Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Өткен аптада еліміз бойынша өткізілген сайлау барысына қарасақ, бір ғана Қостанай облысының 10 ауданның 16 ауылдық округінде 23 маусым күні сайлау ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілгенін көреміз. Бұл бір облыс үшін көп те болар, бірақ Қостанай облысы өздерінің алдына қойған міндетті толық орындап шықты.
Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, 23 маусымдағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы облыстың Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. .
- Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы облысымызда біріншірет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері төрт-бес сайлауды өткіздік. Бір атап өтерлігі оның барлығына да кемі төрт-бес аудан қатысып отырды. Біз алдымызға қойған міндетті әрбір сайлау өткізген сайын толық орындап, тиісті талаптан шығып отырдық. 2024 жылдың 23 маусымында өткен сайлау облысымыздың Әулиекөл ауданының Новоселов, Денисов ауданының Қырым, Бейімбет Майлин ауданының Павлов, Қарабалық ауданының Победа, Қарасу ауданының Жамбыл, Люблин және Қарасу, Қостанай ауданының Александров және Заречный, Меңдіқара ауданының Михайлов, Сарыкөл ауданының Веселоподол мен Урожайное, Ұзынкөл ауданының Новопакров, Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтерінде өтті. Нәтижесінде 6 ауылдық округтің әкімі өз орнын сақтап қалса, Amanat партиясы ұсынған 4 кандидат, өзге партиялардан ұсынылған 4 жеңіске жетті. Ал өзін-өзі ұсынған 4 кандидан жаңадан сайланды. Оның ішінде 2-еуі жұммыссыз. Ал облыс бойынша сайлауға 14 әйел кандидат ретінде тіркелсе, оның ішінен 4 әйел ауылдық округ әкімі болып сайланды, - дейді ол.
Бұл сайлауды ойдағыдай өткізген Қостанай облысы алдағы уақытта тағы бір аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауына дайындықты бастап кетті. Ендігі кезекте Қостанай облысының Жітіқара мен Қостанай аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған әкімдердің сайлауы Жітіқара ауданының Милютинка мен Приречное, Қостанай ауданының Майкөл мен Мәскеу ауылдық окрутерінде өткізу жоспарланған.
«Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Президентіміздің тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да екі жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. 23 маусымда облысымыздың 10 ауданның 16 ауылдық округінде сайлау өткізіліп, жаңа әкімдер сайланды. Ол округтерде сайлау қорытындысы шығарылып, жаңа әкімдер аудан активтерімен, округ тұрғындарына таныстырылып, қызметке тағайындалды. Ендігі кезекте алдымызда екі ауданда 4 ауылдық округте 21 шілдеге белгіленген ауылдық округ әкімдерінің сайлауын ұйымшылдықпен, оны өткен сайлаудағыдай жауапкершілікпен өткізу міндеті тұр, - дейді төраға орынбасары Жамиля Баянқызы.
Сондай-ақ ол ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезіндегі сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне тоқталды. «Сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін басталады және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол кандидаттарды ұсыну жолдарына да тоқталып өткен болатын. Оның айтуынша, саяси партия мүшелері қатарынан саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Екіншіден сайлауға өз-өзін ұсынушы дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызынан қол жинау арқылы, өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін ел азаматы жасы 25-тен кем емес, әрекетке қабілетті, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы, заңда белгіленген тәртіппен танылған соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау дерегі болмауы тиіс.
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде бір пайызы дауыс беруі тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни сайлау күніне дейін 10 күн бұрын және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат он екіде аяқталады», - деп қосты Жамилия Байанқызы.