Шамалғанда ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

Oinet.kz 07-06-2024 62

23 маусымға белгіленген ауылдық округ әкімінің сайлауы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылдық округінде өтті. Қарасай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлзат Икенбаеваның айтуынша, округтегі сайлаушылар тізіміне енгізілген 18073 сайлаушының 7687-і сайлауға қатысып өз таңдауларын жасаған. 

Screenshot_21.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Содан бергі уақыт аралығында көптеген елді мекенінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Әлі де бұл демократиялық үрдіс өз жалғасын тауып келеді. Атап айтсақ, осы жылдың 18 ақпанында Әйтеке би ауылдық округінде, одан кейін 3 наурызда Шамалған, 2 маусымда Жібек жолы ауылдық округтерінде ауыл әкімінің сайлауы өткізілсе, міне, 23 маусымда Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округінде сайлау өтіп, жаңа әкім сайланды. 2 маусымда Жібек жолы ауылдық округінде өткен сайлауда округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 26257 азаматтың 10653-і дауыс берді. Дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, А.Жүнүсов 1617, Қ.Нұрақынов 7102, ал Т.Сагиев 1850 сайлаушы дауысына ие болды. Сөйтіп, Жібек жолы ауылдық округі әкімі болып Нұрақынов Дидар Құрманжанұлы сайланды. 1992 жылы туылған ол бұған дейін осы округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген еді. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған болатын. Енді, міне Қарасай аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округінің әкімі сайлауы да сәтті өткізіліп, халық өз таңдауын жасады, -  дейді аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары  Гүлзат Тоқабайқызы.

Оның айтуынша, осыдан жиырма күн бұрын округ әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген еді. Оның бірі – Ұмтыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1998 жылы дүниеге келген Берік Бейсембайұлы Төлегеновболса, екінші кандидаттың есімі Сырым Аханұлы Ноғайбаев. 1991 жылы туған ол Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болатын. Бұл екі кандидатта өзін-өзі ұсынғандар. Ал үшінші кандидат, Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бейбітұлы Жолдаспеков. 1993 жылы туған оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған.  

Округтегі сайлау әділ өткенін дауыс бөлінісіне қарап байқауға болады. Атап айтсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 18073 азамат енгізілсе, оның 7687-і өз таңдауын жасап дауыс берді. Бюллетеньдерді санау барысында 15 жарамсыз бюллетень анықталса, «барлығына қарсы» деген жолда 21 сайлаушы белгі қойған. Ал дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Яғни, Amanat партиясы сенім білдірген кандидат Нұрсұлтан Жолдаспеков сайлаушылардың басым 4869 дауысына ие болды. Ал оның қарсыластары Сырым Ноғайбаев 1457, ал Берік Төлегенов 1325 дауыс жинаған. Сонымен Шамалған ауылдық округінің әкімі болып Жолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы сайланды

- Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс¬тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар¬ламенттік оппозиция инсти¬тутын енгізу секілді баста¬малардың өзі бір төбе.

2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Міне Шамалған ауылдық округінде өткен ауыл әкімінің сайлауында біз еліміздегі демократиялық үрдістің қалыптасып, халықтың өзі халаған әкімін қажетінше дауыс беру арқылы таңдай алатынына тағы көз жеткіздік. Ауданда биыл төртінші рет өткізіліп отырған ауылдық округ әкімінің сайлауы халықтың ойынан, көңілінен шықты деп есептеймін, - дейді Қарасай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлзат Икенбаева. 

Түркістан облысында шілде айына тағы екі сайлау қойылды
Қостанай облысы алдағы сайлауға дайындықты бастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу