Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
«Бұл қайдан келген әкім?» деген сұрақ қойылмас үшін ауыл әкімдерін халық өзі сайлайды. Президент тапсырмасына сәйкес сайлау жүйесіне жаңашылдық енгі¬зілгені белгілі. 2021 жылғы 25 ма¬мырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді.
Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Осыған сәйкес Маңғыстау облысының Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған әкім сайлауы Болашақ ауылында өткізу белгіленген.
Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаровтың айтуынша, жыл басынан бергі уақытта төрт сайлау ұйымдастырылыпты. «Атап айтсақ, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданынағы Тұщықұдық пен Шайыр аудандық округтерінде 18 ақпанда өткізілген. Ал бұдан кейінгі ауыл әкімінің сайлауы 17 наурызға белгіленіп, Маңғыстау ауданының Шебір ауылдық округінде өткен болатын. Келесі сайлау 19 мамырда Бейнеу және Маңғыстау аудандарында ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2 маусым күні Қарақия ауданының Құрық ауылы әкімінің сайлауы өтіп, сайлау қорытындысымен жеңімпаз анықталып, округ әкімі тағайындалды» дейді ол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. «Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне кіріс те кетті. Ал, биыл бұл демократиялық үрдістің қисынды жалғасы ретінде облысымызда ауыл әкімдерінің сайлауы ақпан айынан бастап қайта басталып кеткен болатын. Сонымен ел азаматтарының мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыруды мақсат еткен сайлау Маңғыстау облысының 6 ауданында өтіп, 7 ауылдық округтің әкімі сайланды. Осы сайлаудың нәтижесінде 6 ауданда да мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар, әрі ел-жұрттың сеніміне ие болған 7 округке 7 азамат сайланып, бүгінде қызметтеріне кірісіп кетті», - дейді Жармағамбет Айтуаров.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар қасіретінің салдарынан қоғамда саяси-эко¬но¬мика¬лық реформаларды іске асы¬руды жүзеге асыру мақсатында «Жаңа Қазақстан» құру туралы бастама көтерді. Президенттің бұл бастамасы қо¬ғамда кеңінен қолдау тапты. Саяси саладағы реформалар демократиялық дамуға жетелейтін біздің бағыт-бағдарларымызды бекемдей түсетіні анық. Сонымен қатар саяси жүйені қайта түлетіп, мемлекетті басқару істеріне азаматтардың белсенді түрде қатысуына ықпал етеді.
Қазақстан қоғамын жаңартудың маңызды факторларының бірі – жергілікті өзін-өзі басқару істерін реформалау болып саналады. Ал жер-гілікті өзін-өзі басқару істерін¬дегі алғашқы қажетті маңызды шара әкімшілік-аймақ бірліктері бас¬шыларының халықтың сайлауы ар¬қылы анықталып, қызмет жасау үдерісі. Бұл мемлекеттің ішіндегі саяси биліктің орталықсыздандырылуы болып табылады. Міне, бұл ашық қоғамға бағытталатын еліміздің алғашқы демократиялық қадамы бола алады деп санаймын. Бұл – барлық дамыған елдердегі қалыптасқан дәстүр. Бұл жүйенің қаншалықты өзгеріс әкелетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен саясаттанушы Ербол Әбеновтің пікірінше, қазіргі қоғамдық өмірде, атап айтқанда аза¬маттардың тұрмысын, коммунал¬дық қызметтер, жеке бас қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау және басқа да аймақ кеңістігіндегі ауыл тұрғындарының отыз жыл бойы жинақталған мәселе¬лерін шешу мен жолға қоюда, тек мемлекет ұйымдарының қауқары¬ның жетпейтіні белгілі. Сондықтан осы жүйе арқылы, яғни халық сайлаған ауыл және аудан әкімдеріне аудан көлемінде атқаратын ерекше өкі¬леттіліктер мен құзіреттіліктер бе¬рілуі қажет. Жергілікті өзін-өзі бас¬қару демократиялық басқарудың маңызды шартының бірі ретінде мемлекетті жергілікті маңыздағы мыңдаған мәселеден босатады. Осындай жағдайда ғана, қоғамдағы азаматтардың сұраныстары қанағат¬тандырылып, қоғамда өзгерістер бо¬лады.
Атап айтқанда, азаматтардың талап-тілектерін, мұқтаждықтарын жоғары билік ұйымдары арқылы емес, жергілікті аудан әкімшілігінің ұйымдары арқылы шешуге мүм¬кін¬дік туады. Сонымен қатар бұ¬рын¬нан қордаланған проб¬лема¬ларды ауданның жергілікті ұйымдары өздері шешуге қол жет¬кізеді.
Қалай болса да жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі арқылы әкімшілік-аймақтық бірліктердегі басшыларды халықтың сайлауы демократиялық үрдіс ретінде тұтас қоғамдық-саяси өмірге енгізілуі қажет, - дейді Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаров.