Сайлаушы сенімі артып келе жатыр

Oinet.kz 29-05-2024 424

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Содан бергі уақыт аралығында көптеген елді мекенінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Әлі де бұл демократиялық үрдіс өз жалғасын тауып келеді. 

Screenshot_19.jpg

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, былтыр Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.

Онда ауыл әкімінің сайлауына түсетін кандидаттарға мынадай талаптар қойылған болатын. Атап айтсақ, кандидаттың жасы 25-тен асқан Қазақстан азаматы; барлық мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын шектеулер (сотталмағандығы, еңбекке жарамсыздығы және тағы басқа); біліктілік талаптарына сәйкестігі (мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл, мемлекеттік органға жатпайтын ұйымдарда кемінде екі жыл басшылық қызмет атқару); арнайы тексерудің нәтижесі (кандидатты тіркегеннен кейін 5 күн ішінде жүргізіледі).

Сайлауға үміткерлер екі жолмен ұсынылады. Саяси партиялар өз мүшелері арасынан ұсына алады және өзін-өзі ұсыну арқылы. Өзін-өзі ұсынған кезде үміткер тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызының қолын жинау керек. 

Ал сайлау кезеңдері Заң жобасына сәйкес, сайлау сол елді мекен әкімінің өкілеттігінің аяқталуына 40 күн қалғанда басталады. Ал сайлаудың өзі әкімнің өкілеттігінің аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді. 

Кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланған күннің ертесінде басталып, сайлауға 15 күн қалғанда аяқталады. Яғни, мәжіліс спикерінің сөзінше, үміткерлерді ұсыну мерзімі 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады.

Кандидаттарды тіркеу сайлауға 10 күн қалғанда аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді. Үгіт жүргізуге 8 күн беріледі. Сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде дауыс берудің қорытындысы шығарылады. Сайланған әкімді тіркеу 7 күн ішінде жүзеге асады.

Сондай-ақ заң жобасына мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазуды қосу нормалары енгізілген. 

- Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс¬тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар¬ламенттік оппозиция инсти¬тутын енгізу секілді баста¬малардың өзі бір төбе. 

2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Ал өткен Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл¬гіде сайлаушылардың мү䬬¬десі ұлттық және өңірлік дең¬гей¬де толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мә¬жілістің депу¬таттық корпусының 70 пайы¬зы пропорционалдық, 30 пайызы мажо¬ритарлық тәсілмен жа¬сақ¬талмақ. «Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сай¬лауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне кө¬шуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі», деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында. Міне, Ата Заңымызға жасаған реформадан кейін сайлау жүйесінде көптеген өзгерістер орын алды. Бірте-бірте халықтың сенімі қайта күш алып, өздері қалаған кандидатты дауыс беріп сайлайтын деңгейге жетті, - дейді Константин Викторович.  

Сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау толығымен мажо¬ритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қа¬білетті саяси орта қалыптастыруға жол ашатыны түсінікті. Халықтың арବсынан оза шауып, тұрғындардың мұң-мұқтажын толғап жүрген жаңа тұ묬¬ғалардың саясат сахнасына шы¬ғуына мүмкіндік береді. Осындай өз-герістердің тағы бір ерекшелігі – са鬬лауалды уәдесін орындамаған де¬пу-тат¬тарды кері қайтаруға болады. Тү¬сі¬нік¬ті тілмен айтсақ, «аты судан өт-кен¬ше» уәдені үйіп-төгіп, жұмсақ крес¬лоға жайғасқан соң халықтың тілегін ұмытатындар азаяды. Жауапкершілік пен сенімге негізделген мұндай жаңа саяси мәдениет – депутаттарға ықпал етудің демократиялық жолы.

- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң¬намаға өзгертулер енгізілді. Биыл Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар¬ды. Халық референдумды қолдады. Жер¬гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 800-ден астам ауылдың басшылары халықтың тікелей сайлауымен лауазым иеленді.

Конституциядағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай¬ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ¬рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асады. Яғни бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашады. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді,- дейді орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында сайлау өтеді
Алда Аудан әкімдерін сайлауын өткізу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу