Ауыл әкімі сайланды

Oinet.kz 23-05-2024 104

9 маусымда өңіріміздің бірқа¬тар елді ме¬кендерінде әкім сайлауы өтті. Маңызды саяси науқан Жетісу облысының Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғын-дар бұл лауазымға үміткер ретінде тіркелген үш адамға дауыс берді. Кандидаттардың есімі тұрғындарға жақсы таныс. Олар тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Сайлауалды бағ-дарламаларына елді мекеннің түйткілді мәселелерін енгізіп, оларды шешу жолдарын қарастырыпты.

Screenshot_8.jpg

Бұл сайлау ауылдық округ әкі¬мінің өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асы¬рыл¬ды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсеновтың айтуынша, Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі болуға ниетті үш үміткердің есімі белгілі болған еді. Біріншісі, Сарыөзек ауылдық округі аппаратының бас маманы Гүлмира Байболат. Екінші үміткер уақытша жұмыссыз жүрген Бахытжан Бектеміров. Үшінші кандидат Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Әділет Болатов. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші өткен сайлау қорытындысы бойынша халық осы кандидаттардың ішінен өз таңдауларын жасады. 

Сайлау учаскесі таң¬ғы сағат 7:00-де ашылып, алғашқы дауыс берушілер келе бастады. Солардың бірі – Қайыржан Орақбай. Ол ауылдағы мектепте ұстаздық етіп, зейнетке шыққан. Әлі күнге бала тәрбиесіне арнаған еңбек ардагері мұндай маңызды іс-шаралардан тыс қалған емес.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылға жақсы көңіл бөліп отыр. Соның арқасында ауылымыз жыл санап жаңара түскен. Су мен жол мәселесі біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Бізді жас¬тардың жұмыссыздығы мәселесі алаңдатып отыр. Жұмыспен қамту¬ды бірінші орынға қою керек деп ойлаймын. Мәдениет жағын дамы¬туға да көп көңіл бөлінсе құба-құп, бізде бұл сала ақсап жатыр, – деді ол.

Сарыбұлақ елді мекені тұрғын¬дарының айтуынша, округ әкіміне лайықты тұлғаны тұрғындардың өзі таңдауы өте дұрыс шешім. Бұл – әкімнің халыққа жақын болуына сеп. Сайлаудың қорытындысы бойын¬ша 164 дауыспен Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Болатов Әділет Әлібекұлы сайланды. 1989 жылы туған ол өзін-өзі ұсынған болатын. Сайлаушылардың берген дауысына қарап ақ сайлаудың әділі әрі тартысты өткенін көруге болады. Жалпы сайлауға 766 дауыс берушінің тек 329-ы ғана қа¬тысты.

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сарыбұлақ  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесі белгілі болды. Сарыбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 766 азамат енгізілсе, оның 329-ы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған. Мұнда да кандидаттар саны 3 адам. Оның біреуін «Аmanat» партиясы ұсынcа, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Дауыс беру қорытындысында Гүлмира Байболат сайлаушылардың 4, ал Бахытжан Бектеміров 148, Әділет Болатов 164 дауысын жинаған. Қорытындысы жоғарыда айтылғандай Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Болатов Әділет Әлібекұлы сайланды, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсенов. 

Абай облысында Дмитриевка ауылдық округінің әкімі сайланды
Абай облысында алдағы сайлауға кандидаттар тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу