Атырау облысында өткен сайлауда әкімдер өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 02-06-2024 64

Ауыл әкімін сайлау оның ел алдындағы жауапкершілігін көтереді әрі халықтың билікке сенімін өсіреді. Қазіргі таңда Атырау облысында кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Бұл саяси науқан облыста ақпан, наурыз, сәуір мен мамыр айларында өтті, енді маусым айында да жалғасуда. Соның бірі 16 маусым күні Құрманғазы ауданының Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтерінде өткізілген болатын. 

Screenshot_6.jpg

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әуез Ізжановтың айтуынша, аудандағы екі ауылдық округте өткен сайлау сайлау талаптарына сай өткізіліп, кандидаттар анықталған. Өткен сайлауларда саяси партиялардан ұсынылып жатқан, сондай-ақ өзін-өзі ұсынып жатқан кандидаттар бар. «Өткен сайлау барысында заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Ауыл әкімін сайлау оның ел алдында жауапкершілігін көтереді әрі халықтың билікке сенімін өсіреді. Енді оның дербес бюджетіне аз-кем тоқталсақ. 2020 жылдан барлық ауылға қатысты «4-деңгейлі бюджет» деп айдарланған реформа жүзеге асып келеді. Бұл тетік ауыл басшыларына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Қазақша айтқанда ауыл әкімі қашанғы аудан, я қалаға алақан жайып қарап отырады? Өз шаруасын өзі неге шешпеске? 4-ші деңгейлі бюджет осы мәселелерге жауап болуы тиіс. Ауылішілік жолдарды өздеріңіз білесіздер күтіп ұстауға, техникаларды күтіп ұстауға, көгалдандыру, аулаларды абаттандыру жұмысы сияқты ірілі, ұсақ, орта деңгейдегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», дейді төраға орынбасары. 

- 2021 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл¬гіде сайлаушылардың мү䬬¬десі ұлттық және өңірлік дең¬гей¬де толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мә¬жілістің депу¬таттық корпусының 70 пайы¬зы пропорционалдық, 30 пайызы мажо¬ритарлық тәсілмен жа¬сақ¬талды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң-намаға өзгертулер енгізілді. Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар-ды. Халық референдумды қолдады. Жер¬гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлады. Екі округ бойынша бір мыңнан аса сайлаушы дауыс беруді, - дейді Құрманғазы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуез Сәдуұлы.

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы, 113 – 10 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтежелері белгіленді. Кудряшов ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1415 азамат енгізілсе, оның 752-і дауыс берді. Сөйтіп өз таңдауларын жасады. Дауыс санау барысында 11 бюллетень жарамсыз болса, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 20 сайлаушыны құрады. Екі кандидаттың бірі Бактияр Вахитов 530, ал Ш.Саханов 191 сайлаушы дауысына ие болған. Сайлау қорытындысымен Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының бас инспектор, Amanat партиясы ұсынған Вахитов Бактияр Тлеккабылович сайланды.

Ал Шортанбай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 909 азамат енгізілсе, оның 525-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Мұнда 10 бюллетень жарамсыз болса, 14 адам бәріне қарсы дауыс берген. Кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, М.Гумаров 357, А.Нажетов 83, ал Р.Нұғыманов 61 дауысқа ие болды. Сөйтіп 

Шортанбай ауылдық округінің әкімі болып 1981 жылы туған, Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі Гумаров Мейржан Жумахаевич өз орнын сақтап қалды. 

Ендігі кезекте Атырау облысында осы жылдың 21 шілдесінде екі ауданда екі ауылдық округте сайлау өткізу жоспарланған. 

Түркістан облысында Amanat партиясы ұсынған кандидаттар әкім болып сайланды
Павлодар облысы бойынша ауыл әкімдерінің есімдері белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу