Ақтөбе облысында 7 шілдеде сайлауға түсетін кандидаттар тізімі нақтыланды

Oinet.kz 04-06-2024 67

Ақтөбе облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлау науханы жалғасуда. Енді 7 шілдеге облыста бес ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, Ақтөбе облысының Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар аудандарының Аршалы, Бегалы, Аққұдық және Байнассай, Жаңақоныс ауылдық округітері мен Қандыағаш қаласында сайлау өтеді. 

Screenshot_12.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетованың айтуынша, 2 маусымнан кейінгі өткізілгелі тұрған сайлау осы 7 шілдеге белгіленген ауылдық округ әкімдерінің сайлауы екен. «Қазіргі таңда сайлау учаскелерінде кандидаттарды тіркеу жұмыстары аяқталды. Енді кандидаттар сайлау күніне дейін үгіт-насихат жұмысын жүргізе алады. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімі, сайлау учаскесі бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Өткен сайлауда осы аудандардың ішіндегі үш ауданда сайлау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілген болатын. Сайлаушылар тізімін нақтылау, сайлау учаскесін дайындау, мұның барлығы сайлау алдындағы дайындықты пысықтау үшін керек. Ал ауылдық округтер бойынша тіркелген кандидаттардың есімдері белгілі. Олар туралы ақпарат баспасөз беттерінде жарияланған болатын», - дейді ол.

Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округі әкіміне үш кандидат тіркелген. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Айталық, олардың арасында округтің әкімі Мейрамбек Жанысұлы Мысаевта бар. Ал осы лауазымнан үмітті келесі кандидат 1988 жылы дүниеге келген, Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Айбек Бауыржанұлы болса, келесі үміткер 1994 жылы дүниеге келген, Қарғалы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы

Сақабаев Шахнияз Шахмарданұлы. 

- Келесі аудандарға қарайтын болсақ, кандидаттар саны 4 үміткерден түзілген. Яғни, ай санап тұрғындар арасында сайлаудың әділ өтетініне деген сенімнің арта түскенін аңғару қиын емес. Сондықтан да ауылдық округ қызыметіне өзін лайық санайтын азаматтардың көбейгені де жақсы. Халықтың нағыз мықтыны таңдауына мүмкіндік туады. Бәсеке бар жерде жұмыс жандана түсетіні белгілі. Әкім орынтағына отырған азаматта өз беделін көтеру үшін жан салып аянбай қызмет етеді деген сенімдемін. Ал округтердің бірі Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі бойынша 4 кандидат тіркелді. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Екеуі мемлекеттік қызметкер болса, екеуі мұғалім. Атап айтсақ, оның бірі 1991 жылы туған Жарық  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айдос Әсемғалиұлы Алдрабаев. Екінші үміткер Нұрбақыт Құсайынұлы Барбосынов. Ол 1978 жылы дүниеге келген, Қобда ауданы әкімі  аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы. Келесі кандидаттың есімі Нұрлыбек Сапарұлы Қанатбаев. 1975 жылы дүниеге келген ол Калиновка орта мектебінің мұғалімі болса, соңғы кандидат Мәлік Ерсайынұлы Төлепбергеновта мұғалім. Калиновка атындағы орта мектепте жұмыс істейді, - дейді Ақмарал Нұрмағамбетова.  

Оның айтуынша Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округіне тіркелген кандидаттардың саны үшеу. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар және барлығы да мемлекеттік қызметкер. Мәселен, оның бірі Ержан Жаңғабайұлы Алдангоров Құрмансай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болса, Зарина Елемесқызы Алманиязова Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы. Ал  Әлібек Нұрлыбекұлы Бақбергенов Мәртөк ауылдық округі әкімінің орынбасары. Ал Байнассай ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелсе, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар, біреуі әйел. Ол Күләш Зайналгобиқызы Ағайдарова. Бұған дейін ол осы округ әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. Келесі кандидат Рүстембек Алпамысұлы Дүзбаев Мәртөк аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы болса, Арслан Сұлтанғалиұлы Қарашев Қызылжар ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген. 

Ал Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қандыағаш қаласы әкіміне үмітті 4 кандидатты тіркеген. Кандидаттардың бірін Amanat партиясы ұсынса, үшеуі өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттардың бірі әйел. Ол өзін-өзі ұсынған Венера Берикқызы Тулегенова. 1986 жылы дүниеге келген ол Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидаттың есімі Қазбек Тулеуханұлы Аққайыр. 1986 жылы туған ол Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас инспектор. Келесі кандидаттың бірі 1988 жылы туған «Эверест РК»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор Данияр Каденұлы Черниязов болса, екіншісі 1980 жылы дүниеге келген, Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Биржан Сагидоллиұлы Шамгалиев. Мұнда да сайлаудың тартысты болар түрі бар. 

«Ауданда ауылдық округі әкімі лауазымына бастапқыда 6 кандидат тіркелген еді. Сөйтіп облыста кандидат санымен алдыға шыққан бірінші аудан болды. Бірақ сайлау күні жақындаған сайын кандидат саны екі адамға қысқарды. Өзін-өзі ұсынған екі азамат кандидаттар қатарынан өзін алуды сұрап өтініш түсірді. Олардың өтініші қанағаттандырылып, кандидат саны 4 болды. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі уақытша жұмыссыз жүрген Мұрат Сағынтайұлы Әленов та сайлаудан өз бағын сынап көрмек. 

Келесі кандидат аталған округ әкімі апаратының бас маманы Убниязов Муратбек Койлыбаевич. Көрші округтен Боранбай Серік Алдоңғарұлы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Убайтжанов Дархан Елмуратович тіркелген. Барлық кандидаттар жоғары білімді. Мемлекеттік қызметте тәжірибелері бар. Алдағы сайлауда халық өз таңдауын жасап, әкім болуға лайықты азаматтарды таңдайды деген сенімдеміз», - дейді  облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.

Абай облысында 30 маусымға белгіленген сайлау кандидаттары тіркелді
Сайлау – елді біріктіретін, бірлікті арттыратын жүйе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу