Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ақмола облысында 16 маусым күні 7 ауданының 9 ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Соның ішінде Біржан сал ауданының Уәлиханов, Бурабай ауданының Веденов, Егіндікөл ауданының Егіндікөл ауылдық округтері бар.
Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі бойынша айтатын болсақ, алдын ала округ әкімі лауазымына үмітті кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес тіркелген болатын. Сонымен аталған округ әкімі лауазымына 4 кандидат тіркелді. Атап айтсақ, кандидат болып, бірінші Нұрбек Аманжолұлы Шәкіров тіркелген еді. 1972 жылы туған ол осы округтің әкімі болып қызмет еткен. Оны бұл лауазымға «Amanat» партиясы ұсынды. Екінші кандидаттың есімі Рүстем Болатұлы Жахинды. 1997 жылы туған ол Біржан сал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болса, үшінші кандидат – Денис Александрович Езовты. 1982 жылы туған, Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы. Төртінші кандидат - Асылбек Медхатұлы Зейнатулинды. 1970 жылы туған ол уақытша жұмыссыз. Төрт кандидаттың үшеуі өзін-өзі ұсынғандар.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 – бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Яғни, Уәлихан сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 160 азамат енгізілген болса, оның 88-і өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасаған. Бастапқыда төрт кандидат тіркелген болса, кейін біреуі өз кандидаттығынан бас тартып, сайлау бюллетеньдеріне үш кандидат енгізілді. Дауыс үш кандидат арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Рүстем Жахин сайлаушылар дауысын жинай алмаса, Асылбек Зейнатулин 17, ал Нұрбек Шәкіров 69 сайлаушының дауысына ие болған. Сөйтіп Amanat партиясы сенім білдірген кандидат, округтің бұрынғы әкімі Нұрбек Аманжолұлы Шәкіров өз орнын сақтап қалды.
Ал Бурабай ауданының Веденов ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелсе, соның бірі 1980 жылы туған, округтің бұрынғы әкімі Мақсат Илюбайұлы Имамбаев. Келесі үміткер 1982 жылы туған, Щучинск қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Боташұлы Омаров. Үшінші кандидат Бурабай ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Рахат Сайранұлы Сыздықов.
Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкіміне де үш кандидат тіркелген еді. Олар 1976 жылы туған, Бауман ауылы әкімі аппаратының бас маманы Денисюк Светлана Александровна. 1987 жылы туған Ұзынкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Мұсабаева Жанар Төлеубайқызы. Соңғысы 1980 жылы туған Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Тапалов Дархан Берікұлы. Қос аудандағы округ әкіміне үміткерлердің барлығы да өзін-өзі ұсынғандар.
- 16 маусымға белгіленген қос аудандағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы да сайлау талаптарына сәйкес өткізілді. Еңбастысы халық өз таңдауын жасап, қалаған әкімін сайлауға мүмкіндік алды. Сонымен Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 маусымда өткен Ақмола облысы Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысына қарайтын болсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 616 азаматтың дауыс беруге 353-і қатысқан. Бір атап өтерлігі дауыс санау барысында 14 жарамсыз бюллетеньдер анықталса, «Барлығына қарсы» жолында 89 сайлаушы белгі соққан. Бұл әрине көп. Бірақ сайлау бюллененіне енен екі кандидаттың бірі Алтынбек Боташұлы Омаров сайлаушылардың 43, ал Рахат Сайранұлы Сыздыков 207 даусына ие болған. Сөйтіп, Веденов ауылдық округінің әкімі болып 1983 жылы туған, Рахат Сайранұлы Сыздыков сайланды, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.
Оның айтуынша, Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы тартысты өткен. Ондағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2215 азамат енгізілсе, сайлауға бар болғаны 609 сайлаушы қатысқан. Мұнда да жарамсыз бюллетеньдер мен «Бәріне қарсы» таңба соққандар көп. 51 бюллетень жарамсыз болса, «Бәріне қарсымын» деген жолға 69 сайлаушы белгі қойған. Дегенмен сайлау болған соң оның жеңімпазы болуы шарт. Сонымен сайлауға түскен үш кандидат арасында дауыс төмендегідей бөлінген. Атап айтсақ, Жанар Мұсабаева 183, Дархан Тапалов 304 сайлаушының дауысын жинаған сөйтіп 1980 жылы туған Дархан Берікұлы Егіндікөл ауылының әкімі болып сайланды.