Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылдық округі әкіміне үміткерлер белгілі болды

Oinet.kz 26-05-2024 143

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Содан бергі уақыт аралығында көптеген елді мекенінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Әлі де бұл демократиялық үрдіс өз жалғасын тауып келеді. Ендігі кезекте Алматы облысы Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкімін сайлауын абыроймен өткізу міндеті тұр. 

Screenshot_12.jpg

Қарасай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлзат Икенбаеваның айтуынша, осы жылдың 3 наурызда Шамалған ауылдық округі әкімінің сайлауы өткені белгілі. Қарасай ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Ол өткен сайлау қорытындысында сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 18073 азаматтың 8324-і дауыс берген. Халықтың санына қарай мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны 134, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған бюллетень саны 101-ді құраған. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны бойынша айтар болсақ, кандидат М.Жакаев 6455, У.Кенжебай 1634 дауыс жинаған. Сайлау қорытындысымен Шамалған ауылдық округі әкімі болып Бақыт Мұрзабекұлы Жакаев сайланды. 1977 жылы туылған, ішкі істер министрлігінің зейнеткері Бақытты Жакаевты «Amanat» партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынған еді.

- Жыл басынан бері ауданда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы бойынша бірнеше сайлау өткіздік. Жоғарыда айтқанымдай оның бірі Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округінде өткізілсе, екіншісі 2 маусымда Жібек жолы ауылдық округінде өтті. Қарасай ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Ол сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 26257 азаматтың 10653-і дауыс берді. Дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, А.Жүнүсов 1617, Қ.Нұрақынов 7102, ал Т.Сагиев 1850 сайлаушы дауысына ие болды. Сөйтіп, Жібек жолы ауылдық округі әкімі болып Нұрақынов Дидар Құрманжанұлы сайланды. 1992 жылы туылған ол бұған дейін осы округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген еді. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған болатын. Енді, міне Қарасай аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округінің әкімі сайлауына бар дайындықты бастап кеттік. Бүгінде әкім лауазымына үміткер болған кандидаттар тізімі белгілі болды, -  дейді аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары  Гүлзат Тоқабайқызы.

Оның айтуынша, округ әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген. Оның бірі – Ұмтыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1998 жылы дүниеге келген Берік Бейсембайұлы Төлегенов. Екінші кандидаттың есімі Сырым Аханұлы Ноғайбаев. 1991 жылы туған ол Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы. Бұл екі кандидатта өзін-өзі ұсынғандар. Ал үшінші кандидат, Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бейбітұлы Жолдаспек. 1993 жылы туған оны Amanat партиясы ұсынып отыр. 

- Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс¬тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар¬ламенттік оппозиция инсти¬тутын енгізу секілді баста¬малардың өзі бір төбе.

2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды, - дейді Қарасай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлзат Икенбаева. 

Ақмола облысының жеті ауданында сайлау өткізіледі
Ақтөбе облысындағы 5 ауданның 6 ауылдық округінде сайлау өткізу жоспарланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу