Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Шығыс Қазақстан облысында да 9 маусымға белгіленген аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алқанованың айтуынша, облысқа қарасты Глубокое мен Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 9 маусымға тағайындалған әкім сайлауы сайлау талаптарына сәйкес өткізілген.
Катонқарағай ауданының Ақсу, Глубокое ауданының Белоусовка кенті мен Быструха, Опытное поле ауылдық округтерінде сайлау таң сәріден басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталған.
- Қазіргі таңда сайлау жүйесінде ашықтық бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сайлау жүйесі жаңаша түрленді. Халықтың да көзқарасы өзгергені байқалады. Облыстың екі ауданында сайлау өткізгенде байқағанымыз, сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысын берушілердің қатары арта түскен. Бұл қуанарлық жағдай. Сайлауға түсетін кандидаттар өткен айдың 19 мамырында тіркеліп, кешеге дейін өздерінің үгіт-насихатын жүргізді. Жалпы сайлауға кандидат ретінде 9 үміткер тіркелді, - дейді Жанат Ахметқалиқызы.
Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Ақсу ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ретінде 19 мамырда үш кандидат тіркелген еді. Оның бірі – Қатонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі Айтас Айқынұлы Нұрқас. Екінші кандидат – «Үлкен-Нарын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Мұрат Ерболатұлы ҚҰнанбаев. Үшінші кандидат – Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Аяулым Ержанқызы Қабдуалиева. Үш кандидат та өз-өздерін ұсынған.
Ал Глубокое ауданы Белоусовка кенті әкімдігіне үміткер ретінде тіркелгендердің бірі жеке кәсіпкер Николай Петрович Мерзликин. Екіншісі, жұмыссыз жүрген Анатолий Анатольевич Ташниченко. Үшінші үміткер - №1 Белоусовка атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алена Владимирова Тимофеева. Мұндағы үш кандидат та өз-өздерін ұсынғандар. Быструха ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұнда ауыл әкіміне үміткер ретінде де үш кандидат тіркелген болатын. Атап өтсек, оның бірі – уақытша жұмыссыз жүрген Кадыр Есенгельдинұлы Ахметов. Оның кандидатурасына «Amanat» партиясы ұсынған. Ал екінші кандидат Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Зимовьев арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Аслан Адилханұлы Мұханов. Үшінші кандидат – Глубокая ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Фарида Бағыланқызы Шаяхметова. Соңғы екеуі өз-өздерін ұсынғандар. Ал Опытное поле ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Анна Юрьевна Кимасова, Белоусовка кенінің әкімі Татьяна Георгиевна Селезнева және Глубокое кенті әкімінің орынбасары Анжелика Андреевна Табакаева тіркелген еді. Татьяна Георгиевнаны «Amanat» партиясы ұсынса, қалған кандидаттар өз-өздерін ұсынғандар.
Жалпы 9 маусымда өткен сайлау қорытындысымен Шығыс Қазақстан облысының 2 ауданында 4 ауыл әкімі сайланды. Мәселен, Глубокое ауданы Белоусовка кенті әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны 6599 болса, оның 4040-ы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. Сайлау қорытындысында Мерзликин Николай Петрович 295, Ташниченко Анатолий Анатольевич 3328, ал Тимофеева Алена Владимировна 306 сайлаушы дауысына ие болды. Барлық үміткерге қарсы дауыс белгісін соққан 59 бюллетень анықталды дауыс санау барысында. Дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1993 жылы туған, жұмыссыз, Ташниченко Анатолий Анатольевич Белоусовка кентінің әкімі болып сайланды.
Ал Быструха ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны 878 болса, онда 568-і дауыс берген. Сайлау қорытындысында Ахметов Қадыр Есенгелдіұлы 451, Мұқанов Аслан Әділханұлы 64, ал Шаяхметова Фарида Бағланқызы 36 сайлаушының дауысын жинаған. Мұнда «Барлығына қарсы» белгісі бар 16 бюллетень анықталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1970 жылы туған, жұмыссыз, Ахметов Қадыр Есенгелдіұлы Быструха ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Опытное Поле ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұнда тізімдегі 3226 сайлаушының 1752-і өз таңдауын жасаған. Сайлау қорытындысында Кимасова Анна Юрьевна 263, Селезнева Татьяна Георгиевна 918, Табакаева Анжелика Андреевна 222 сайлаушының дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 38-ді құрады. Дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1972 жылы туған, Белоусовка кентінің әкімі, Селезнева Татьяна Георгиевна Опытное Поле ауылдық округінің әкімі болып сайланды.