Қостанай облысында 16 ауылдық округінде әкім сайлауы 23 маусымға белгіленді

Oinet.kz 24-05-2024 137

Қостанай облысында 23 маусымға 10 аудандағы 15 ауылдық округте ауыл әкімінің сайлауын өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, ол аудандар қатарында Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандары бар. 

Screenshot_10.jpg

Жалпы орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойыша, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдар әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөнінде негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбе жоспары бекітілген. Жалпы елімізде барлығы 2346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың бәрі бұрын ұсынылған қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен алғашқы жылдың өзінде сегіз жүзге жуық ауылдық округ әкімі қайта сайланды. Одан кейінгі жылдар да бұл наухан өз жалғасын тауып, сайлау ауыл әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізіліп келеді. Осылайша, халықтың тікелей сайлауы арқылы мемлекетті басқаруға қатысу қағидаты дәйекті түрде іске асырылып жатыр. 

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, облыстық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған әкім сайлауын  Әулиекөл ауданының Новоселов, Денисов ауданының Қырым, Бейімбет Майлин ауданының Павлов, Қарабалық ауданының Победа, Қарасу ауданының Жамбыл, Люблин және Қарасу, Қостанай ауданының Александров және Заречный, Меңдіқара ауданының Михайлов, Сарыкөл ауданының Веселоподол мен Урожайное, Ұзынкөл ауданының Новопакров,  Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтерінде өткізу жоспарланған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Президентіміздің тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да екі жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. 16 мамырда облысымыздың 4 ауданның 4 ауылдық округінде сайлау өткізіліп, жаңа әкімдер сайланды. Ол сайлауға облысымыздың Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Қостанай ауданының Мичурин, Меңдіқара ауданының Қарақоға, Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округтері қатысты. Сайлау қорытындысы шығарылып, жаңа әкімдер аудан активтерімен, округ тұрғындарына таныстырылып, қызметке тағайындалды. Ал өткен сайлаудың қорытындысына тоқталар болсақ, сайлаудың әділ, тартысты өткенін көреміз, - дейді төраға орынбасары Жамиля Баянқызы.

19 амырда өткен сайлау қорытындысына қарайтын болсақ, Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі кандидатурасына үш үміткер тіркеліп, сайлауға түсті. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 3807 сайлаушының 2519-ы дауыс берді. Дауыстар кандидаттар арасында, айтап айтсақ, Б.Жұағалиев 183, К.Майшин 2084, ал К.Саркин 211 болып бөлінді. Сөйтіп Мичурин ауылдық округінің әкімі болып 1965 жылы туған, Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округінің әкімі, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған  Майшин Талгат Кенжебайұлы сайланды. Ал Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың басым дауысына ие болған Мырзағалиев Қолқанат Сақтағанұлы Қарақоға ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1980 жылы туған ол «ҚР АШМ АК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. Оның кандидатурасын «Aьфтфе» партиясы» ұсынылған еді.

Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округі әкімінің Сайлауында басым дауысқа Гвоздулина Диана Кайсаровна ие болып, Пресногорьков ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1994 жылы туған ол осы округ әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген. Ол өзін-өзі ұсынған болатын. Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың басым дауысын жинаған Сапабеков   Сүндетбай Сәлімжанұлы Калинин   ауылдық   округінің   әкімі   болып   сайланды. Сүндетбай Сәлімжанұлы,1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз ол сайлауға өзін-өзі ұсынған болатын. 

Сондай-ақ ол ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезіндегі сайлау комиссиясының өкілеттіктерін баяндады. «Сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін басталады және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол кандидаттарды ұсыну жолдарын айтты. Оның айтуынша, саяси партия мүшелері қатарынан саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Екіншіден сайлауға өз-өзін ұсынушы дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызынан қол жинау арқылы, өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін ел азаматы жасы 25-тен кем емес, әрекетке қабілетті, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы, заңда белгіленген тәртіппен танылған соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау дерегі болмауы тиіс.

«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде бір пайызы дауыс беруі тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни сайлау күніне дейін 10 күн бұрын және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат он екіде аяқталады», - деп қосты Жамилия Байанқызы.

Оның айтуынша, сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде белгілейді. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды. Ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жұмыстарын жасайды. Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Абай облысында алдағы сайлауға кандидаттар тіркелді
Кандидаттарды кімдер ұсына алады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу