Алда Аудан әкімдерін сайлауын өткізу жоспарлануда

Oinet.kz 30-05-2024 427

Ауыл әкімдерінің сайлау басталғалы бергі уақытта бір мыңнан аса елді мекеннің әкімі сайланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек оның 215-і өзін өзі ұсынса, 116-сы қайта сай¬ланған бұрынғы әкімдер. Жалпы бүгінге дейін елдегі ауыл әкімдері корпусы 55,6 пайызға жаңарған.

Screenshot_20.jpg

Мемлекет Кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграмдағы парақшасында: «Бұл 608 ауылға жаңа басшы келді деген сөз. Оның басым бөлігі бұрын мем¬лекеттік қызметте істеп көрмеген. Яғни дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорын мен шаруа қожалық басшылары халық сеніміне ие болып, әкім ретінде сайланып отыр. Бәрінен де Маңғыстау облысында жаңа әкімдер көп сайланды – 77,8 пайыз (сайланған 18 әкімнің 14-і). Одан кейін Қарағанды облысында – 77,2 пайыз (79-дың 61-і) және Жамбыл облысында – 71 пайыз (72-нің 51-і) жаңа әкімдер көп сайланған», деп жазды.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші ал¬дағы уақытта аудан әкімдерін де тікелей да¬уыс беру арқылы сайлау өтетінін жет¬кізді. Оған қоса, жаңа реформа бойынша өткен жылдан бастап облыс әкімдері баламалы түрде, өңірлердегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ашық не жа-сырын дауыс беруі арқылы келісім беруі негізінде тағайындала бастады. 

Сонымен қатар Мемлекет бас¬шысы аудан әкімдерін сайлау процесін жеделдету қажет екенін және «Аmanat» партиясы белсенді түрде қатысу керегін атап өтті. «Алдағы уақытта біз аудан әкімдерін сайлаймыз. Менің ойымша, аудан әкімдерін сайлауды ұзаққа созудың керегі жоқ. Бұл процесті жеделдету қажет. Осы сайлауға пар¬тия лайықты кандидаттарды ұсыну арқылы белсенді түрде қатысады», – деді Президент. 

– Қоғамдағы соңғы жылдардағы саяси-экономикалық дағдарыстары, әсіресе биылғы қаңтар оқиғасы нәтижесінде халықтың саяси сана¬сы біршама жоғары көтерілген сияқ¬ты. Сондықтан халық қоғамның демократиялық бағытта дамуына мүдделі болып отыр. Осыған сүйенсек, әрбір азамат өзінің және кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін саналы саяси ұстанымын қа¬лыптастырып, салауатты ойлау қабілеттерін арттыра алды ғой деп есептеймін. Ауыл әкімдерін сайлау үдерісін бастарынан өткізген халық, аудан әкімдерін сайлауға тәжірибелері жеткілікті болар деп айта аламын.

Дегенмен, біздің қоғамдағы бұ¬рыннан қалыптасқан басты қасіреттің бірі рушылдық пен жершілдік екені анық. ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін, архаизм тұрғысындағы бұл қоғамдық дерттің осы күнге дейін көрініс беруі өте өкінішті ұлттық трагедия. Билік ұйымдары мен ел басшылығы қыз¬метіндегі адамдардың шыққан тегіне емес, біліміне, іскерлігіне, адалдығы мен парасаттылығына қарай бағаланатынын екінің бірі білетін сияқты. Дегенмен кейбір ескі¬шіл трайбалистердің азғыруы мен насихатына еретіндер баршылық. Сонда да болса, бұл қоғамдық дерт аудан әкімдерін сайлау нәтижелеріне аса қатты әсер ете қоймас.

Менің ойымша, аудан әкімде¬рінің сайлау барысына билік ұйымдары өкілдерінің жасырын араласып кету қаупі көбірек болады деп санаймын. Себебі біздің жоғарғы мемлекеттік құрылымдардың билікті қолдарынан барынша шығарғысы келмейтіні айдан анық. Сондықтан аудан әкім¬дерін сайлау науқанында қоғам белсенділік танытып, мемлекетке тәуелсіз сайлау комиссияларын құру¬ға күш салуы керек. Ол үшін сайлау комиссиясының құрамына биліктен талап ете отырып, қоғамға жанашыр, қоғам мүддесін ойлайтын, адал аза¬маттарды енгізу қажет.

Сонымен қатар ең маңызды мәселе аудан әкіміне лауазымына жергілікті жағдаймен өте таныс, халықтың қамын ойлайтын, білімді, іскер, сол аймақтың тумалары кан¬дидат ретінде тіркелуі қажет. Сай¬ланған аудан әкімдерінің атқарған қызметінің есебі халық тарапынан қатаң сұралуы тиіс, - дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия және әлеу¬меттік-гуманитарлық пәндер» ка¬фед¬расының доценті, саясаттанушы Ербол Әбенов.

Жалпы саясаткерлер де, басқа да  сарапшылар Президенттің саяси реформаларына жоғары баға беріп отыр. Саясаттанушы Ербол Әбеновтың пайым¬дауынша, Мемлекет басшысының сайлауға қатысты реформалары демо¬кратиялық дамудың ілгерілей түсуіне тікелей әсер етеді. Ол Мәжіліс пен об¬лыс¬тық мәслихатқа пропорциялық-мажо¬ритарлық жүйе арқылы, қала, аудан деңгейінде толықтай мажоритарлық жүйені қолдану қоғамдағы бүкіл тарап¬тың, түрлі әлеуметтік топтардың мүд¬десін қорғайтын оң өзгеріс болатынына сенімді.

Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы аудан әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы да осы.

Қорыта айтқанда, кейінгі бірнеше жылда еліміздегі саяси ахуал айтар¬лықтай өзгергені түсінікті. Бұл сөзі¬мізге осы ба¬ғытта атқарылып жат-қан жұмыстар дәлел. Дегенмен демо¬кратияның даңғыл жолына түсіп, «то-ғызыншы территорияны» бақыт меке¬ніне айналдыру үшін әлі де атқарылатын шаруа шаш етектен.

Сайлаушы сенімі артып келе жатыр
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жаңа үш ауылдық окрутің әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу