Қостанай облысында жұмыссыз екі азамат округ әкімі болып сайланды

Oinet.kz 08-06-2024 63

23 маусымда өткен ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы жария болды. Соның ішінде біз Қостанай облысының Денисов, Қарабалық, Қарасу мен Қостанай аудандарында өткен сайлау қорытындысына тоқталсақ. Мәселен, 2 маусымда Денисов ауданы Қырым ауылының әкіміне үш кандидат тіркелген болатын. 

Screenshot_23.jpg

Оның үшеуі де өзін-өзі ұсынған үміткерлер. Бірінші кандидат 1992 жылы туған, аталған округ әкімі аппаратында жетекші маманы болып жұмыс істеп келген Атантаев Әділбек Ақылбекұлы болатын. Ал екінші кандидат өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 1968 жылы туған Жақыпов Айтпай Бозбетбайұлы. Үшінші кандидаттың есімі Өтешев Сергей Алексеевич. 1977 жылы туған ол Денисов ауданының мансап орталығы филиалының маманы.  

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттама негізінде сайлау қорытындыларын белгіленді. Атап айтқанда, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 469 азаматтың 329-ы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған. Бюллетеньдерді санау барысында 52 жарамсыз бюллетень анықталса, «Барлығына қарсы» деген жолға 29 азамат белгі қойған. Ал санақ барысында Әділбек Атантаев сайлаушылардың 101, Айтпай Жақыпов 120, Сергей Өтешев 27 дауысына ие болған. Сөйтіп округ әкімі болып Айтпай Жақыпов сайланды.  

- Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы да осы. Осы ретте жыл басынан бері Қостанай облысында төрт-бес сайлау өткізілді. Мәселен, Денисов ауданының Қырым ауылдық округі әкімінің сайлауының екі кандидат арасында тартысты өткенін аңғару қиынға соқпайды. Ал Қарабалық ауданының Победа ауылы әкіміне тіркелген үш кандидат арасында да бәсеке болғанын аңғаруға болады. Бұл округ әкіміне тіркелген үміткердің бірі осы округтің әкімі Сейтқали Мырзагалдіұлы  Айкадамов болатын. Оның кандидатуорасын Amanat партиясы ұсынған. Келесі кандидат 1980 жылы туған, Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерик Кинжеболатұлы Есполов болса, соңғысы 1986 жылы туған, Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсұт Бакытжанұлы Шайхинов. 

Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 234 азамат енгізілсе, оның 182-і дауыс берген. Кандидаттар арасында көп дауысты Сейітқали Айкадамов жинады. Оның жинаған дауысы 126. Ал Ерик Есполов 21, ал Мақсұт Шайхинов 27 сайлаушының дауысына ие болды. Сөйтіп, 1963 жылы туған, округтің бұрынғы әкімі Сейтқали Мырзагалдіұлы өз орнын сақтап қалды, - дейді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Оны жоғарыда аталған ауылдық округте өткен сайлау қорытындысынан көріп отырмыз. 

«Ендігі кезекте Қарасу мен Қостанай аудандарына тоқталсақ. Қарасуда 3, Қостанайда 2 ауылдық округ  әкімнің сайлауы өтті. Қарасу ауданының Жамбыл ауылдық округі бойынша үш кандидат тіркелді. Оның бірі жұмыссыз жүрген Иманбеков Сайлау Рустемұлы болса, екіншісі 1993 жылы туған, Қарасу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар сапасын ішкі бақылау, мониторинг бөлімінің басшысы Мұхамеджанов Сәмір Бейбітұлы. Үшінші кандидат – 1993 жылы туған, Черняев ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Рахымжанов Азамат Базарбекұлы. Бұл үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. 

Сол сияқты Қарасу ауылдық округінде де тіркелген кандидаттар саны үшеу болатын. Мұнда да жұмыссыз жүрген бір кандидат бар. Оны «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ол Бекқұлинов Марат Жомартұлы. Келесі өзін-өзі ұсынғандар 1979 жылы туған, Қарасу ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Қанапин Дулат Ырымұлы мен 1992 жылы туған, Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ауыл шаруашылығы секторының бас маманы Сейтқалиев Қуанышбек Берікұлы. Ал Люблин ауылдық округі бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі - Аққуқаев Сабыржан Аққуқайұлы Қарасу ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, ТЖ, АҚ және АҚ бөлімі басшысының міндетін атқарушысы. Ол өзін-өзі ұсынып отыр. Келесі кандидат 1982 жылы туған Максимов Андрей Николаевич осы округтің әкімі. Оны кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған. Үшінші үміткердің есімі Пучин Егор Сергеевич. 1995 жылы туған ол Ушаков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы», дейді Жамиля Самбаева.

Оның айтуынша, ауданда үш ауылдық округте өткен сайлау қорытындысында халық өз таңдауын жасаған. Атап айтсақ, Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміндегі 703 азаматтың дауыс беруге 504-і қатысып, өз таңдауын жасаған. Бір атап өтердігі мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны 19 болса, «Бәріне қарсымын» жолында 54 азамат белгі қалдырған. Дегенмен халықтың өз таңдау жасауына бұл аса кедергі болмаған. Яғни, дауыс санау барысында Сайлау Иманбеков сайлаушылардың 250, Сәмір Мұхамеджанов 87, ал Азамат Рахымжанов 94 дауысына ие болған. Сөйтіп Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып 1970 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген Иманбеков Сайлау Рустемұлы сайланды. 

Ал Қарасу ауылдық округі әкіміне округтегі 3155 сайлаушының 1881-і қатысқан. Мұнда да жарамсыз бюллетеньдер 20 болса, бәріне қарсы 76 сайлаушы дауыс берген. Сайлау қорытындысында Марат Бекқұлинов 1245, Дулат Қанапин 171, Қуанышбек Сейтқалиев 369 дауысқа ие болған. Сонымен Қарасу ауылдық округінің әкімі болып 1969 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген Бекқұлинов Марат Жомартұлы сайланды. 

Люблин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміндегі 711 азаматтың 503-і дауыс берген. Оның 59-ы барлық сандидатқа дауыс беріпті. Ол округ әкімін таңдауға кедергі болмаған. Дауыс санау барысында Сабыржан Аққуқаев 79, Андрей Максимов 199, Егор Пучин 156 сайлаушының сеніміне ие болған. Сөйтіп, Люблин ауылдық округінің әкімі Максимов Андрей Николаевич өз орнын сақтап қалып отыр. 

- Жоғарыда байқағандарыңыздай 3 ауданның 5  ауылдық округінің әкімдерін сайлау барысында екі партиядан ұсынылған кандидат жеңіске жетті. Оның бірі Amanat парииясынан ұсынылған болса, екіншісін «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. Бір атап өтерлігі ол уақытша жұмыссыз болатын. Жалпы бұл сайлау барысында екі жұмыссыз округ әкімі болып сайланды. Сондай-ақ Amanat парииясынан ұсынылған екі кандидат жеңіске жетті. Өзін-өзі ұсынғандардан да екі кандидат әкім тағына отырды. Жалпы 5 округтің 2 ауылдық округінің әкімдері өздерінің бұрынғы орындарын сақтап қалса, 3-еуі жаңадан сайланды, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.

Қостанай облысы алдағы сайлауға дайындықты бастап кетті
Бірі мұғалім, бірі жұмыссыз азамат әкім болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу