Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Абай облысының Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 маусымға тағайындалған әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Сайлау Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округінде болды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Харченконың айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 1 мамырда Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 9 маусымға Абай облысы, Бородулиха ауданы, Дмитриевка округ әкімдерінің сайлауын тағайындады. 2 мамырдан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі екені хабарланды.
Сонымен осы жылдың 14 мамырда ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде 3 кандидат ұсынылды. 2 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидатты «Amanat» партиясынан ұсынған болатын. Өзін-өзі ұсынылған кандидаттың бірі Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру «Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»-директорының орынбасары Юлия Александровна Иргайбаева. Екіншісі аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Альви Алиұлы Мартаев. Ал «Amanat» партиясы ұсынған кандидат Дмитриевка ауылының әкімі Қайрат Кенесбекұлы Нұрлыбеков.
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Дмитриевка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 754 сайлаушлар енгізілсе, оның 604-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Дмитриевка ауылдық округінің әкімі болып Нурлыбеков Кайрат Кенесбекұлы сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 10 маусым шешімімен Бородулиха аудандық Дмитриевка ауылдық округі әкімі болып сайланған – Нурлыбеков Кайрат Кенесбекұлы тіркелді, - дейді Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Харченко.
Ал ауыл ақсақалы Нұрмақан Қуатұлы сайлаудың округте ұйымшылдықпен өткенін айтты. «Ауыл әкімін сайлау ауыл тұрғындары үшін де, ауыл жастары үшін де, қарт кісілер үшін де, жалпы халық үшін маңызды деп есептеймін. Өйткені ауыл әкімін сайлаумен олардың жағдайын түзеуі немесе артқа кетуі соған байланысты болады ғой. Ауылда қала сияқты өмір сүруді жағдай жасау үшін ауыл әкімімін сайлағанда өте мұқият болу керек деп есептеймін. Дегенмен бүгін біз дұрыс таңдау жасағанымызды сайлаудың қорытындысынан көріп, біліп отырмыз, - дейді ол.