Бірі мұғалім, бірі жұмыссыз азамат әкім болды

Oinet.kz 08-06-2024 76

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. 

Screenshot_24.jpg

Мемлекет басшысының осындан-ақ демократиялық қоғам құруға талпынысын анық байқауға болады. Осы орайда Президентіміз демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне елдің назарын аударып отыр. Өткен жексенбі күні, яғни 23 маусымда Қостанай облысының Қостанай ауданы Александров және Заречный ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, бұл ауылдық округтерінің әкімдігіне 8 кандидат тіркелген болатын. Александров ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың саны 5-еу. Соның бірі Абжанов Рахим Сыздықұлы осы округ әкімі апаратының бас маманы болса, Закиров Абылай Болатұлы Айсары ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Ал Кембаев Руслан Ербулатұлы округтің бұрынғы әкімі. Нуртаев Алтынбек Серикұлы информатика пәнінің мұғалімі болса, Утенов Баурджан Уралбекұлы Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженері. Алдыңғы төртеуі өзін-өзі ұсынғандар болса, соңғы кандидатты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған. 

Ал Заречный ауылдық округіне тіркелген кандидаттар үшеу. Оның бірі Мәскеу ауылдық округінің әкімі Кузайбин Нурлан Сергович. Оны Amanat партиясы ұсынса, Кузембаев Рахат Тулегенұлы өзін-өзі ұсынған. Ол Қостанай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы. Ал Тебенбаев Танат Назарбекұлы Қостанай ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқытушы-ұйымдастырушысы. 

- Қостанай ауданының Александров және Заречный ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді.  Александров ауылдық округінің тұрғындары өздерінің жаңа әкімдерін сайлауға таңалакеуімнен кірісті. Жалпы ауыл тұрғындарының саны 1580-нен асады. Сайлау күні ауыл тұрғындары барынша учаскелік сайлау нүктесіне келіп, өз таңдауларын жасауға атсалысты. Сонымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қостанай ауданының Александров және Заречный ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Атап айтсақ, Александров ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізімінде 1580 сайлаушы болса, оның 544-і ғана сайлауға қатысып, дауыс берді. Сайлау нәтижесінде Рахим Абжанов 124, Абылай Закиров 29, ал Алтынбек Нуртаев 361 дауыс жинады. Бір атап өтерлігі сайлау алдында екі кандидат өз есімдерін тізімнен алдырып тастаған болатын. Сонымен Александров ауылдық округінің әкімі болып 1991 жылы туған, Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебінің информатика мұғалімі, өзін-өзі ұсынған Нуртаев Алтынбек Серикович сайланды. Ал Заречный ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8643 сайлаушы енгізілді, олардың 4963 дауыс берді. Мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны 90-ды, ал барлығына қарсы 220 адам дауыс беріпті. Бұл әрине рекордтық жағдай. Дегенмен дауыс санау барысында Нурлан Кузайбин 2880, Рахат Кузембаев 999, Танат Тебенбаев 774 сайлаушы сеніміне ие болған. Сөйтіп Заречный ауылдық округінің әкімі болып 1992 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген Кузайбин Нурлан Сергович сайланды. Оны Amanat партиясы ұсынған болатын. сөйтіп бұл екі округте бірі өзін-өзі ұсынған, екіншісі партия ұсынған кандидаттар жеңіске жетті, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева. 

Қостанай облысында жұмыссыз екі азамат округ әкімі болып сайланды
3 әйел ауылдық округ әкімі болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу