Павлодар облысы бойынша ауыл әкімдерінің есімдері белгілі болды

Oinet.kz 03-06-2024 61

Павлодар блысында ауылдық округ әкімдерінің сайлаулары жалғасуда. Мәселен, кешегі аптада, дәлірек айтсақ, облысымызда 16 маусымға белгіленген аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің сайлауы өңірдің Ақсу қаласының Қанаш Қамзин, Ертіс ауданының Ағашорын және Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округтерінде өтті. 

Screenshot_7.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Президентіміздің тапсырмасымен саяси реформа аясында үш жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да екі жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. 16 маусымда облысымыздың 3 ауданның 3 ауылдық округінде сайлау өткізіліп, жаңа әкімдер сайланды. Ол сайлауға облысымыздың Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінде, ал Ертіс пен Успен аудандарындағы Ағашорын және Қозыкеткен ауылдық округтері қатысты. Сайлау қорытындысы шығарылып, жаңа әкімдер аудан активтерімен, округ тұрғындарына таныстырылып, қызметке тағайындалды. Ал өткен сайлаудың қорытындысына тоқталар болсақ, сайлаудың әділ, тартысты өткенін көреміз, - дейді Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцова.

Оның айтуынша, Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімі лауазымына 24 мамырда үш кандидат тіркелген. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, Amanat партиясы Ұзынсу орта мектебінің директоры Луиза Шамилқызы Хазаеваның кандидатын осы қызметке лайық көрген. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі Байзақов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қайнар Мұхамеджанұлы Ахметов болса, екіншісі Ертіс аудандық экономикалық сектордың бас маманы Дулат Балқыбайұлы Тюлегенов. «2024 жылғы 16 маусымда өткен Ағашорын ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы жарияланды. Ондағы сайлаушылар тізіміне 693 азамат енгізілсе, оның 376-ы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаса, 10 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыстарын берді. 3 кандидат арасындағы дауыс бөлісі, атап айтсақ, Ахметов Кайнар Мухаметжанұлы сайлаушылардың 37, Тюлегенов Дулат Балыкбайұлы 20, Хазаева Луиза Шамилқызы 278 дауысына ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 19-ды құрады. Сайлау қорытындысы бойынша Ағашорын ауылдық округінің әкімі болып 1984 жылы туған, Ұзынсу орта мектебінің директоры, Amanat партиясының сенім білдірген өкілі Хазаева Луиза Шамилқызы сайланды» дейді төраға орынбасары.  

- Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде 21 мамыр күні үш кандидат тіркелген болатын. Оның біреуі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Олар сайлауалды үгіт-насихаттарын жүргізді. Сонымен 16 маусымда округ тұрғындары өз әкімдерін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Таңғы жетіде басталған сайлау кешкі сегізге дейін жалғасты. Түске дейін негізгі сайлаушылар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап кетті. Жалпы Қозыкеткен ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне 646 азамат енгізілсе, дауыс беруге оның 354-і келді. Үй жағдайында 22 сайлаушы таңдау жасады. Сайлау қорытындысында Әділ Назымбекұлы Құрманбаев сайлаушылардың 232, Еркебұлан Бағдатұлы Мәдениетов 41, ал Арман Дүйсенұлы Таймасов 32 дауысына ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 39. Сонымен сайлау қорытындысы бойынша Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі болып 1984 жылы туған, округтің бұрынғы әкімі Құрманбаев Әділ Назымбекұлы қайта сайланды. Біз ондағы сайлаудың әділ де ұйымшылдықпен өткізілгенінің куәсі болдық, - дейді Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцова.

Атырау облысында өткен сайлауда әкімдер өз орнын сақтап қалды
Қостанайда сайлауға түсетін кандидаттардың есімі белгілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу