Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
19 мамыр күні Сайрам ауданындағы Қарасу ауылдық округінде откен округ әкімінің сайлауына 11 мыңға жуық сайлаушы қатысып, өз дауыстарын берді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Кенжебековтың айтуынша, ондағы әкім сайлауына екі кандидат түскен. Жалпы сайлаушылар тізіміне тіркелген 15401 азаматтың 10996-сы өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келген.
- Еліміздегі саяси реформалардың аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Облыс әкімі өткен жылдың қорытынды есебінде Түркістан облысы бойынша былтыр 140 ауылдық округ әкімдері сайланғанын айтты. Биыл да ол үрдіс өз жалғасын табуда. Жалпы бүгінгі таңда қабылданып жатқан реформалардың барлығы мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр. Мұнда Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының атқарып отырған рөлі де аз емес. Олай дейтінім, қандай ауданда, ауылдық округте сайлау ұйымдастырылса, ең алдымен сол жерге облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне келіп, бақылаушылармен жұмыс жүргізу тәртібі жан-жақты түсіндіру үшін арнайы оқу-семинарларын өткізеді. Өйткені сайлауды бақылау сайлау құқығын қамтамасыз етудің маңызды элементі және қоғамдық бақылау тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында сайлау күні сайлау комиссияларының жұмысына байқаушылардың қатысуы көзделген. Байқаушылардың қызметі, құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-1 және 20-2-баптарымен реттеледі, - дейді Садық Оңғарұлы.
Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері көп жағынан ұқсас екенін атап өткен жөн. Халықаралық байқаушылар сайлау процесінің барлық кезеңдерінде сайлау комиссияларына қатысуға құқылы, отандық байқаушылар сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап байқаушы мәртебесіне ие болады. Сайлау учаскесіне бір мезгілде қатысатын халықаралық байқаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны шектелмейді. Ал, отандық байқаушылар, кандидаттардың сенімді тұлғалары, саяси партиялар және отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бір мезгілде тек бір ғана өкілі қатыса алады, әрбір телеарнадан үш өкілден аспайтын қатысуға жол беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-бабы 8-тармағына сәйкес дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының өкілдері – саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, әрбір бұқаралық ақпарат құралдарынан бір-бір өкілден, бірақ әрбір телеарнадан 3 өкілден артық емес, әрбір саяси партиядан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы. Ал, шетелдік ұйымдар мен шет мемлекеттердің өкілдері (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік БАҚ өкілдері, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін сүйемелдейтін аудармашылар) санына шектеу жоқ.
Дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарында сайлау комиссиясы берген сенім білдірілген адамның куәлігі, жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Қазақстан Республикасының саяси партияларынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан байқаушыларынан байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталған тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген құжат, жеке куәлік талап етіледі. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу жолымен байқаушыны тіркеу үшін ұсынылады.
Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу журналда олардың дауыс беруге арналған үй-жайда болу уақытын көрсете отырып, сайлау учаскесіне келгеннен кейін дауыс берудің барлық кезеңі ішінде өтуі маңызды!
Байқаушылар сайлау комиссиясының отырысына қатысуға, дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға, дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға, тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға, сайлау учаскесінде дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқауға, тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға, сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға, дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға, дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға, дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға, сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы.
Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.
Байқаушылар олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге, сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға, сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға, сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға, өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге, Конституциялық заңның және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға, алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге, фото, аудиожазба және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Сенім білдірілген адамдар Қазақстанның саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады.
- Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады. Сайлау күні сайлаушылардың дауыстарын санау сайлау процесінің маңызды сәттерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыс учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің асығыстық пен күйгелектікті болдырмай, ерекше ықыластылығы мен зейінін талап етеді. Заң шығарушы сайлаушылардың дауыстарын санау үшін 12 сағат үздіксіз уақыт бөлуі кездейсоқ емес. Дауыстарды санау байқаушылардың, сенім білдірілген адамдардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Барлық санау процедуралары ашық және дауыстап жүргізіледі, - дейді Садық Оңғарұлы.
Оның айтуынша, бақылаушылар мен сенімді және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен сайлаудың қорытындысы шығарылып, бюллетендер саналған. Анықталғаны үй-жайдан тыс жерде 29 дауыс берілген. Ал екі дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Бурбеков Абдиманат Нұрсейтұлы Бурбеков сайлаушылардың 8164 дауысына ие болса, Еркин Асанбекұлы Мусантаев 2624 дауыс жинаған.
- Сайлауда бақылаушылардың, сондай-ақ сенімді өкілдердің атқаратын рөлі зор. Бір жағы учаскелік сайлау округтерінде сайлау алдында жүргізілген оқу-семинарларының да комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыруда көп септігі тиюде. Сөйтіп өткен сайлауда жеңіске жеткен бұрын Ақсукент ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Абдманат Бурбеков жаңа қызметіне кірісіп те кетті, - дейді Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Оңгарұлы.