Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкімін сайлауын өткізу 23 маусымға белгіленген. Қазіргі таңда округі әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерзат Садықовтың айтуынша Алматы облысында жыл басынан бері жалпы 23 ауылдық округте округ әкімінің сайлауы өткізілген. Атап айтсақ, 18 ақпанда Балхаш, Жамбыл, Райымбек және Қарасай аудандарының Береке, Жиделі, Ақтерек, Талап, Шәлкөде мен Айтей ауылдық округтерінде өтсе, 3 наурызда Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарының Шелек, Түрген, Жалаңаш, Сүмбе және Шамалған ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Ал 5 мамырда Еңбекшіқазақ пен Ұйғыр аудандарының Малыбай мен Кіші Дихан және Қырғызсай ауылдық округтерінде өтті.
Кешегі күні, дәлірек айтсақ, 2 маусым күні Балқаш ауданына қарасты Бақбақты, Бірлік, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы, Жамбыл ауданының Бозой, Қарақастек және Теміржол, Қарасай ауданының Жібек жолы, Райымбек ауданының Текес пен Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округтері қатысып, 9 әкім сайланып, қызметтеріне тағайындалды.
- Бүгінгі таңда 23 маусымға тағайындалған Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округінің әкімі болуға үш кандидат тіркеліп, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Бірінші кандидат – Берік Бейсембайұлы Төлегенов. 1998 жылы туған ол Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы болып жұмыс істеуде. Екінші кандидат – Сырым Аханұлы Ноғайбаев. 1991 жылы дүниеге келген ол Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы. Екі үміткер де өз-өздерін ұсынғандар. Ал үшінші кандидат – НұрсұлтанБейбітұлы Жолдаспеков. 1993 жылы туған ол Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Бұл кандидатты «Amanat» париясы ұсынып отыр. Үміткерлердің барлығы да жоғары білімді. Кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте біз учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдаудамыз. Өйткені сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерзат Садықов.
Оның айтуынша сайлау талаптарына сай азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады. Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу: олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын; оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Ал азаматтарды тіркеу: тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақүйлерде; демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде; саяжай бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің тұрғын үй-жайларында; интернат-үйлерінде, тұрғын үйге ыңғайланған қызметтік ғимараттарда тұрақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Сайлаушылардың тізімдері – Сайлауға қатысу үшін қажетті шарт сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды. Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбір сайлаушы тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей
Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сіз сол жердің әкімдігіне сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады. Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сіз сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз. Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілкіті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Сайлаушы өзі дауыс береді. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сізге сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде беріледі. Сіз сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығыңыз туралы қол қоясыз. Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде сізден басқа кімнің болса да, кіріп тұруына тыйым салынады. Егер сіздің бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылысыз, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сіздің бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады. «Ол сенетін адам сайлау комиссиясының мүшесі; жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы; кандидаттың немесе саяси партияның сенім білдірілген адамы; бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі - журналист; тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы болмауы керек» дейді Ерзат Садықов.
«Егер сайлаушы: денсаулығы бойынша; науқас отбасы мүшесін күту себебі бойынша; сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болып, дауыс беру үшін келе алмайтын болса, ол адам учаскелік сайлау комиссиясына өзіңіз болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік сайлау комиссиясы оның көрсеткен мекен жайы бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс», дей келіп Ерзат Садықов электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары тоқталды.
«Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады. Электрондық дауыс беру жүйесі көптеген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп, Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз. Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады. Біздің Республикамызда бүгін жоғары технологияларды барлық тіршілік салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сайлаушы Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектеседі, сондай-ақ барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасызетеді, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сенімді арттырады», -дейді ол.