Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
16 маусым күні Шиелі ауданының 3 ауылдық округінде сайлау өтті. Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатовтың айтуынша, Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлады.
Үш ауылдық округ бойынша 2 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Жаңатұрмыста 628, Еңбекшіде 1035, Қарғалыда 704 сайлаушы бар. Сайлауға олардың 80 пайызы қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау процесі 3 учаскеде ұйымдастырылады. Оған 19 комиссия мүшесі тартылады. Үш ауылдық округте барлығы 8 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Жаңатұрмыста 3, Еңбекшіде 2, Қарғалыда 3 кандидат тіркелген. Кандидаттардың жетеуі өзін-өзі, біреуі саяси партия атынан бақ сынады.
- 16 маусымға белгіленген сайлау барлық талапқа сай өткізілді. Жалпы Шиелі ауданында үш ауылдық округтер бойынша алдын ала кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қаулысымен белгіленді. Атап айтсақ, Еңбекші ауылдық округі әкіміне үш кандидат өзін-өзі ұсынса, олар Ерлан Талғатбекұлы Меңлібеков, Елдос Айтуреевич Жусупов және Турар Баяналиевич Мусахановтер Еңбекші ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелді. Ал Жаңатұрмыс ауылдық округіне тіркелген үш кандидат тіркелсе, екеуі өзін-өзі ұсынған Үсенғазин Аралбай Наурызұлы мен Файзуллаев Омархан Нышанбековичтер. «Amanat» партиясы ұсынған кандидат Шакиртаев Балдаурен Турсынбаевич. Ал Қарғалы ауылдық округі бойынша Парманкулов Кайрат Капанович, Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы, Дуйсенов Бекболат Еламановичтердің кандидаты ұсынылды. Ол үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Жалпы сайлау бюллетеніне 8 кандидат еніп, сайлау аталған округтерде сайлаудың заң талаптарына сай өткізілді, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Сайлау қорытындысымен дауыс беру қорытындысы жарияланды. Сөйтіп «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 16 маусымда өткізілген Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №297 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Елдос Айтуреевич Жусупов Еңбекші ауылдық округінің сайланған әкімі болып сайланды. Ал Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысымен Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланғаны белгілі болды. Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі болып Шакиртаев Балдаурен Турсынбаевич сайланды.
- Аталған округтердегі әкім сайлауына халықтың басым бөлігі қатысып, өз таңдауларын жасады. Бүгінгі таңда үміткерлер белгілі болды. Ендігі кезекте аудандық мәслихат шешімімен әкімдер өз қызметтеріне кіріседі. Ендігі кезекте ауданымызда 7 шілдеде тағы екі ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізіледі. Оған дайындық жұмыстары қазірден-ақ басталып кетті. Атап айтсақ, бүгінгі таңда ауданның Ақмая мен Тұран ауылдық округтерінде кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілді. Кандидаттарды тіркеу 11 маусым күнгі сағат 18.00-де аяқталды. Шиелі ауданы бойынша Ақмая және Тұран ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 6 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі саяси партиядан, 5-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды. «Amanat» партиясы 1 кандидат ұсынды. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады. Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2024 жылғы 16 маусым күнгі сағат 18-00 де аяқталды. Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы арнайы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жарияланады», - дейді М.Дулатов.
Оның айтуынша, сайлау талаптары сайлау заңына сәйкес жүргізілуде. Есте болса, былтыр Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған. Онда ауыл әкімінің сайлауына түсетін кандидаттарға мынадай талаптар қойылған болатын. Атап айтсақ, кандидаттың жасы 25-тен асқан Қазақстан азаматы; барлық мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын шектеулер (сотталмағандығы, еңбекке жарамсыздығы және тағы басқа); біліктілік талаптарына сәйкестігі (мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл, мемлекеттік органға жатпайтын ұйымдарда кемінде екі жыл басшылық қызмет атқару); арнайы тексерудің нәтижесі (кандидатты тіркегеннен кейін 5 күн ішінде жүргізіледі).
Сайлауға үміткерлер екі жолмен ұсынылады. Саяси партиялар өз мүшелері арасынан ұсына алады және өзін-өзі ұсыну арқылы. Өзін-өзі ұсынған кезде үміткер тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызының қолын жинау керек.
Ал сайлау кезеңдері Заң жобасына сәйкес, сайлау сол елді мекен әкімінің өкілеттігінің аяқталуына 40 күн қалғанда басталады. Ал сайлаудың өзі әкімнің өкілеттігінің аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді.
Кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланған күннің ертесінде басталып, сайлауға 15 күн қалғанда аяқталады. Яғни, мәжіліс спикерінің сөзінше, үміткерлерді ұсыну мерзімі 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады.
Кандидаттарды тіркеу сайлауға 10 күн қалғанда аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді. Үгіт жүргізуге 8 күн беріледі. Сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде дауыс берудің қорытындысы шығарылады. Сайланған әкімді тіркеу 7 күн ішінде жүзеге асады.
«Ауыл әкімін сайлау оның ел алдында жауапкершілігін көтереді әрі халықтың билікке сенімін өсіреді. Енді оның дербес бюджетіне аз-кем тоқталсақ. 2020 жылдан барлық ауылға қатысты «4-деңгейлі бюджет» деп айдарланған реформа жүзеге асып келеді. Ендігі кезекте 7 шілдеге белгіленген Шиелі ауданындағы ауылдық округ әкімдерін таңдауда халық өзінің іділ таңдауын жасап, осы орынға, лауазымға лайықты азаматты әділ жолмен сайлайлайды деген сенімдеміз», дейді Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов.