Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шаралары жалғасуда. 16 маусымға еліміздің төрт-бес өңірінде сайлау қойылған. Соның бірі – Ақмола облысы. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, 16 маусымға белгіленген сайлау Ақмола облысының Біржан сал, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандарында қойылған.
Атап айтсақ, сайлау облыстың Біржан сал ауданының Уәлиханов, Бурабай ауданының Веденов, Егіндікөл ауданының Егіндікөл, Есіл ауданының Орловка ауылы, Жаныспай және Свободный, Жарқайың ауданының Жанадала, Зеренді ауданының Чаглинка, Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округтерінде өткізу жоспарланған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі енгізілген болатын. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да екі жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. Енді, міне осы аптаның жексенбісінде 7 ауданның 9 ауылдық округінде сайлау өткізілгелі отыр. Қазіргі таңда бұл аудандардағы ауылдық округтерге түсетін әкімдердің есімдері белгілі. Үгіт-насихат жұмыстары да аяқталып келеді. Халық осы аптада өз таңдауларын жасайды, - дейді Николай Политкин.
Оның айтуынша, 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес тіркелді. Сонымен аталған округке кандидат болып, бірінші Нұрбек Аманжолұлы Шәкіров тіркелген болатын. 1972 жылы туған ол осы округтің әкімі болып қызмет еткен. Оны бұл лауазымға «Amanat» партиясы ұсынған. Екінші кандидаттың есімі Рүстем Болатұлы Жахинды. 1997 жылы туған ол Біржан сал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы. Үшінші кандидат – Денис Александрович Езовты. 1982 жылы туған, Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы. Төртінші кандидат - Асылбек Медхатұлы Зейнатулинды. 1970 жылы туған ол уақытша жұмыссыз. Төрт кандидаттың үшеуі өзін-өзі ұсынғандар.
Ал Бурабай ауданының Веденов ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген. Соның бірі 1980 жылы туған, округтің бұрынғы әкімі Мақсат Илюбайұлы Имамбаев. Келесі үміткер 1982 жылы туған, Щучинск қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Боташұлы Омаров. Үшінші кандидат Бурабай ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Рахат Сайранұлы Сыздықов.
Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкіміне де үш кандидат тіркелген. Атап айтсақ, олар 1976 жылы туған, Бауман ауылы әкімі аппаратының бас маманы Денисюк Светлана Александровна. 1987 жылы туған Ұзынкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Мұсабаева Жанар Төлеубайқызы. Соңғысы 1980 жылы туған Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Тапалов Дархан Берікұлы. Сайлауға үміткер ретінде тіркелген үш кандидат та өзін-өзі ұсынғандар.
- 24 мамырда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Рамазанова комиссия отырысында Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасаған болатын. Ол өз хабарламасында 2024 жылғы 24 мамырда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады. Ол кандидаттың әрқайсысымен жеке-жеке таныстырды. Тіркелген кандидаттың бірі осы округ әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Мамедов Рустам Тамразович. Екіншісі Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы Мұқашев Ербол Сәкенұлы. Бұл екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Ал үшінші кандидат 1971 жылы туған Сағынбаев Қанат Көбегенұлы. Бұл азаматты «Amanat» партиясы ұсынып отыр. Сол жиында кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, оның аяқталу мерзімі туралы толық ақпарат берілді, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.
Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу барысында да осындай комиссия отырысы өтіп, кандидаттар таныстырылды. Мұнда да ауылдық округіне ұсынылған үш кандидаттың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Оның біреуі жұмыссыз, 1975 жылы туған Махамбетов Аслан Төлегенұлы. Ал 1988 жылы туған Ещанова Ризагүл Гапесқызы Бұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болса, 1991 жылы туған Қалиева Әсел Болатқызы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округтеріне тіркелген кандидаттар саны төртеу. Оның бірі осы округтің бұрынғы әкімі Зейнулла Кенесұлы Айтимбетов. Келесі үміткер «Батыс» орманшылығының орманшысы Мекебай Тұрғанұлы Жилкибаев. Үшінші үміткер Софиевка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асель Маратқызы Кинтонова болса, төртінші кандидаттың есімі Самат Талғатұлы Тлеужан. Ол Қабанбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
- Ақмола облысында бұған дейін де бірнеше сайлау ұйымдастырылып, ұйымшылдықпен өткізілген. Соңғысы 5 мамырда 6 ауданның 6 ауылдық округте өткен болатын. Ондағы сайлау барысында бірқатар ауылдық округтің әкімдері өз орындарын сақтап қалса, қалғандарына жаңа әкімдер қызметке кірісті. Ендігі кезекте алдымызда тұрған тағы бір сайлау бар. Ол маусым айының 16-на белгіленген 7 ауданның 9 ауылдық округі әкімін сайлауы. Бұл ауданда да дайындық жұмыстары басталып, сайлау учаскелері ашылып, жұмыс істеуде. 16 маусымға белгіленген сайлау да жоғарыда өткен сайлаулар сияқты өз дәрежесінде өтеді деген ойдамын, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич.