Маңғыстау облысының 5 ауданында сайлау өтіп 7 әкім сайланды

Oinet.kz 17-05-2024 153

Маңғыстау облысында 2 маусым күні Қарақия ауданының Құрық ауылы әкімінің сайлауы өтіп, сайлау қорытындысымен жеңімпаз анықталып, округ әкімі тағайындалды. Жалпы бұған дейін Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаровтың айтуынша, жыл басынан бергі уақытта төрт сайлау ұйымдастырылыпты.

Screenshot_30.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне кіріс те кетті. Ал, биыл бұл демократиялық үрдістің қисынды жалғасы ретінде облысымызда ауыл әкімдерінің сайлауы ақпан айынан бастап қайта басталып кеткен болатын. Сонымен ел азаматтарының мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыруды мақсат еткен сайлау Маңғыстау облысының 5 ауданында өтіп, 6 ауылдық округтің әкімі сайланды. Осы сайлаудың нәтижесінде 5 ауданда да мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар, әрі ел-жұрттың сеніміне ие болған 6  округке 6 азамат сайланып, бүгінде қызметтеріне кірісіп кетті, - дейді Жармағамбет Айтуаров. 

Жыл басындағы алғашқы сайлау Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданынағы Тұщықұдық пен Шайыр аудандық округтерінде 18 ақпанда өткізілген. Ал бұдан кейінгі ауыл әкімінің сайлауы 17 наурызға белгіленіп, Маңғыстау ауданының Шебір ауылдық округінде өткен болатын. Келесі сайлау 19 мамырда Бейнеу және Маңғыстау аудандарында ұйымдастырылды. 

- Облысымыздың Бейнеу мен Маңғыстау ауданындағы Боранқұл мен Ақшымырау ауылдық округтерінде ұйымдастырылған сайлауға округ тұрғындарының белсене қатысқанын көрдік. Мәселен, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысынн жариялады. Онда Боранқұл ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне енген 3835 сайлаушының 1519-ы сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге қатысқан. Бюллетеньдерді санау барысында 22 бюллетень жарамсыз болса, 20 сайлаушы «Бәріне қарсымын» белгісін белгілеген. Ал сайлауға түскен кандидаттар туралы айтар болсақ, екі үміткердің бірі Айғазыев Асқар Тұрсұнбайұлы 115, екінші кандидат Сиық Айтбай Сиықұлына 1362 дауысқа ие болған. Сайлау қорытындысымен Боранқұл ауылының әкімі болып Сиық Айтбай Сиықұлы сайланды. Ол 1977 жылы туған Боранқұл жалпы білім беретін мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Сайлауға өзін-өзі ұсынған. Ал Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылдық округі әкімінің сайлауында сайлауға қатысуы тиіс 630 сайлаушының 338-і қатысып, таңдау жасау мүмкіндігіне ие болды. Додаға түскен үш кандидат ішінен 266 дауыспен Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлына  суырылып алға шықты. Бұған дейін Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болған Абзал Бақытжанұлы Ақшымырау ауылының әкімі болып сайланды. 1996 жылы туған оны  «Amanat» партиясы ұсынған еді. Сөйтіп сайлау қорытындысымен жаңа әкімдер сайланып, өз істеріне кірісті, - дейді  Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағамбет Айтуаров.

Ал оның айтуынша, 2 маусым күні Қарақия ауданының Құрық ауылдық округінде өткен сайлау да учаскелік сайлау комиссиясы тарапынан алдыңғылары сияқты ойдағыдай өткізілді. Екінші маусымда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Құрық ауылының әкімі болып Сыдиық Есенкелдіұлы сайланды. 

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев сайлауда көпшіліктің дауысымен басымдыққа ие болған Сыдиық Есенкелдіұлын жаңа қызметіне тағайындады. Ауыл тұрғындарымен ашық түрде кері байланыс орнатып, ауылдың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Мееров сайланған әкімге қызметтік куәлігін табыстады. Сыдиық Есенкелдіұлы 1991 жылы 12 сәуірде Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген. 2013 жылы «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетін және 2016 жылы «Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер» университетін аяқтаған. Отбасылы. Алғаш еңбек жолын 2012 жылы Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінде инспектор болып бастаған. 2013 - 2017 жылдары Құрық ауылы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде жетекші, бас маман. 2017 - 2019 жылдары жеке секторда қызмет етті. 2020 жылы - Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман, 2020 - 2022 жылдары Құрық ауылы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметтерін атқарды. 2022 - 2023 жылдары Құрық ауылы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2023 жылдың қыркүйек айынан осы уақыт аралығында Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келген еді. 

Алматы облысының 6 ауданы 9 ауылдық округінде сайлау өтті
Шамалғанда округ әкімі сайлауына дайындық басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу