Қарағанды облысындағы 5 ауданда 11 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді

Oinet.kz 13-05-2024 134

9 маусымға еліміз бойынша біраз өңірде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы белгіленген. Соның ішінде Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров және Шет аудандары да бар. Қарағанды облысы сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркеновтың айтуынша, 9 маусымда бес ауданның 11 ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы өткізу белгіленген. Атап айтсақ, сайлауға Ақтоғай ауданының Абай және Сарытерек ауылдық округтері, Бұқар жырау ауданының Суықсу, Баймырза және Тоғызқұдық ауылдық округтері, Нұра ауданының Талдысай, Байтуған ауылдық округтері, Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі мен Шет ауданының Ақжал кенті, Ақшоқы, Киикті ауылдық округтері енген. 

Screenshot_22.jpg

Осы округтердегі сайлау қарсаңында Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері аталған аудандарда «Сайлау науқанын өткізу кезінде учаскелік сайлау комиссиялары жұмысының ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері» тақырыбында оқыту семинарларын өткізді. Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Саян Есмағанбетов күн тәртібіне қойылған тақырып аясында баяндама жасады. 

Оқыту семинарының негізгі мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының сайлау науқаны кезеңіндегі өкілеттігін түсіндіріп жеткізу және сайлау өткізу күні сайлаушылардың дауыс беруін өткізудің ұйымдастырушылық ерекшеліктері мен тәртібін түсіндіру болып табылады. Семинар барысында оқытуға қатысушылардың назарына кейстер жинағы ұсынылды, онда сайлау науқаны кезінде туындауы мүмкін стандартты емес жағдайлар жасалынып және оларды шешу тәсілі бойынша құзыретті түсініктемелер берілді.

Семинарға қатысқандардың арасында учаскелік сайлау комиссиясының жаңадан сайланған мүшелері де болды. Оқытуда сондай-ақ сайлауға қатысушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, сайлау үрдісіндегі құқықтық жауапкершілік және дауыс беру күні сайлаушылардың дауыстарын санау және дауыс беру қорытындыларын белгілеу сияқты сайлау комиссиясының дағдылары және сайлау құжаттарын дұрыс ресімдеу мәселелері қамтылды.

Сондай-ақ 9 маусымға сайлау белгіленген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары жаңа тіркелген үміткерлердің тізімімен таныстырып өтті. Атап айтсақ, Ақтоғай үш кандидат тіркелген. Олардың жасы 33 пен 52 жас аралығын құрайды. Онда үміткер болып Игибеков Нұртілек Ерменбетұлы, Майлыбаев Ердос Рахметоллаұлы мен Смағұлов Нұрбол Нұрмбекұлы тіркелген. Барлығының білімі жоғары. Ал Сарытерек ауылдық округі бойынша Алибаев Алтай Баймағанбетұлы, Омарбеков Данияр Төлегенұлы мен Серкебаев Қанат Рахметоллаұлы өтініш берген.  

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабы 9-тармағына сәйкес Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдеріне барлығы 9 үміткерді тіркеген. Ал Нұра аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Уатайдың айтуынша, Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне 6 кандидат тіркелді. Оның ішінде бір үміткерді саяси партия, 5 үміткер өзін-өзі ұсынған. Тіркелген үміткерлердің 5-еуі ер адам, біреуі әйел. Кандидаттардың орташа жасы 32 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 41 жас. Мамандықтар бойынша айтар болсақ, 5-еуі заңгер, 1-еуі жергілікті мемлекеттік басқару ұйымының өкілі.

Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімдігінеде үш кандидат тіркелген. Шет ауданының Ақжал кенті, Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдиновтың айтуынша ауылдық округтері әкімдеріне 11 кандидат ұсынылып, оның 9-ы тіркелген. Тіркелген үміткерлердің 8-і ер адам, біреуі әйел адам.

Семинар барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркенов дауыс беру рәсімінің ерекшеліктеріне тоқталды. «Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00 сағаты аралығында өтеді. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды он күннен кешіктірмей хабардар етеді. Айта кетерлігі, бұл ретте дауыс беруге арналған үй-жайда тұрған адамдар сайлау комиссиясы белгілеген ережелерді қатаң сақтауға міндетті. Сондай-ақ дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. 

Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және қол жеткізу қиын аудандарда болған жағдайда дауыс беру үшін келе алмайтын жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың жазбаша өтініші бойынша дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірілмей берілуі мүмкін, осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс», - деді ол.

Жиын соңында комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарғ жауап берді. 

Ауыл әкімдерін сайлау реформаның жемісі
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауысты қалай береді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу