Байқаушылар өздері байқаған кемшіліктерін нақты дәйектерін көрсете отырып ұсынуы керек

Oinet.kz 15-05-2024 101

Сайлау кезінде байқаушылардың міндеттеріне не жатады? Олардың міндеттері «Сайлау туралы» Заңның 8-тармаңында айқындалған. Яғни, өздері байқаған кемшіліктерін нақты дәйектерін көрсете отырып ұсыну міндеттелген. Сондай-ақ, түсірген фото-бейне материалдарын және оларды тарату шарттарын заң аясында атқару міндеттеледі.

Screenshot_26.jpg

Болмаған жағдайда, заң аясында жауапкершіліктер қаралғанын ескеру қажет.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинарында сондай-ақ, шағымдарды қарау мерзімдері туралы да кеңінен түсіндірілді.

Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне шешім қабылданған немесе іс-әрекет жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне берілген өтініш қарауға жатпайды. 

-- Біздің тәжірибемізде мұндай оқиғалар орын алған, -- дейді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов. -- Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажетті мәліметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтініштеріне - үш күн мерзім ішінде, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дереу жауап қайтаруға міндетті.

Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуы туралы сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды – бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

Енді кандидаттарды ұсыну немесе партиялық тізімдер ұсыну. 

Жамбыл облысы көлемінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары корпусына өңірдегі партиялар тарапынан белсенділік байқалады. Бұл да өз кезегінде өңірдегі демократиялық ахуалдың бір көрінісі деп түсінуге болады. 

Ал, сайлауалды үгіт-насихат кезеңі қалай өтеді? Үгіт-насихат шаралары 4 бағыттан тұрады, олар – БАҚ, көпшілікпен кездесулер, баспа-бейне-фото материалдарын тарату және соңғы кездерде трендке айналған әлеуметтік желілер құралы – онлайн платформа арқылы.

Тура осындай 4 тармақтан тұратын шектеулер де қаралған.

Және БАҚ құралдарына ескеретін мәселе – жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларда үгіт-насихат жүргізуге тиым салынған.

Жалпы, үгіт-насихат жұмыстарын заң аясында жүргізуге барлық жағдайлар қаралған. Мемлекет азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге өз кандидаттары үшін заңда үгіт жүргізуге кепілдік береді.

Ол үшін, арнайы сайлау қорларын ашу мүмкіндігі де қаралған. Бұдан өзге, мемлекет тарапынан кандидаттарға өз бағдарламаларымен таныстыру үшін тең көлемде қаржыландыру тетігі де қаралған.

Ал, радио мен телеарналарға шығарылған кандидаттардың сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала сол номерде түсініктеме жасауға тиым салынған.

-- Сонымен қатар, тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, ұрандар, басқа да үгіт материалдарын басуға қаржы бөледі, -- дейді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов. -- Осы қаржыға немесе басқа да заңда қаржыларға басылатын үгіт материалдары шетелдерде басылуына тиым салынған. Сондай-ақ, оларда кім , қай жерде, қандай қаржыға және қанша тиражда басылғаны туралы ақпарат болуы тиіс. Бұдан өзге, үгіт құралдарын орналастыру үшін арнайы орындар белгіленеді. Жеке меншік нысандарына ілінетін болса, міндетті түрде меншік иесінің рұқсаты қажет. Ескерткіштер, тарихи-мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар нысандарға және дауыс беру жайларда үгіт құралдарын ілуге, орнатуға тиым салынған.

Саяси партияларға берілген мүмкіндік, ол – сайлауда кандидаттар ұсыну
Кандидаттың немесе партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыратын тұлға – Сенімді өкіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу