Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Кез келген сайлау өте маңызды, бірақ парламенттік сайлау ерекше маңызға ие, өйткені ол заң шығарушы биліктің негізін құрайды. Сондықтан да өңірлерде мәслихат депуттаттарының сайлауына ерекше мән беріп, көңіл бөлінеді. «Биылғы 25 сәуірінде Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Саяси науқанда Сенат депутаты болуға үмітті 3 кандидат тіркелді.
Олардың барлығы да өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынады. Сайлау заңнамасына сәйкес Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутатын сайлауға дауыс беруге тек сайлаушылар – мәслихат депутаттары ғана қатысатынын білдіреді. Осылайша 25 сәуір күні барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында өткен бірлескен отырысқа қатысты. Тізімге енген таңдаушылар дауыс беру бюллетенін алып, өз таңдауын жасады. Атап өтерлігі, бүгінгі күні өңірдегі 152 мәслихат депутаты дауыс беру құқығына ие. Ал сайлау процесін аккредиттеуден өткен облыстағы 16 қоғамдық бірлестік және кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылады», - дейді Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов бізге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бұдан бөлек, облыста облыстық және аудандық мәслихат депутатының да сайлауы ұйымшылдықпен өткізіліген. «Қызылорда өңірінде шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау тек №15, №14, №1 округте ғана, яғни облыстық мәслихат пен Арал, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутатын таңдау үшін өткізілген. 3 округ бойынша 37 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқығына ие. Онда барлығы 27 учаске жұмыс жасады. Жалпы сайлау күні 3 округ бойынша 211 азамат үйден дауыс беріп, өз таңдауларын жасапты. Оларға комиссия мүшелері тасымалданатын жәшіктерді апарып, дауыс беруді ұйымдастырылған. Айта кету керек, сайлауда 3 округте 10 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 9-ы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша, 1-і саяси партия атынан сайлауға түскен. Атап өтерлігі сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервис қолжетімді болды. Мұнда округ аумағында тұратын сайлаушылар ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай анықтай алды» дейді комиссия төрағасы.
Сол өткен сайлауда алғаш рет дауыс берген жастың бірі Ботагөз Болатқызы. Ол №101 мектеп-лицейде орналасқан учаскеге келіп, таңдауын жасаған болатын. «Біздің отбасы мемлекет үшін маңызды әрбір саяси науқандардан ешқашан қалған емес. Бұрын ата-анам барып өз таңдауларын жасаса, енді міне өзім де алғаш рет сайлаушы ретінде дауыс беруге мүмкіндік алдым. Негізінен, дауыс беру – үлкен жауапкершілік. Себебі өзіміз тұратын өлкенің дамуы, оның болашағы ең алдымен өзімізге керек. Ал, сол аумақтағы мәселенің уақытылы билік өкілдеріне жетуіне депутаттар дәнекер болады. Сондықтан өзім тіркелген учаскеге барып, таңдауымды жасадым, - дейді ол.
Сайлау қорытындысымен №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Исақызы Мұсаева салтанатты түрде депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етілген болатын.
- №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша барлығы 15 учаскеде 18397 сайлаушы дауыс беруге қатысты. Бюллетеньге енген 3 кандидатқа берілген дауыс нәтижелері бойынша сайлаушылардың 67,2 пайызы, яғни 12367 дауысын жинаған Гүлшат Исақызы Мусаева облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы Г.Мусаеваны депутат ретінде тіркеді. Бүгін міне, салтанатты түрде куәлік пен төсбелгіні табыстаудамыз. Ел игілігіне, аймақ дамуына қызмет етіп, депутаттық аманатқа адал болып, жемісті жұмыс жасайтыныңызға сенім білдіреміз, - деді Ә.Ерсұлтанов.
Іс-шараға қатысқан Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов өз кезегінде билік пен халық арасына дәнекер болар депутаттық қызметтің жауапкершілігі жоғары екенін тілге тиек етіп, аймақ үшін өзекті мәселелердің байыпты шешілуіне үлес қосуға шақырды.