маусымда өткен сайлау облыс аудандарында өз мәресіне жетті. Жаңа ауылдық округ әкімдері сайланып, қызметтеріне кірісті. 

Screenshot_25.jpg

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, облыстың Меңдіқара ауданы Михайлов, Бейімбет Майлин ауданы Павлов, Сарыкөл ауданы Веселоподол пен Урожайное ауылдық округтерінде өткен сайлау барысында қызметке жаңа әкімдер келді. 

Оның айтуынша, жоғарыда аталған әрбір аудандық аумақтық сайлау комиссияларында ай басында сайлауға түсетін кандидаттар анықталып, тіркелген. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Михайлов  ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды 3 маусым күні тіркеген болатын. Бұл сайлауда Amanat  партиясы округтің бұрынғы әкімі, 1981 жылы туған Джафарова Марина Сергеевнаны қолдап, сайлауға қатыстыруда. Ал өзін-өзі ұсынғандар қатарында Алешин мен Боровской ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Иванцова Светлана Владимировна мен Селезнева Леся Александровна бар. 

«Меңдіқара ауыл округі сайлауы өз дәрежесінде өттіп, жеңіске Amanat партиясы ұсынған кандидат округ әкімі болып сайланды. Жалпы сайлау барысына тоқталар болсақ, Меңдіқара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармағына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Меңдіқара ауданының Михайлов ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Михайлов сайлау округі бойынша сайлау қорытындысы жарияланды. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1938 азамат енгізілсе, оның 1511-і дауыс берген. Дауыс барысында барлық кандидатқа қарсы 53 азамат дауыс беріпті. Дауыс санау барысында Марина Джафарова сайлаушылардың 1119, Светлана Иванцова 168, Леся Селезнева 171 дауысқа ие болды. Сөйтіп округтің бұрынғы әкімі Джафарова Марина Сергеевна өз орнын сақтап қалды», - дейді Жамиля Самбаева. 

-Биыл да Қостанай облысының аудандарында округ әкімдерінің сайлауы жалғасып отыр. Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге біздің аудандардың халқы немқұрайды қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. кандидаттарды тіркеуден бастап, әкім тағайындалғанға дейінгі шаралар ұйымшылдықпен өткізілді. Ай басында Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Павлов ауылдық округінің әкіміне де 3 кандидат тіркелген болатын.  Оның бірі, Amanat партиясы ұсынған Мирамкүл Темірханқызы Барменова. 1988 жылы туған ол Апанов негізгі орта мектебінің директоры болып еңбек етуде. Екінші кандидаттың есімі Венера Мырқайдарқызы Бермұхамбетова. Ол Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының заң қызметінің басшысы. Үшінші кандидат Айсұлу Амантайқызы Қожахметова Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. Соңғы екі кандидатта өзін-өзі ұсынғандар.  

Ал Сарыкөл ауданындағы Урожайное және Веселоподоль ауылдық округтерінде де үш-үштен кандидат тіркелген. Бірінші ауылдық округ бойынша екі кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, оның бірі 1979 жылы туған, Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Динара Бақытжанқызы Мулдабекова, екіншісі 1967 жылы туған Сарыкөл аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы Райхан Мырзағалиқызы Сманова. Үшінші кандидатты «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынған. Ол Урожайное ауылы әкімі аппаратының бас маманы Айман Нұрланқызы Шонова. Ал екінші ауылдық округ бойынша ұсынылған үш кандидаттың біріншісі Ғалымжан Багитжанұлы Менгельбеков. 1986 жылы туған ол Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. Екіншісі Дмитрий Владимирович Яценко. Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы. Екі кандидат та өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған. Үшінші кандидат Жақсылық Жұмадыұлы Мейірембаев. 1971 жылы туған ол осы округтің әкімі. Оны бұл сайлауға Аmanat партиясы ұсынған болатын, - дейді ол.

Сайлау қорытындысы белгілі. Оның айтуынша, Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінде де Amanat партиясы атынан ұсынылған кандидат жеңіске жетті. Жалпы сайлаушылар тізіміне 546 азамат енгізілген болса, оның 371-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған. Мұнда «Барлығына қарсы» деген жолда 63 сайлаушы белгі қойған. Дауыс санау барысында Мейрамкүл Барменова 217, Венера Бермұхамбетова 43, Айсұлу Қожахметова 45 дауыс жинаған. Сөйтіп Павлов ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, Апанов негізгі орта мектебінің директоры, Amanat партиясының өкілі Барменова Мирамкүл Темірханқызы сайланды. 

024 жылғы 23 маусымда Сарыкөл ауданы Урожайный ауылы, Веселоподол ауылдық округі  әкімдерін сайлау өтті.

- Ал Сарыкөл ауданындағы екі ауылдық округте өткен сайлау қорытындысы бойынша округ әкімдері қызметтеріне кірісті. Сарыкөл аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Сарыкөл ауданы Веселый Подол ауылдық округі мен Урожайный ауылы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын жариялады. Әуелі Веселоподол ауылдық округіне тоқталсақ. Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 496 сайлаушы енгізілсе, оның 412-і өз таңдауларын жасаған. Кандидаттар арасында Жақсылық Мейрембаев 340, Ғалымжан Менгельбеков  20, Дмитрий Яценко 49 дауыс жинаған. Сөйтіп, округтің әкімі Мейрембаев Жаксылык Жумадиевич сайлау қорытындысымен өз орнын сақтап қалды. Енді, Урожайный ауылының әкімін сайлауына тоқталып өтсек. Мұндағы сайлау округі бойынша 218 сайлаушының сайлауға 182-і қатысып,  дауыс берді. Сайлаушылардың сеніміне ие болған Айман Шонова 144 дауысқа ие болды. Ал қарсыластары Райхан Сманова 15, Динара Мулдабекова 23 сайлаушы дауысын жинаған. Сайлау қорытындысында 

Урожайный аулының әкімі болып 1990 жылы туған, Урожайное ауылы әкімі аппаратының бас маманы «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан» ұсынылған Шонова Айман Нурлановна сайланды. Сөйтіп жоғарыда аталған 3 ауданның 4 ауылдық округінде өткен сайлау барысында 3 әйел ауыл округі болып сайланды, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.

Бірі мұғалім, бірі жұмыссыз азамат әкім болды
Партия тарапынан ұсынылған кандидаттар сайлауда жеңіске жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу