Есіл ауданында үш округ әкімі белгілі болды

Oinet.kz 01-06-2024 69

Ақмола облысының Есіл ауданының Орловка ауылы, Жаныспай, Свободный ауылдық округтерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.  Бұл сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1641 адам енгізілген, оның ішінде Жаныспай ауылдық округінде 493, Орловка ауылдық округінде 245, ал Свободный ауылдық округінде 903 азамат. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1325 адам. 

Screenshot_2.jpg

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша 16 маусымға Есіл ауданының үш ауылдық округінде белгіленген ауылдық округ әкімінің сайлауы сайлау талаптарына сай өткізілген.  «2024 жылғы 16 маусымда үш сайлау округі бойынша Есіл ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Есіл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Жаныспай ауылдық округі әкімінің сайлауына тоқталар болсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 493 азамат енгізілген, ал сайлау учаскесіне оның 290-ы келіп дауыс берді. Дауыс қорытындысын санау барысында 8 жарамсыз бюллетеньдер анықталды. Әрбір кандидат үшін берілген дауыс, атап айтар болсақ, А.Бекжанова 18, Д.Сүлейменова 16, ал С.Текеман 226 дауысқа ие болды. 

1979 жылы туған, бұған дейін Арқалық қаласы Екідін ауылы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген Сағдат Мұратұлы Текеман Жаныспай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол сайлауға өзін-өзі ұсынған болатын. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен саяси реформа аясында 2021 жыл ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі енгізілген болатын. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да үш жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. Енді, міне өткен аптаның жексенбісінде 7 ауданның 9 ауылдық округінде сайлау өткізілгелі отыр. Жоғарыда Есіл ауданының Жаныспай ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысы туралы айтып өттім. Енді Орловка сайлау округі бойынша өткен сайлауға тоқталар болсам, мұндағы сайлау округінде сайлаушылар тізіміне енгізілген 245 азаматтың 155-і учаскеге келіп өз таңдауларын жасады. Дауыс қорытындысымен кандидаттардың ішінде А.Дүйкенова 9, М.Еңсебаев 137 сайлаушының сеніміне ие болды. Сонымен Орловка ауылының әкімі болып 1971 жылы туған, Есіл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Еңсебаев Марат Елемесұлы сайланды. Ол сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, - дейді Николай Политкин. 

 Ал Свободный сайлау округі бойынша өткен сайлау қорытындысы да көңілге қонымды. Атап айтар болсақ, Свободный ауылдық округі әкімдігінің сайлау округінде 903 сайлаушы болса, оның 600-і дауыс берген. Дауыс кандидаттар арасында А. Жұмасұлтанов 30, Х.Мұқанов 52, Н.Саматов 492 болып бөлінді. Сайлаушылардың басым дауысына ие болған Нұрлан Мәжитұлы Саматов Свободный ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1962 жылы туған ол бұған дейін Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Оның кандидатурасын Amanat партиясынан ұсынылған еді.

- Ақмола облысында бұған дейін де бірнеше сайлау ұйымдастырылып, ұйымшылдықпен өткізілген. Кеше Есіл ауданындағы үш ауылдық округте ұйымдастырылған ауылдық округ әкімдерінің де сайлауы талапқа сай өткізіліп, үш ауылда да жаңа әкім сайланды. Бұл халықтың өз таңдауы. Жалпы кешегі күні облыстағы 7 ауданның 9 ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Халық ол округтерде де өз таңдауларын жасап, жаңа әкімдер өз қызметтеріне кірісіп кетті, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жаңа үш ауылдық окрутің әкімі сайланды
Біржан ауданында округ әкімі өз орнын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу