Абай облысында алдағы сайлауға кандидаттар тіркелді

Oinet.kz 24-05-2024 119

Елімізде ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл науқанның өткен сайлаулардан айырмашылығы – сайлау бір реттік болмайды, ол әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өтеді. Ендігі кезекте өкілеттік мерзімі аяқталған  Абай облысының Жарма ауданының Аршалы ауылдық округі әкімдігінде сайлау 30 маусымға қойылып отыр. 

Screenshot_9.jpg

Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Есенжолованың айтуынша, кешегі күні, дәлірек айтсақ, 10 маусымда Аршалы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар тіркелді. Оның бірі 1992 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мәсәлім Ерғалиұлы Абдулин, екінші кандидат – 1993 жылы туған, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алмас Аманұлы Болатов. Екі кандидат та сайлауға өз-өздерін ұсынғандар. Үшінші кандидат – 1980 жылы туған, Аршалы ауылдық округінің әкімі Мирлан Далелханұлы Қасымханов. Ол «Amanat» партиясы атынан түсіп отыр. 

- Бүгінгі таңда алдағы сайлауға түсетін кандидаттар белгілі болды. Оларға сайлау талаптары толық түсіндірілді. Жалпы әдетте дауыс беру күні демалыс күніне сәйкес келеді, бұл сайлаушыларға жұмыс уақытында алаңдамау үшін ыңғайлы. Менің ойымша, бұл тәжірибе дұрыс және оны жалғастыра беруіміз керек. Сонымен қатар бұл науқанның айырмашылығы – сайлау бір реттік болмайды, ол әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өтеді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тағайындайды. Сайлау науқанының жалпы ұзақтығы – бір ай. Сайлау әкімнің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын белгіленеді және кемінде 10 күн бұрын өткізіледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады. Ұсыну мерзімі сайлау өтетін күнге 15 күн қалғанда, сағат 18.00-де аяқталады. Егер ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бір ғана кандидат тіркелген болса сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін ұзартады. Бұл жерде кандидаттарды кімдер ұсынады деген сұрақтың туындайтыны белгілі. Атап айтқанда, біріншіден – саяси партиялардың мүшесі ретінде саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсына алады. Екіншіден, әрбір кандидаттың өзін-өзі ұсынуға құқы бар. Ол тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызының қолдауына ие болуға тиіс.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге дейін бір ғана кандидат тіркелген болса, онда сайлау комитеті кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша кемінде екі кандидат ұсынуға құқылы, - дейді Ж.Есенжолова.

Оның айтуынша, сайлауға кандидатарды тіркемейтін жағдайда болады. Яғни қандай жағдайда кандидат бола алмайды? Атап айтар болсақ, біріншіден, сот шешімі бойынша жазасы өтелмеген немесе алынбаған адам, екіншіден сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқықбұзушылық үшін кінәлі деп танылған адам. Осы талаптар үнемі ескеріліп отырады.

Жалпы округ әкімдігінен үмітті кандидат 25 жастан асқан Қазақстан азаматы болуға тиіс. Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлауға 10 күн қалғанда, сағат 18.00-де аяқталады. Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарға тиісті куәліктер береді. Тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидатты тіркеу туралы хабарлама жарияланады. Ал сайлау алдындағы үгіт жұмыстары сайлау күніне 10 күн қалғанда кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады. Сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

- Дауыс беру күні сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскелерінде дауыс санау дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығарылады. Сайланған әкімдерді тіркеу ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары 7 күн ішінде сайланған әкімді тіркейді, сайланған әкімге тиісті куәлік береді. Сайланған әкімнің өкілеттілігі оны аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады, - дейді Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Есенжолова. 

Ауыл әкімі сайланды
Қостанай облысында 16 ауылдық округінде әкім сайлауы 23 маусымға белгіленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу