Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Биыл Қостанай облысында демократиялық үрдістің қисынды жалғасы ретінде ауыл әкімдерінің сайлауы жыл басынан қайта басталып кеткен еді. Сонымен ел азаматтарының мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыруды мақсат еткен сайлау 23 маусым күні Қостанай облысының 10 ауданындағы 16 ауылдық округінде өткізілгелі отыр.
- Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Бұл бір жағынан сайланған әкімнің жауапкершілігіне байланысты. Сондай-ақ, қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосады. Ауылдық округ әкімі «Ауыл аманаты» жобасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлуге тиіс. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аударуға міндетті. Міне, осы міндеттерден Ұзынкөл мен Федоров ауданындағы ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлер жүзеге асыруға ниетті екенін олардың сайлау алды бағдарламаларымен танысу барысында көзіміз жете түсті, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда барлық ауылдық округте кандидаттар тіркелген. Үгіт насихат жұмыстары аяқталып келеді. Мәселен, Ұзынкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Новопокров ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 113-5-бабының сәйкес Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Новопокров ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Балмагамбетов Арман Серикұлын тіркеді. 1975 жылы туған ол жеке кәсіпкелікпен айналысады. Ал Боржаков Ербол Бетановичті Amanat партиясы ұсынған. 1965 жылы туған ол бүгінге дейін осы округтің әкімі қызметін атқарған. Келесі кандидаттың есімі Каримов Досан Биллич. Ол Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы. Алдыңғы кандидат сияқты ол да өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтері бойынша да үміткерлер анықталды. Воронеж сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылса, бір кандидат Amanat партиясының Федоров аудандық филиалынан ұсынылды. Ленин сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылса, бір кандидат «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалынан ұсынылған. Новошумное сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды. Оның ішінде екі кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды және бір кандидат «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалынан ұсынылған.
«Бұл округтер бойынша ұсынылған кандидаттарға жеке-жеке тоқталсақ. Воронеж ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі Баймухамбетова Гульмира Сансызбайқызы. Ол Федоров ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған. Екінші кандидат Жұпар Наташа. 1975 жылы туған ол Успенов атындағы орта мектептің директоры. Оның ұсынушысы Amanat партиясы. Үшінші кандидат Нуркина Асель Абдыбековна. 1981 жылы туған ол Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Ленин ауылдық округіне Федоров ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы Муканов Куаныш Асылбекович өзін-өзі ұсынғандардың қатарынан. Ал осы округтің бұрынғы әкімі Сейдахметов Абай Аскаровичты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы ұсынған. Ал Федоров ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Сейткереев Руслан Балгинович те өзін-өзі ұсынғандардан. Новошумное ауылы бойынша айтсақ, мұндағы кандидаттың бірі «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Федоров ауданының Мансап орталығы филиалының басшысы Куантаев Алексей Дмитриевич. Екінші осы округтің әкімі Лисачёв Сергей Александрович. Оның қолдап отырған «Ақ жол» партиясы. Ал Федоров ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Шашков Александр Георгиевич. Көріп отырғандарыңыздай әрбір кандидат әкім болуға лайық. Олардың бәрі де халық үшін қызмет етуге әзір, - дейді төраға орынбасары.
- Қостанай облыстық сайлау комиссиясының және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілді. Алдымен комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар. Өйткені, өткен бес жылда сайлау комиссияларының сайлау процесін даярлауға өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің екі сайлауын, Парламенттің екі палатасының (Сенат және Мәжіліс), барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екі сайлауын, Республикалық референдумды және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ және аудан әкімдерінің сайлауын заң талаптарына сәйкес өткізуі осының айғағы. Ендігі кезекте Қостанай облысында 23 маусымға белгіленген 10 аудандағы 16 ауылдық округтегі округ әкімдерінің сайлауын да сайлау учаскелері талапқа сай өткізеді деген сенім мол, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.