Абай облысында Бородулиха ауданының Степной ауылдық округінде сайлау 7 шілдеге белгіленді

Oinet.kz 27-05-2024 137

Абай облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шаралары жалғасын табуда. Ендігі кезекте облыстың Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен 7 шілдеге Степной ауылдық округінде әкім сайлауы белгіленіп отыр. 

Screenshot_14.jpg

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Харченконың айтуынша, Бородулиха ауданында өткен аптада Дмитриевка ауылдық округінде сайлау өткізілсе, 7 шілдеге Степной ауылдық округте сайлау белгіленген.  Ал жалпы облыста 30 маусымда Жарма ауданының Аршалы ауылдық округі әкімдігінде де сайлау өткізілмек. 

- Өткен аптаның жексенбісі 9 маусымда өткен сайлау қорытындысымен Дмитриевка ауылдық округінің әкімі сайланды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіленді. Дмитриевка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 754 сайлаушлар енгізілсе, оның 604-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Дмитриевка ауылдық округінің әкімі болып Нурлыбеков Кайрат Кенесбекұлы сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 10 маусым  шешімімен Бородулиха аудандық Дмитриевка ауылдық округі әкімі болып сайланған – Нурлыбеков Кайрат Кенесбекұлы тіркелді. Ендігі кезекте 7 шылдеге белгіленген Степной ауылдық округі әкіміне кандидаттар анықталу үстінде, - дейді Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Харченко.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда алдағы сайлауға түсетін кандидаттар анықталу үстінде. Жалпы сайлауға түсетін әрбір үміткерге сайлау талаптары толық түсіндірілуде. 

«Әдетте дауыс беру күні демалыс күніне сәйкес келеді, бұл сайлаушыларға жұмыс уақытында алаңдамау үшін ыңғайлы. Менің ойымша, бұл тәжірибе дұрыс және оны жалғастыра беруіміз керек. Сонымен қатар бұл науқанның айырмашылығы – сайлау бір реттік болмайды, ол әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өтеді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тағайындайды. Сайлау науқанының жалпы ұзақтығы – бір ай. Сайлау әкімнің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын белгіленеді және кемінде 10 күн бұрын өткізіледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады. Ұсыну мерзімі сайлау өтетін күнге 15 күн қалғанда, сағат 18.00-де аяқталады. Егер ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бір ғана кандидат тіркелген болса сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін ұзартады. Бұл жерде кандидаттарды кімдер ұсынады деген сұрақтың туындайтыны белгілі. Атап айтқанда, біріншіден – саяси партиялардың мүшесі ретінде саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсына алады. Екіншіден, әрбір кандидаттың өзін-өзі ұсынуға құқы бар. Ол тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызының қолдауына ие болуға тиіс.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге дейін бір ғана кандидат тіркелген болса, онда сайлау комитеті кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша кемінде екі кандидат ұсынуға құқылы», - дейді С.Харченко.

Оның айтуынша, сайлауға кандидатарды тіркемейтін жағдайда болады. Яғни қандай жағдайда кандидат бола алмайды? Атап айтар болсақ, біріншіден, сот шешімі бойынша жазасы өтелмеген немесе алынбаған адам, екіншіден сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқықбұзушылық үшін кінәлі деп танылған адам. Осы талаптар үнемі ескеріліп отырады.

Жалпы округ әкімдігінен үмітті кандидат 25 жастан асқан Қазақстан азаматы болуға тиіс. Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлауға 10 күн қалғанда, сағат 18.00-де аяқталады. Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарға тиісті куәліктер береді. Тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидатты тіркеу туралы хабарлама жарияланады. Ал сайлау алдындағы үгіт жұмыстары сайлау күніне 10 күн қалғанда кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады. Сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

- Дауыс беру күні сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскелерінде дауыс санау дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығарылады. Сайланған әкімдерді тіркеу ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары 7 күн ішінде сайланған әкімді тіркейді, сайланған әкімге тиісті куәлік береді. Сайланған әкімнің өкілеттілігі оны аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады, - дейді Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Харченко. 

Ақтөбе облысындағы 5 ауданның 6 ауылдық округінде сайлау өткізу жоспарланған
Батыс Қазақстан облысының 4 ауданы мен 7 ауылдық округіндегі сайлау 7 шілдеге қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу