Түркістанда сайлауалды дайындық жұмыстары басталып кетті

Oinet.kz 28-05-2024 450

Түркістан облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы 2021 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл да жыл басынан бері бірнеше қайтара облыстың аудандарында ауылдық округ әкімдерінің сайлаулары өткізілді. Ендігі сайлау Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округінде 7 шілдеге қойылып отыр. Қазіргі таңда сайлауға түсуге ниетті кандидаттардан өтініштер түсуде. 

Screenshot_16.jpg

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сайлау жүйесіне жаңашылдық енгі¬зілгені белгілі.  2021 жылғы 25 ма¬мырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Бүгінгі таңда әкімге үміткерлер екі жолмен ұсынылады. Біріншісі саяси партиялар арқылы. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінен бір ғана үміткерді ұсынуға құқылы. Екіншісі дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде 1 пайызы қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлауға кандидаттар тіркелмеген не ұсыну мерзімі аяқталған күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидат ұсынуға құқылы. Талаптарға сәйкес, әкімдерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Өкім лауазымына мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және 25 жастан кем емес Қазақстан азаматы сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен етелмеген, алынбаған соттылығы бар немесе заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі бар адам әкімге кандидат бола алмайды. Тағы бір айта кететін мәселе сайлауға қатысу үшін өзін-өзі ұсынған кандидаттар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы құрылымның шотына 350 мың теңге мөлшерінде жарна аударуы қажет. Бұл қаражат кандидат сайлауда жеңіске жетіп, аудан әкімі болып сайланған жағдайда немесе сайлаушылардың 5 пайыздан астам дауысын жинаса қайтарылады, - дейді Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.

Оның айтуынша, бұған дейін Түркістан облысында ұйымдастырылған барлық сайлаулар сайлау талаптарына сай өткізіліп, халықтың толық қолдауына ие болған. «Мен алдыңғы сайлауларға тоқталып жатпай-ақ қойайын. Алдыңғы аптада, дәлірек айтсам, 2 маусым күні облысқа қарасты  Жетісай және Шардара аудандарындағы Абай және Қазыбек би, Көксу мен Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде округ әкімінің сайлауы жоғары деңгейде өтті. Сол төрт ауылдық округте өткен сайлау нәтижесіне тоқталар болсам, Абай ауылдық округіндегі сайлаушылардың басым дауысына ие болған округтің бұрынғы әкімі Бағдат Жанайұлы Оспанов өз орнын сақтап қалды. Ал Қазыбек би ауылдық округінде сайлаушылардың тең жарымынан астамы дауыс беріп, сайлаушылардың 3642 дауысын жинаған Нұрлыбек Сагынбекұлы сайланды. Шардара ауданы ауданы бойынша айтсам, Көксу ауылдық округінің әкімі болып сайлаушылардың 1611 дауысын жинаған 

1967 жылы туылған, «Әділет Аудит KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бахтыбай Тұрсынбайұлы Қошқарбаев сайланды. Ал Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі болып, округтің бұрынғы әкімі  Амангани Анықбекұлы Алтынбеков сайланды. Сонымен бұл сайлауда екі окру әкімі өз орындарын сақтап қалса, екі округке жаңа әкімдер сайланды. Халықтың сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауы қос ауданда да атап өтуге тұрарлықтай ұйымдастырылған», - дейді Әмірдин Әлішев.

- 7 шілде күні өткізілетін ауылдық округ әкімі сайлауына қазіргі таңда кандидаттарды тіркеу жұмыстары басталып кетті. Ол сайлау да Сайлау заңы талаптарына сай өткізіледі деген сенімдемін, Дегенмен бүгінгі күні сайлауға түсуге ниет білдірген кандидаттарға қойылар талап та жоғары. Оған жоғарыда атап өткеніміздей ол талаптар екандидаттарды тіркеу барысында сақталады деген сенімдемін, - дейді Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.

Батыс Қазақстан облысының 4 ауданы мен 7 ауылдық округіндегі сайлау 7 шілдеге қойылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданында екі сайлау өткізілмекші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу