Түркістан облысында Amanat партиясы ұсынған кандидаттар әкім болып сайланды

Oinet.kz 02-06-2024 88

Түркістан облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы 16 маусымға белгіленген еді. Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің айтуынша, 16 маусым күні Кентау қаласының Байылдыр, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы, Ақжар және Құркелес ауылдық округтері мен Түлкібас ауданының Жаскешу ауылдық округінде сайлау талапқа сай өткізілді. 

Screenshot_4.jpg

- Кентау қаласының Байылдыр ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды. Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 878 азамат енгізілсе, оның 596-ы дауыс берген. Мұндағы жалпы үміткерлер саны екеу. 

Екі үміткердің бірі Бекзат Алибайұлы Бимухамбетов 525, екіншісі Асылбек Қайратұлы Оралбек 70 дауысқа ие болды. Сайлау қорытындысы бойынша Байылдыр ауылының әкімі болып 1979  жылы туған, Кентау қаласының тұрғыны Бекзат Алибайұлы сайланды, - дейді төраға орынбасары 

Ал Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы, Ақжар және Құркелес ауылдық округтерінің әкім лауазымдарына 27 мамырда кандидаттар тіркелген болатын. Сарағаш қаласы бойынша айтар болсақ, қала әкіміне үміткер ретінде 4 кандидат ұсынылды. 3 кандидат өзін-өзі ұсынса, 1 кандидатты Amanat партиясы атынан додаға түсті. Атап айтсақ, Amanat партиясы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Айыпхан Батырұлы Ешанқұлды ұсынған еді. Өзін-өзі ұсынғандардың қатарында Дербісек ауылдық округі әкімінің орынбасары Аблихат Абдикаримұлы Абдисаматов, Қапланбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ермахан Сейітназарұлы Жиенбаев пен Келес ауданының Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Халық Танатарұлы Жаутугаев бар. 

Құркелес ауылдық округі әкімі лауазымына да 4 үміткер кандидат ретінде тіркелген.  Amanat партиясы Сарыағаш аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Мейіржан Сүйіндікұлы Тұрсынқұловты ұсынса, Тегісшіл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сүйіндік Әбдіманапұлы Төлемісім, Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжапарұлы Туғанбай, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы Қанатбек Сапарбекұлы Канаев өзін-өзі ұсынғандар. Ал Акжар ауылдық округі әкімі лауазымына да ұсынылған кандидаттар төртеу. Олардің ішінде Amanat партиясы аталған ауылдық округі әкімі аппаратының іс-басқарушысы Серік Мухтиярұлы Сапаевты ұсынған. Ал Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Сламбек Сманалыұлы Ишанов, Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі-терроризмге қарсы комиссия хатшысы Ерікжан Жақсыбайұлы Мусаев пен Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі директорының орынбасары Жалғасбек Илесбекұлы Жанаев өзін-өзі ұсынғандар. 

- Жоғарыда біз Сарыағаш ауданы бойынша ауылдық округ әкімдігіне үміткер ретінде тіркелген кандидаттар туралы айттық. Енді 16 маусым күні өткен сайлау барысына тоқталсақ. Мәселен, Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылар тізіміне 34579 азамат енгізілген болса, оның 4242 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. Сайлауға 3 кандидат түсті. Төрт кандидаттың бірі сайлау қарсаңында өз есімін бюллетеньнен алдыртты. Дауыс берушілердің 30-ы үй-жайдан тыс жерде дауыс берді. Дауыс санау барысында АбдиахатАбдикаримұлы Абдисаматовтың 352, Жаутургаев Халық Танатарұлының 1711, ал Ешанқұл Айыпхан Батырұлының 2022 дауыс жинағаны белгілі болды. Кандидаттардың «Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньге 18 сайлаушы белгі соққан. Сайлау қорытындысы бойынша Сарыағаш қаласы әкімі болып 1972 жылы туған, Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Amanat партиясы сенім білдірген Ешанқұл Айыпхан Батырұлы сайланды, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.

Оның айтуынша, келесі ауылдық округтерде де сайлау заң талаптарына сәйкес өткізілген. атап айтсақ, Ақжар ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4358 азам болса, дауыс беруге 2359 адам қатысса, оның 52-і үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер. Мұнда да сайлау бюллетеніне енген кандидат саны үшеу. Дауыс санау барысында Жанаев Жалғасбек Илесбекұлы 9, Мусаев Ерикжан Жаксыбайұлы 1176, ал Спатаев Серік Мухтиярұлы 1296 дауыс жинаған. Сайлау қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімі болып 1995 жылы туылған, осы округ әкімі аппаратының бас маман, Amanat партиясы ұсынған Спатаев Серік Мухтиярұлы сайланды. Ал Құркелес ауылдық округі бойынша өткен сайлау қорытындысы да белгілі. Мұндағы сайлаушылар тізіміне 17344 азамат енгізілген болса, сайлауға 4390 адам қатысып, өз таңдауларын жасады. Оның 102-і үй-жайдан тыс жерде дауыс берген. Кандидат саны үшеу. Сайлау қорытындысында кандидаттар, яғни, Канаев Канатбек Сапарбекұлы 2065, Төлеміс Сүйіндік Әбдіманапұлы 38, Турсункулов Мейржан Суиндикович 2117 дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны 75-ті құрады. Сайлау қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімі болып 1990 жылы туылған, «Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы, Amanat париясының ұсынған кандидаты Турсункулов Мейржан Суиндикұлы сайланды.

Ал Жаскешу ауылдық округ әкімі сайлауына 3616 сайлаушының 1815-і қатысып өз таңдауын жасады. Онда да Amanat партиясынан ұсынылған Байысбаев Аскар Алибекович 1572 дауыспен Жаскешу ауылдық округі әкімі болып сайланды.

- Түркістан облысының үш ауданында өткен сайлау өз мәресіне жетті. Сайлау барысында барлық сайлау талаптары толық сақталды. Барлық ауылдық округі әкімі лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидаттар келді. Енді алдымызда тағы сайлаулар күтіп тұр. Атап айтсақ 7 шілде, 14 шілде мен 21 шілде күндері облыстың үш ауданындағы үш ауылдық округте әкім сайлауы өткізіледі. Қазіргі таңда барлық дайындық жұмыстары басталып кетті. Ол сайлаулардың да сайлау талабына сай өткізілетініне сеніміміз мол, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.   

Үш ауданда үш әкім сайланды
Атырау облысында өткен сайлауда әкімдер өз орнын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу