Батыс Қазақстан облысының 4 ауданы мен 7 ауылдық округіндегі сайлау 7 шілдеге қойылды

Oinet.kz 27-05-2024 90

Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауылдық округ әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы да осы.

Screenshot_15.jpg

Ауыл әкімдерін сайлау – «Жаңа Қазақстанды» құруға үлкен мүмкіндік деген тоқтамға келуге болады. Дегенмен халық тұрмысын жақсарту үшін қандай да бір өзгеріс қажет болса, сайлаудың әділ өтуі маңызды. Ол халыққа да байланысты. Руласын, туысын тағайындамай, елге шын жаны ашитын азаматты таңдау қажет. Ол үшін сайлауға түсетін кандидатқа туысым, бауырым да қарамау керек. Міне, бүгінгі сайлаудың талабы осы болса ол үдеден Батыс Қазақстан облысының сайлаушылары өз іс әрекеттерімен шығып келеді. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қанша сайлау өткізілсе де батыстықтар бөле жарып, руға, туыстыққа бұра тартпай әділ сайлау өткізіп, өзгелерге үлгі болып келеді. 

Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаковтың айтуынша, облыста ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жалғасын табуда. 

- Алдымызда 7 шілдеге белгіленген тағы бір сайлау тұр. Мұның алдында ғана 26 мамырында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы Казталов ауданының Қошанкөл ауылдық округінде ұйымдастырылып, талапқа сай өткізілген болатын. Ал 2 маусым күні ауылдық округтердің сайлауы өңірдің Орал қаласы мен Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округінде, Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округінде, Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінде, Тасқала ауданының Достық ауылдық округінде, Орал қаласының Деркөл кентінде әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округінде округ әкімдерінің сайлаулары тағайындалып, өткізілді. Сайлау уақтында басталып, сайлаушылар өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде үш ауылдық округтің әкімі өз орындарын сақтап қалса, қалған округ әкімдері жаңадан сайланды. 

Ендігі сайлау облысымыздың Бәйтерек, Бөкей ордасы, Қаратөбе, Теректі аудандық округтерінде жоспарланып отыр. Ол сайлауды да сайлаудың заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейді өткіземіз деген сенімдеміз, - дейді облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаков.

Оның айтуынша, 7 шілдеге тағайындалған әкімдердің сайлауы облыстың Бәйтерек ауданының Дариян, Құрманғазы және Рубежин,  Бөкей Ордасы ауданының Темір Масин, Қаратөбе ауданының Аққозы мен Қаратөбе, Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округтеріне белгіленген. «Елімізде биыл үшінші жыл қатарынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан сайлау бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Президентіміз сайлау өткізу жайын «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында жан-жақты анықтап, түсіндіріп айтқан болатын. «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн. Ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара береді. «Amanat» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. Сонымен бірге, мен, Мемлекет басшысы ретінде, шын мәніндегі көппартиялық жүйені дамытуға күш салуға міндеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Саяси жүйемізді жаңа жағдайға бейімдеп, оны біртіндеп жетілдіріп келеміз. Саяси реформалар қоғамымызға қажет, сондықтан олар міндетті түрде өз жалғасын табады», - дейді Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында. Міне, біздің өңірде де жыл басынан бері 4-5 қайтара ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді. Соңғы сайлауда да облыс халқы ұйымшылдық көрсетіп, аудандарда өткен ауылдық округ әкімдерін таңдауға, лайықты кандидатты сайлау бір кісідей атсалысты, - дейді Ғайса Капаков. 

Өткен сайлаудан байқағанымыз үш ауылдық округтің әкімдері өз орындарын сақтап қалған. Соның бірі – Орал қаласының Деркөл кентінің әкімі Жұмағалиев Жұбан Тұрарұлы. Ол сайлаушылардың 1061 дауысын жинаған. Ал Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округінің әкімі болып Нарынбек Өтегенұлы Каймулдинов сайланып, бұрынғы өз қызметін сақтап қалды. Сондай-ақ Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінің әкімі лауазымын  Аюпов Нұрлан Дүйсенғалйұлы қайта сақтап қалды. Одан бөлек,  

Тасқала ауданы Достық ауылдық округі әкімі болып Сапаров Асхат Гайдарович, Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімі болып Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы, Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкім болып Жанибек Игалиұлы Абиров сайланды.

- Ендігі кезекте 7 шілдеге 4 ауданның 7 ауылдық округінде белгіленген сайлауды үлкен жауапкершілікпен өткіземіз деген сенімдемін. Сондықтан ауылдық округ әкім¬дерін сайлау науқанында қоғам белсенділік танытады деген сенім бар. Сонымен қатар ең маңызды мәселе ауыл округі әкіміне  үміткерлерді таңдауда жергілікті жағдаймен жақсы таныс, халықтың қамын ойлайтын, білімді, іскер, сол аймақтың тумалары кан-дидат ретінде тіркелсе, олар ел үшін қызмет етеді деген сенімдемін жалпы бұл сайлауларды да алдағы уақытта талапқа сай өткіземіз деген ойдамын, - дейді Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаков.

Абай облысында Бородулиха ауданының Степной ауылдық округінде сайлау 7 шілдеге белгіленді
Түркістанда сайлауалды дайындық жұмыстары басталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу