Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
9 маусымда Жетісу облысында кезекті сайлау өткізілді. Ол сайлау облыстың Алакөл, Қаратал және Кербұлақ аудандарында ұйымдастырылды. Дәлірек айтсақ, сайлау облыстың Алакөл ауданындағы Ырғайты, Қаратал ауданының Елтай мен Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округтерінде өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсеновтың айтуынша, Жетісу облысында жыл басынан бері 4 сайлау өткізілді. Сайлауға облыстың 7 ауданы қатысып, 9 ауылдық округтің әкімі сайланды.
- Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Биыл 11 ақпанда облысымыздың Ақсу ауданындағы Арасан, Кербұлақ ауданындағы Басши және Көксу, Сарқан ауданындағы Қарабөгет ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, 3 наурыз бен 17 наурыз күндері Алакөл ауданының Жанама, Көксу ауданының Лабасы ауылдық округтерінде өтсе, 19 мамырда Алакөл ауданының Тоқжайлау, Талдықорған қаласының Еркін және Өтенай ауылдық округтерінде ұйымдастырылды, - дейді Самат Бейсенов.
Ол өз сөзінде соңғы аудан мен қалада өткен ауылдық округ әкімдерінің сайлауына ерекше тоқталды. «Өткен сайлауларда біз халықтың әкім сайлауына деген сенімнің артқанын көрдік. Бастысы халық әрбір дауыстың маңызды екенін сезініп, сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасады. Жалпы ауылдық округ әкімдері сайлауында ілгерілеу бары бізді де қуантып отыр. Бір жағы сайлау учаскелеріндегі мамандардың да білім деңгейінің жоғарылағаны көрсеткіштің жоғарылауына өз септігін тигізіп отырғанын айтпай кетуге болмайды» дейді Самат Бейсенов. Ал өткен сайлау қорытындысына келер болсақ, Алакөл ауданынның Токжайлау ауылдық округі әкімінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1045 азаматтың 740-ы сайлауға қатысып дауыс берген. Санақ барысында жарамсыз бюллетеньдер саны 12-і құраса, 6 адам барлық кандидатқа қарсы дауыс берген. Дауыс саны бойынша кандидаттар арасында Алмас Дюсембекұлы 575 дауыспен алға шықты. Ал Керімбай Актымбаев 70, ал Ертай Калиев 77 дауысқа ие болды. Сөйтіп Тоқжайлау ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, осы округтің бұрынғы әкімі Дюсембекұлы Алмас сайлауда өз орнын сақтап қалды. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған болатын.
Сондай-ақ Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің әкімдері де сайлау барысында белгілі болды. Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Алакөл ауданынның Токжайлау ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіленді. Сөйтіп Еркін ауылдық округінің әкімі сайлаушылардың 527 дауысына ие болған Қанат Сағымханұлы Рыспеков сайланды. «Amanat» партиясынан ұсынылған 1980 жылы туған кандидат жеңіске жетіп, қызметіне кірісті.
Өтенай ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұнда сайлаушылардың 1152 дауысын иеленген Малтаев Руслан Ырысбекұлы округ әкіміне лайық кандидат ретінде таңдалды. Ол сайлауға өзін-өзі ұсынған болатын.
- 9 маусымда өткен сайлау бойынша айтар болсақ, алдымен 19 мамырда Алакөл ауданындағы Ырғайты, Қаратал ауданының Елтай мен Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округтерінде кандидаттар сайлау талаптарына сай тіркелді. Мәселен, Ырғайты ауылдық округі бойынша айтар болсақ, кандидат ретінде үш үміткер сайлау талаптарына сай құжат өткізген болатын. Соның бірі Жаңғал ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы Тілек Қабылбеков. Оның туған жылы 1994. Екінші кандидат аталған округтің бұрынғы әкімі Дауренбек Мукабаев. Үшінші кандидат Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Еркебұлан Тұрғанов. Үш кандидат та өз-өздерін ұсынғандар.
- Ал Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкіміне екі кандидат тіркеді. Бірінші үміткер Саякбаев Ілияс Маратұлы, 1993 жылы туған, Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Үштөбе қаласының тұрғыны. Екінші кандидат Таңсықбаев Ермек Жексенбекұлы, 1996 жылы туған, Қаратал ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы. Екі үміткер де өз-өздерін ұсынғандар.
- Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі болуға ниетті үш үміткердің есімі белгілі болған еді. Біріншісі, Сарыөзек ауылдық округі аппаратының бас маманы Гүлмира Байболат. Екінші үміткер уақытша жұмыссыз жүрген Бахытжан Бектеміров. Үшінші кандидат Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Әділет Болатов. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші өткен сайлау қорытындысы бойынша халық осы кандидаттардың ішінен өз таңдауларын жасады, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсенов.
Жексенбі күні Алакөл ауданынның Ырғайты ауылдық округінде әкім сайлауы сәтті өтті. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1475 азаматтың 1075 дауыс берді. Санақ барысында 20 бюллетень жарамсыз болып қалса, 12 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген жолда белгі соққан. Дауыс қорытындысында сайлаушылардың Қабылқанов Тілек Болатұлы 77, Мукабаев Дауренбек Кадирбекұлы 881, ал Тұрғанов Еркебұлан Серікханұлы 85 дауысына ие болды. Сонымен жеңіске өзін-өзі ұсынған, Көктұма ауылының тұрғыны, 1988 жылы туған Дауренбек Мукабаев Ырғайты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі бойынша айтар болсақ, сайлаушылар тізіміне 608 азамат енгізілсе, оның 479-ы өз таңдауын жасаған. Жалпы сайлау тізіміндегі округ тұрғындарының 78,8 пайызы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген. Дауыс санау барысында 11 бюллетен жарамсыз болса, 8 адам екі кандидатқа да қарсы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Зәбиев Әділбек Қазбекұлы 394, Саякбаев Ілияс Маратұлы 34, Таңсықбаев Ермек Жексенбекұлы 32 сайлаушының дауысына ие болған. Сөйтіп «Amanat» партиясы ұсынған, 1983 жылы туған, Үштөбе қаласының тұрғыны Әділбек Қазбекұлы Зәбиев Елтай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
- Ал Сарыбұлақ туралы айтатын болсақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сарыбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесі белгілі болды. Сарыбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 766 азамат енгізілсе, оның 329-ы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған. Мұнда да кандидаттар саны 3 адам. Оның біреуін «Аmanat» партиясы ұсынcа, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Дауыс беру қорытындысында Гүлмира Байболат сайлаушылардың 4, ал Бахытжан Бектеміров 148, Әділет Болатов 164 дауысын жинаған. Сонымен Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Болатов Әділет Әлібекұлы сайланды. 1989 жылы туған ол өзін-өзі ұсынған болатын. Сайлаушылардың берген дауысына қарап ақ сайлаудың әділі әрі тартысты өткенін көруге болады, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсенов.