Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
9 мамырға белгіленген Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауына округ тұрғындарының 78 пайызы қатысып, өз таңдауларын жасады. Онда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінде 2 кандитаттың есімі жазылған.
Жетісу облысына қарасты Қаратар аудандық Елтай ауылдық округінің тұрғындары биыл алғаш рет ауыл әкімін таңдады. Сайлау күні таңертеңнен бастап саяси науқанға келушілердің саны көп болған. Комиссия мүшелері олардың дені жастар екенін айтады. Ел ертеңіне бүгіннен алаңдаған тұрғындар ауылдағы әлеуметтік мәселелер уақыт өтпей шешілсе екен деп отыр.
Елтай ауылдық округінің тұрғындары өздерінің жаңа әкімдерін сайлауға таңалакеуімнен кірісті. Жалпы ауыл тұрғындарының саны жеті жүзге жуықтайды. Сайлау күні ауыл тұрғындары учаскелік сайлау нүктесінде тұрғындар белсенділік танытты. Кешке дейін тізімде тұрған тұрғындардың 80 пайызы келіп, өз таңдауларын жасады.
«Сайлау учакесінде 608 сайлаушы бар. Оның ішінде 2 сайлаушы денсаулығына байланысты келіп дауыс бере алмайды. Сол себепті біздің мамандар үйлеріне барып дауыстарын алып келді», – деді Елтай ауылдық округіндегі сайлау учаскесінің өкілі.
Елтай ауылдық округі бойынша 3 кандидат әкім қызметіне үміткер. Бірінші үміткер Саякбаев Ілияс Маратұлы, 1993 жылы туған, Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Үштөбе қаласының тұрғыны. Екінші кандидат Таңсықбаев Ермек Жексенбекұлы, 1996 жылы туған, Қаратал ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы. Үшінші үміткер Үштөбе қаласы әкімінің орынбасары Зәбиев Әділбек Қазбекұлы. Ол 1983 жылы туған. Үш үміткердің екеуі өз-өздерін ұсынғандар. Бәрі Қазақстан азаматы, әрқайсысы бүгінге дейін түрлі бағытта мемлекеттік қызметте жұмыс атқарып келеді.
Дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінде 2 кандитаттың есімі жазылған. Одан бөлек, 4-бағанада бәріне қарсымын деп көрсетілген. Яғни, дауыс беруші ешкімді таңдамай бәріне қарсы екендігін де білдіре алады.
Дауыс берушілердің көпшілігі қазір Елтай ауылдық округінде әлеуметтік мәлелелердің шешілгенін қалайды. Жол, ауыз су мен мектеп тапшылығы. Аудан тұрғындары жаңа әкімнен осы секілді халық тұрмысының тіктеуіне ықпал ететін шаруаны жүргізетініне үмітті.
- Елімізге тек жақсылығы болсын. Әр әкім өзінің жақсы жаңалығымен бөлісіп тұрса, сол бақыт бізге. Жаңа әкімнен не күтеміз, ол су мәселесін шешіп берсе жақсы болар еді, – деді Елтай ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Қадір.
«Өзімнің белсенділігімді танытып, сайлауға қатысып отырмын. Жаңа әкімнен жол мәселесін, жаңа мектептердің салынуын күтеміз, осы мәселелер шешіледі деп ойлаймыз», – деді Елтай ауылдық округінің тұрғыны келесі тұрғыны Мақсат Әбіш.
Сондай-ақ, сайлау учаскесі санитарлық талаптарға сай. Кіре берістен бастап дезинфекция тунелі ораналасқан. Әр сайлау учаскесінде медибикелер тұрғындардың дене қызуын өлшеп, бетпердесінің бар-жоғын тексеріп кіргізеді. Одан бөлек, адамдардың бір жерге топтасып жиналмауы үшін учаскелік сайлау үйіне кіретін есік бөлек, шығатын есік бөлек қарастырған.
Сонымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Елтай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін кеше белгілі болды. Атап айтсақ, Елтай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 608 азамат енгізілсе, оның 479-ы өз таңдауын жасаған. Жалпы сайлау тізіміндегі округ тұрғындарының 78,8 пайызы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген. Дауыс санау барысында 11 бюллетен жарамсыз болса, 8 адам екі кандидатқа да қарсы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Зәбиев Әділбек Қазбекұлы 394, Саякбаев Ілияс Маратұлы 34, Таңсықбаев Ермек Жексенбекұлы 32 сайлаушының дауысына ие болған. Сөйтіп «Amanat» партиясы ұсынған, 1983 жылы туған, Үштөбе қаласының тұрғыны Әділбек Қазбекұлы Зәбиев Елтай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 9 маусымда сайланған Қаратал ауданы Елтай ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 10 маусымда №15 қаулысымен тіркеді.