Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Алға, Байғанин, Қарғалы, Темір мен Шалқар аудандарында 2 маусым күні аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетованың айтуынша, сайлау Әйтеке би ауданының Жабасақ және Құмқұдық, Алға ауданының Қарақобда және Маржанбұлақ, Байғанин ауданының Ащы, Жарқамыс және Миялы, Қарғалы ауданының Бадамша, Степной және Шәмші Қалдаяқов, Шалқар ауданының Шалқар ауылдық округтері мен Темір ауданының Темір қаласы әкімдіктерінде ұйымдастырылды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің облыста да аудан әкімдері мен ауылдық округтің әкімдерін халық өздері сайлады. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан облысымызда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты, - дейді төрағаның орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.
Оның айтуынша, 6 ауданның 12 ауылдық округінде өткен сайлаудың қорытындысы шығарылып, жаңа әкімдер тағайындалды. Атап айтсақ,
Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысы бойынша 327 дауыспен Ербол Тулепов округ әкімі болып сайланды. Жалпы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 589 азамат енгізілсе, оның 433-і сайлауға қатысып өз таңдауларын жасаған. Жарамсыз бюллетеньдер саны 17 болса, «Бәріне қарсымын» деген жолда 7 сайлаушы белгі соққан. Ерболдың бір қарсыласы 32, екіншісі 50 дауыс жинаған. Сайлау қорытындысымен Жабасақ ауылдық округі әкімі болып 1981 жылы туған Ербол Турегалиевич Тулепов сайланды. Ол бұған дейін Аққұм орта мектебінің директоры қызметін атқарған.
Ал Құмқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауына округтегі 637 сайлаушының 343-і қатысып дауыс берді. Үш кандидаттың бірі 91, екіншісі 20 дауыс жинаса, Тілес Сарсенғалиев 230 дауыс жинап топ жарып алға шықты. Мұнда «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны 2 сайлаушы болды. Тілес Киікбайұлы Сарсенғалиев 1996 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Құмқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген. Қос ауылдық округтің әкімі де өз-өздерін ұсынғандар.
Алға ауданының Қарақобда және Маржанбұлақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауы талапқа сай өткізілді. Қарақобда ауылдық округі әкімінің сайлауына округтегі 425 азаматтың 263-і қатысып, өз таңдауларын жасаған. Сайлау барысында 5 бюллетень жарамсыз болса, 6 сайлаушы «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қалдырған. Ал кандидаттар арасында дауыс, төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Ж.Ботаханов 16, А.Ізтілеуов 221, Қ.Мамытханов 15 дауыс жинаған. Сөйтіп 1990 жылы туған Ізтілеуов Абат Қайратұлы Қарақобда ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі сайлауына сайлаушылар тізіміне енген 2370 азаматтың 1109-ы қатысқан. Дауыс санау кезінде 26 жарамсыз бюллетень анықталса, 12 сайлаушы «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қалдырған. Дауыс санына қарайтын болсақ, М.Еламан 902, Е.Тілеумұратов 87, ал Р.Өсербаев 82 дауысты иеленген. Округ әкімі болып 1986 жылы туған Миржан Асқарұлы Еламан әкім болып сайланды.
Байғанин ауданыны бойынша айтатын болсақ, мұндағы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтеріндегі әкім сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді. Ащы ауылдық округі әкімінің сайлауына 814 округ тұрғынының 384-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс санау кезінде 17 жарамсыз бюллетень анықталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны 2 сайлаушы болды. Үш кандидаттың ішінен басым дауысқа Жанғалиев Нұржан Абдірұлы ие болып, 252 дауыспен жеңіске жетті. Сөйтіп әкім орнына 1975 жылы туған, бұған дейін Байғанин техникалық колледжінің әдіскері болып жұмыс істеген Нұржан Абдірұлы сайланды. Ал Жарқамыс ауылдық округі әкіміне 796 дауыс жинаған Жұбаналин Асылхан Шоқанұлы сайланды. Сөйтіп 1989 жылы туған Асылхан Шоқанұлы өз орнын сақтап қалды. Миялы ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысымен
Сайлаушылардың басым дауысын бұған дейін жұмыссыз болған Мәнібаев Исатай Ауданбайұлы иеленді. Аудандағы үш ауылдық округте өткен сайлау қорытындысында «Amanat» партиясы ұсынған кандидаттар жеңіске жетті.
Қарғалы ауданының Бадамша, Степной және Шәмші Қалдаяқов ауылдық округтерінде әкім сайлауы ойдағыдай өткізілген. Бадамша ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтар болсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3931 азамат енгізілсе, оның 2830-ы сайлауға қатысып дауыс берген. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны төмендегідей бөлінді. Кандидаттар Т.Абдуллин 677, Е.Дабилдин 1960, А.Ұлықпанов 185 дауыс жинаған. Әкім лауазымына округтің бұрынғы әкімі Ернар Ерболатұлы Дабилдин қайта сайланды. Ол 1984 жылы дүниеге келген. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған болатын.
Ал Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтар болсақ округтегі 616 азаматтың 536-ы дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Мұнда да тіркелген кандидаттар саны үшеу. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар санымен Е.Жұмашев 36, Г.Новиков 41, Г.Нуредилова 459 сайлаушы сеніміне ие болды. Сөйтіп 1971 жылы туған, осы округтің бұрынғы әкімі Гүлмайра Ғабділғазизқызы Нуредилова өз орнын сақтап қалды.
Шәмші Қалдаяқов сайлау округі бойынша айтар болсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1002 азаматтың 792-і сайлауға қатысты. Г.Алтаева 110, С.Изтлеуов 625, ал А.Митанов сайлаушылардың 55 даусына ие болды. Сөйтіп жұмыссыз жүрген 1981 жылы туған Самат Советұлы Изтлеуов Шәмші Қалдаяқов ауылының әкімі болып сайланды. Мұнда да аудандағы үш ауылдық округте өткен сайлау қорытындысында «Amanat» партиясы ұсынған кандидаттар жеңіске жетті.
Шалқар ауданының Шалқар ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша 1991 жылы туған Тілеулесов Бек Молдағалиұлы ауыл әкімі болып сайланды. Бұған дейін ол осы әкімдіктің бас маманы болып жұмыс істеген. Ал соңғы Темір ауданының Темір қаласының әкімін сайлау да тартысты өтті. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1543 азаматтың 962-сі сайлауға қатысып өз таңдауларын жасады. Дауыс беру қорытындысында үш кандидат арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Яғни, Е.Далмагамбетов 606, Г.Нуртазина 108, ал Е.Сатаев 229 дауыс жинаған. Сөйтіп 1979 жылы туған Далмагамбетов Еркин Оразбекович Темір қаласының әкімі болып сайланды. Ол бұған дейін Ақтөбе қаласындағы «Агрофирма «Коквест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының көмекшісі болып жұмыс істеген. Оны кандидат ретінде сайлауға «Amanat» партиясы ұсынған еді.
- 2 маусым күні өткен сайлау сәтті өткізіліп, сайлау талаптары толық орындалды. Барлық аудандағы учаскелік сайлау комиссиялары өз міндеттерін толықтай абыроймен орындап шықты. Ендігі кезекте алдымызда тағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы күтіп тұр. Ол сайлау 7 шілдеге қойылған. Ол күні ауыл әкімдерінің сайлауы облысымыздың Жарма ауданындағы Аршалы, Қобда ауданынындағы Бегалы, Мәртөк ауданынындағы Аққұдық және Байнассай, Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласы мен Шалқар ауданындағы Жаңақоныс ауылдық округітерінде өтеді. Ол сайлауларды алда ойдағыдай өткіземіз деген сенімдеміз, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.