Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.
Сайлаушылардың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған семинарда сайлау науқанын ұйымдастыру барысындағы кейбір мәселелер туралы кеңінен түсініктер берілді. Мысалы, БАҚ өкілдеріне келетін болсақ, ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабы, 3-тармағына сәйкес, Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында БАҚ-пен онлайн-платформа пайдаланушылары өздерінің шарттарын орналастыру қажет. Мұның да өз мерзімдері бар, яғни, теркеу аяқталуына 5 күн қалғаннан кешікпей рәсімделу қажет. Кері жағдайды, үгіт материалдарын орналастыру жүзеге асырылмайды.
БАҚ өкілдері, өздері кандидат болып немесе сенімді өкіл болып тіркелген журналисттер немесе редакция өкілдері үгіт материалдарын шығаруға және оған қатысуға құқықтары жоқ.
Сондай-ақ, белгілі бір партияның немесе кандидаттың ар-ожданына, намысына, іскерлік қабілеттеріне кір келтіретін ақпаратты жариялауға БАҚ өкілдерінің құқығы жоқ. Яғни, барлық кандидаттарға тең объективті болуы тиіс. Бұл қағида онлайн-платформа пайдаланушыларына да қатысты.
-- Саяси партиялар мен кандидаттардың сайлауалды бағдарламасында нақты шектеулер көрсетілген, -- дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов. -- Яғни, бағдарлама заңға қайшы келмеуі керек және оның басты бағыты мен мақсатын, келешекте сайланған депутат орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, Ата заңымыз Конституцияда, «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық» деп көрсетілген. Олай болса, халыққа ұсынылатын бағдарламалар, уәделер мен межелер, орындалатындай мәтінде жасалуы шарт.
ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 113-12 бабына сәйкес, бірмандаттық сайлау округі бойынша сайланған депутаттар, сайлаушылардың сенімін ақтамаса оларды кері шақыртып алу құқығы берілген. Ол құқық сайланған депутаттың бірінші жылы мен соңғы жылы жүзеге асыруға жол бермейді. Ал, қалған 3-жылдық мерзімде іске асыруға толық мүмкіндік берілген. Яғни, өткен жылы сайланған депутаттарға қатысты сайлаушылар тарапынан әрекет етуге толық мүмкіндіктері бар. Яғни, аталған бап заңды күшіне енді.
Тағы бір ескеретін мәселе, үгіт барысында кез-келген тұлғаның бейнесін өзінің рұқсатынсыз пайдалануға жол берілмейді. Ол тұлға қайтыс болып кеткен болса, оның мұрагерлерінің жазбаша рұқсаты қажет.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін, кандидаттың немесе партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыратын тұлға – Сенімді өкіл.
Сенімді өкілдердің саны әр кандидаттың немесе партияның тиісті округ шекарасында орналасқан әр сайлау учаскесіне 3 адамнан аспайтын көлемде ұсыну мүмкіндігі берілген. Оларды тіркеп, куәлігін беретін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы.
Бұл тұлғаларға қойылатын шектеулер бар, олар кез-келген сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметкер және Сенат депутатының сайлауы кезінде мәслихаттар депутаты болмауы керек.
Сенімді өкілдер дауыс беру күні байқаушылар ие болған құққа ие болады және сайлау науқаны аяқталғанда өз өкілеттіктерін тоқтатады.
Егер оған дейін оны ұсынған кандидат немесе саяси партия бастамасымен немесе ұсынған кандидат тіркеуден алынса.
Дауыс беру күні сенімді өкілдер мен байқаушылардың атқаратын функциялары бірдей. Осы орайда заңның 20-бабында сайлау учаскесінде бір мезетте кандидаттың немесе саяси партияның 1-ғана сенімді өкілі немесе байқаушысы болуына жол берілген.
-- Мысалы, өткен жылдың 29 қазанында Тараз қаласында өткен шығып қалған мәслихат депутатының сайлауында №82 сайлау учаскесінде осындай түсініспеушілік орын алған, -- дейді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов. -- Яғни, таңғы сағат 7:14-те «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінен екі өкіл бірге келіп, сайлау барысына байқауды бірге жүргіземіз деген. Комиссия төрағасы тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарына байқаушылар келіспей, аяғы құқық қорғау органдары өкілін шақырту арқылы учаскеден шығарылды. Яғни, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері өздеріне тиесілі заң талаптарын жетік білгендері дұрыс дегім келеді.
Семинар соңында сайлаушыларды ақпараттандыру тақырыптарындағы түйткілді сұрақтарға жауап беріліп, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер басшылары алғыс хаттармен марапатталды.