Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ақтөбе облысында 2 маусым күні 6 ауданның 12 ауылдық округінде ауылдық округнде сайлау өтіп, жаңа әкімдер сайланған болатын. ендігі кезекте облыстың Жарма, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарындағы 6 ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдесіне тағайындалып отыр.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетованың айтуынша, өткен сайлауда жоғарыда аталған аудандардың ішінде Шалқар ауданында Шалқар ауылдық округінде әкім сайланса, бұл жолы бұл ауданның Жаңақоныс ауылдық округі енген. Одан өзге, Жарма ауданының Аршалы, Қобда ауданының Бегалы, Мәртөк ауданының Аққұдық және Байнассай, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы бар.
- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң¬намаға өзгертулер енгізілді. Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар¬ды. Халық референдумды қолдады. Жер¬гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 800-ден астам ауылдың басшылары халықтың тікелей сайлауымен лауазым иеленді. Конституциядағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай¬ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ¬рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асады. Яғни бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашады. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін 1200-ден аса елді мекеннің басшысы сайланды. Оның 215-і өзін-өзі ұсынса, 116-сы қайта сай¬ланған бұрынғы әкімдер. Өткен бір-екі жылдың ішінде елдегі ауыл әкімдері корпусы 55,6 пайызға жаңарған, - дейді комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.
Оның айтуынша, бұл 608 ауылға жаңа басшы келді деген сөз. Оның басым бөлігі бұрын мем¬лекеттік қызметте істеп көрмеген. Яғни дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорын мен шаруа қожалық басшылары халық сеніміне ие болып, әкім ретінде сайланып отыр. Бәрінен де Ақтөбе облысында жаңа әкімдер көп сайланған. Яғни 28 ауылдық округте сайлау өтіп, 28 ауыл әкімі сайланған.
«Бүгінгі таңда аудандар бойынша ауылдық округтерге тіркелген кандидаттардың есімдері белгілі болды. Мәселен, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Бегалы ауылдық округі бойынша 4 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Төрт кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, оның бірі 1991 жылы туған Жарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алдрабаев Айдос Әсемғалиұлы. Екінші үміткер Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлы. Ол 1978 жылы дүниеге келген, Қобда ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы. Келесі кандидаттың есімі Қанатбаев Нұрлыбек Сапарұлы. 1975 жылы дүниеге келген ол Калиновка орта мектебінің мұғалімі болса, соңғы кандидат Төлепбергенов Мәлік Ерсайынұлы да мұғалім. Калиновка атындағы орта мектепте жұмыс істейді» дейді комиссия төрағасының орынбасары.
Бұл тізім ары қарай жалғаса береді. Атап айтсақ, келесі Мәртөк ауданы Аққұдық, Байнассай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы да белгілі болған. Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Аққұдық ауылдық округінен 3 кандидаттан өтініш түсіп, тіркелген. Оның бірі Алдангоров Ержан Жаңғабайұлы. Құрмансай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы. Келесі кандидат Алманиязова Зарина Елемесқызы Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Ал үшінші кандидат Бақбергенов Әлібек Нұрлыбекұлы Мәртөк ауылдық округі әкімінің орынбасары. Бұл округ бойынша үш кандидат та өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ал Байнассай ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелсе, оның бірі әйел. Ол Ағайдарова Күләш Зайналгобиқызы. Бұған дейін ол осы округ әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. Екінші кандидаттың есімі Дүзбаев Рүстембек Алпамысұлы. Ол Мәртөк аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы болса, келесі үміткер Қарашев Арслан Сұлтанғалиұлы Қызылжар ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген. Мұндағы үш кандидат та өзін-өзі ұсынғандар.
«Ауданда ауылдық округі әкімі лауазымына ең көп кандидат тіркелген аудан ол Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі. Мұнда бір орынға 6 кандидат өтініш берген. 6 кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Олардың қатарында уақытша жұмыссыз жүрген Әленов Мұрат Сағынтайұлы, аталған округ әкімі апаратының бас маманы Әлиханов Әсет Дәулетқалиұлы мен Убниязов Муратбек Койлыбаевич, көрші округтен Боранбай Серік Алдоңғарұлы, №5 мектеп-лицейдің мұғалімі Нұрпейсов Мейрхан Социалұлы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Убайтжанов Дархан Елмуратович бар. Ал Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкіміне 4 кандидаттан өтініш тіркелген. Мұндағы кандидаттардың осалы жоқ. Бірі облыс әкімі аппаратының бас инспекторы болса, екеуі аудан әкімдігінің бөлім меңгерушісі, тағы бірі аты дардай кәсіпкер. Мұндағы бәсеке де тартысты болатын түрі бар», - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.