Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сенімді өкілдерін мұқият таңдау керек

Oinet.kz 14-05-2024 124

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.  

Screenshot_24.jpg

Сайлаушылардың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған  семинарды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып беріп, былтырғы сайлау науқаны қарсаңында қомақты қаражаттың игерілмегендігін де тілге тиек етті.  

-- Өткен жылы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында облысымыздан жалпы сомасы 125 миллион теңге игерілмей,  республикалық бюджетке қайтарылды. Соған қарамастан орталық сайлау комиссиясы өңірде бюджеттік игерілімнің 95 пайыз болғандығын растап отыр. Ал аудандар мен облыс орталығында саяси науқанда 660 үміткердің тек он пайызы ғана үгіт-насихат жұмыстарында аталған қаражат бөлігін тиімді игерген.  Бұл назар аударарлық мәселе. Сондықтан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сенімді өкілдерін мұқият таңдау керек, – деді Серғали Айдапкелов.

Негізі ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабы, 3-тармағына сәйкес, Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында БАҚ-пен онлайн-платформа пайдаланушылары өздерінің шарттарын орналастыру қажет. Мұның да өз мерзімдері бар, яғни, теркеу аяқталуына 5 күн қалғаннан кешікпей рәсімделу қажет. Кері жағдайды, үгіт материалдарын орналастыру жүзеге асырылмайды.

БАҚ өкілдері, өздері кандидат болып немесе сенімді өкіл болып тіркелген журналисттер немесе редакция өкілдері үгіт материалдарын шығаруға және оған қатысуға құқықтары жоқ.

Сондай-ақ, белгілі бір партияның немесе кандидаттың ар-ожданына, намысына, іскерлік қабілеттеріне кір келтіретін ақпаратты жариялауға БАҚ өкілдерінің құқығы жоқ. Яғни, барлық кандидаттарға тең объективті болуы тиіс. Бұл қағида онлайн-платформа пайдаланушыларына да қатысты.

Жиында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың өз-ара іс-қимылы, кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігі мен сайлау науқаны барысында сайлаушыларды ақпараттандыру тақырыптарында   дәрістер оқып, түйткілді сұрақтарға жауап берді. 

Семинар соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау процесін даярлауда оның ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуіне семинарға қатысушылардың назарын аударып, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер басшыларын алғыс хаттармен марапаттады. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауысты қалай береді?
Саяси партияларға берілген мүмкіндік, ол – сайлауда кандидаттар ұсыну
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу