Қостанайда сайлауға түсетін кандидаттардың есімі белгілі

Oinet.kz 03-06-2024 80

Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы да осы. Осы ретте жыл басынан бері Қостанай облысында төрт-бес сайлау өткізілді. Соңғысы 19 мамырда өткізілсе, 23 маусым мен 21 шілдеге екі сайлау қойылып отыр. 

Screenshot_8.jpg

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, облыстық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған әкім сайлауын облыстың Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарында өткізу жоспарланған. 

- Президентіміздің тапсырмасымен саяси реформа аясында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Енді осы аптаның жексенбісінде облысымыздың Әулиекөл ауданының Новоселов, Денисов ауданының Қырым, Бейімбет Майлин ауданының Павлов, Қарабалық ауданының Победа, Қарасу ауданының Жамбыл, Люблин және Қарасу, Қостанай ауданының Александров және Заречный, Меңдіқара ауданының Михайлов, Сарыкөл ауданының Веселоподол мен Урожайное, Ұзынкөл ауданының Новопакров,  Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтерінде сайлау өтеді. Сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жексенбі күні округ әкімдерін халық өзідері таңдап, өздері сайлайтын болады, - дейді  Жамиля Самбаева. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жоғарыда аталған аудандардағы ауылдық округтеріне кандидаттар тіркелген. Мәселен, Денисов ауданы Қырым ауылының әкіміне үш кандидат тіркелген. Атап айтсақ, үш үміткер де өзін-өзі ұсынғандар. Бірінші кандидат - Атантаев Әділбек Ақылбекұлы. 1992 жылы туған ол осы округ әкімі аппаратында жетекші маманы болып жұмыс істейді. Екінші кандидат өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 1968 жылы туған Жақыпов Айтпай Бозбетбайұлы. Соңғы кандидаттың есімі Утешев Сергей Алексеевич. 1977 жылы туған ол Денисов ауданының мансап орталығы филиалының маманы.  

Ал Қарабалық ауданының Победа ауылы әкіміне де үш кандидат тіркелген. Оның бірі осы округтің әкімі Сейткали Мырзагалдіұлы  Айкадамов. Оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынып отыр. Келесі кандидат 1980 жылы туған, Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерик Кинжеболатұлы Есполов болса, соңғысы 1986 жылы туған, Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Максут Бакытжанұлы Шайхинов. 

- Қарасу мен Қостанай аудандары туралы айтар болсақ, Қарасудан 3, Қостанайдан 2 ауылдық округте әкім сайлауы өткізіледі. Мәселен, Қарасу ауданының Жамбыл ауылдық округі бойынша үш кандидат белгілі болды. Оның бірі жүмыссыз жүрген Иманбеков Сайлау Рустемұлы болса, екіншісі 1993 жылы туған, Қарасу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар сапасын ішкі бақылау, мониторинг бөлімінің басшысы Мұхамеджанов Сәмір Бейбітұлы. Үшінші кандидатымыз 1993 жылы туған, Черняев ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Рахымжанов Азамат Базарбекұлы. Бұл үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Сол сияқты Қарасу ауылдық округінде де тіркелген кандидаттар саны үшеу. Мұнда да жұмыссыз жүрген бір кандидат бар. Оны Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынып отырған Бекқұлинов Марат Жомартұлы. Келесі өзін-өзі ұсынғандар 1979 жылы туған, Қарасу ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Қанапин Дулат Ырымұлы мен 1992 жылы туған, Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ауыл шаруашылығы секторының бас маманы Сейтқалиев Қуанышбек Берікұлы. Ал Люблин ауылдық округі бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі - Аққуқаев Сабыржан Аққуқайұлы Қарасу ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, ТЖ, АҚ және АҚ бөлімі басшысының міндетін атқарушысы. Ол өзін-өзі ұсынып отыр. Келесі кандидат 1982 жылы туған Максимов Андрей Николаевич осы округтің әкімі. Оны кандидатурасын Amanat партиясы қолдап тұрса, соңғы үміткердің есімі Пучин Егор Сергеевич. 1995 жылы туған ол Ушаков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Барлығы да жоғары білімді, өз ісінің білікті мамандары, - дейді Жамиля Самбаева.

Ал Қостанай ауданы Александров және Заречный ауылдық округтерінің әкімдігіне 6 кандидат тіркелген. Александров ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың саны 5-еу. Соның бірі Абжанов Рахим Сыздыкұлы осы округ әкімі апаратының бас маманы болса, Закиров Абылай Болатұлы Айсары ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Ал Кембаев Руслан Ербулатұлы округтің бұрынғы әкімі. Нуртаев Алтынбек Серикұлы информатика пәнінің мұғалімі болса, Утенов Баурджан Уралбекұлы Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженері. Алдыңғы төртеуі өзін-өзі ұсынғандар болса, соңғы кандидатты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған. 

Заречный ауылдық округіне тіркелген кандидаттар үшеу. Оның бірі Мәскеу ауылдық округінің әкімі Кузайбин Нурлан Сергович. Оны Amanat партиясы ұсынса, Кузембаев Рахат Тулегенұлы өзін-өзі ұсынған. Ол Қостанай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы. Ал Тебенбаев Танат Назарбекұлы Қостанай ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқытушы-ұйымдастырушысы. 

- Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандардағы ауылдық округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Олар үгіт-насихат жұмыстарын аяқтап қалды. Жалпы бізде сайлауға өтініш берген кандидаттарға қойылатын талап жоғары. Атап айтсақ, Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптар; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда қойылатын талаптар; Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 25 жастан кіші емес. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қойылатын талаптар: Мемлекеттік қызмет туралы заңда азамат мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын талаптар көзлдеген, Кандидат осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс (Е-R-1 категориясы). Бір адам сол және бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.

Оның айтуынша, Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін: Саяси партиялар өз мүшелерінің қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы; дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде  1 пайызының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен.  Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша бір не екі кандидат ұсынуға құқылы.

Павлодар облысы бойынша ауыл әкімдерінің есімдері белгілі болды
Әрбір кандидат әкім болуға лайық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу