Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 16 маусымда Ақмола облысының Жарқайың ауданының Жанадала, Зеренді ауданының Чаглинка, Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округтерінде өткізілді.
Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шаралары жалғасуда. Мәселен, 16 маусымға еліміздің төрт-бес өңірінде сайлау қойылған болатын. Соның бірі – Ақмола облысы. 16 маусымға белгіленген сайлау Ақмола облысының Біржан сал, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандарында жауапкершілікпен өткізілді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында үш жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі енгізілген болатын. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да үш жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. Соның ішінде 16 маусым күні өткен Жарқайың ауданының Жанадала, Зеренді ауданының Чаглинка, Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округтері де бар. Мәселен, 24 мамырда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Рамазанова комиссия отырысында Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады. Ол өз хабарламасында 2024 жылғы 24 мамырда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады. Ол кандидаттың әрқайсысымен жеке-жеке таныстырды. Тіркелген кандидаттың бірі осы округ әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Мамедов Рустам Тамразович. Екіншісі Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы Мұқашев Ербол Сәкенұлы. Бұл екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Ал үшінші кандидат 1971 жылы туған Сағынбаев Қанат Көбегенұлы. Бұл азаматты Amanat партиясы ұсынған еді. Сол жиында кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, оның аяқталу мерзімі туралы толық ақпарат берілді, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.
Сонымен қатар Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу барысында да осындай комиссия отырысы өтіп, кандидаттар таныстырылған болатын. Мұнда да ауылдық округіне ұсынылған үш кандидаттың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Оның біреуі жұмыссыз, 1975 жылы туған Махамбетов Аслан Төлегенұлы. Ал 1988 жылы туған Ещанова Ризагүл Гапесқызы Бұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болса, 1991 жылы туған Қалиева Әсел Болатқызы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Ал Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округтеріне тіркелген кандидаттар саны төртеу. Оның бірі осы округтің бұрынғы әкімі Зейнулла Кенесұлы Айтимбетов. Келесі үміткер «Батыс» орманшылығының орманшысы Мекебай Тұрғанұлы Жилкибаев. Үшінші үміткер Софиевка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асель Маратқызы Кинтонова болса, төртінші кандидаттың есімі Самат Талғатұлы Тлеужан. Ол Қабанбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
- Міне, осы үш аудандағы үш ауылдық округте өткен сайлау қорытындысы да белгілі болды. «Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округінің әкімін сайлауына алдымен тоқталып өтсем. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын жариялады. Яғни, Жаңадала ауылдық округінің әкімінің сайлауына сайлаушылар тізіміне енген 629 азаматтың 350-і қатысты. Әр кандидат үшін берілген дауыс төмендегідей болды. Атап айтсақ, Рүстем Мамедовке 146, Ербол Мұқашевқа 12, Қанат Сағынбаевқа 173 дауысты жинады. Сонымен Жаңадала ауылдық округінің әкімі болып 1971 жылы туған, ішкі істер саласының зейнеткері, Amanat партиясы ұсынған Қанат Көбегенұлы Сағынбаев сайланды. Ал Зеренді аудандық сайлау комиссиясысының қорытындысымен Шағалалы ауылдық округінің әкімі етіп Аслан Төлегенұлы Махамбетовты тіркеді» дейді Николай Афанасьевич.
Ал Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша өткен сайлау нәтижесі де белгілі болды. Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1990 азаматтың 533-і дауыс берген. Сонымен кандидаттар арасында Зейнулла Айтимбетов 371, Мекебай Жилкибаев 123, ал Асель Кинтонова 2 сайлаушының дауысына ие болды. Сөйтіп, 1981 жылы туған, Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округінің әкімі Зейнулла Кенесович Айтимбетов өз орнын сақтап қалды.
- Алдымызда енді тағы бір сайлау күтіп тұр. Яғни, Ақмола облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің келесі сайлауын облысымыздың Ақкөл, Ерейментау, Жақсы, Сандықтау, Целиноград аудандарында 2024 жылдың 21 шілдесінде өткізу жоспарланған. Атап айтар болсақ, бір айдан кейін облыстың бес ауданындағы 6 ауылдық округте сайлау өткізіледі. Ол округтердің қатарында, Ақкөл ауданының Кеңес, Ерейментау ауданының Ақмырза, Жақсы ауданының Белағаш, Сандықтау ауданының Жамбыл мен Максимов, Целиноград ауданының Тасты ауылдық округтері бар. 21 шілдеге белгіленген сайлау да жоғарыда өткен сайлаулар сияқты өз дәрежесінде өтеді деген ойдамын, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.