Демократияның бірден-бір көрінісі сайлау

Oinet.kz 30-05-2024 552

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр.  

Screenshot_15.jpg

Қармақшы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ержановтың айтуынша, 19 мамырда Жосалы кенті, ІІІ Интернационал және Ақжар ауылдық округітерінде ауыл әкімідерінің сайлауы өткізілген. Жалпы кент, ауылдық округ бойынша сайлауға барлығы 14904 сайлаушы қатысуы керек болса, оның 12 мыңға жуығы өз таңдауларын жасаған. 

- 19 мамырға қойылған сайлаудың ұйымшылдығымен өтуіне Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау қарсаңында алдын ала келіп, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне арнап оқыту-семинарын өткізді. Семинарда сайлау заңнамалары түсіндіріліп, әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетілді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Берлібек Ахмет пен Абай Тағыберген учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру күнгі сәтте жүзеге асатын процестерді практикалық негізде көрсетті. Сондай-ақ олар учаскелерде сайлау кезінде орын алған тосын әрекеттерге негізделген жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, нақты талдаулар жүргізді. Оқыту барысында олар учаскелік комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, дауыс беру күнгі заңдылықтарды сақтау бағытында кейстермен бөлісті. Айта кетейік, кент және ауылдық округ әкімі болуға жалпы 9 кандидат тіркелген болатын. Олардың 8-і ер, 1-і әйел азаматша. Кандидаттардың 7-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 2-і саяси партия атынан сайлауға түскен болатын, - дейді ол. 

Жосалы кентінің әкімін сайлауы 7 учаскеде, атап айтқанда №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100 учаскелік сайлау комиссияларының қатысуымен өткен. Мұндағы сайлаушылар тізімінде 12540 адам болса, сайлауға 8233 адам қатысып, өз таңдауларын жасаған. 

«Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 70 сайлаушы болса, санақ кезінде жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 41 бірлікті құрады. Кент әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркелген болса, дауыс беру қорытындысымен кандидат Алмасхан Арипханұлы Доcмұратов 5872 дауысты алып, алдыға суырылып шықты. Ал екінші кандидат Ерлан Мырзабекұлы Еркебаев 803, үшінші үміткер Нұржан Арыстанұлы Шәпи 1479 дауыс жинаған.  «Барлығына қарсы» белгісімен 79 дауыс берілген.   

Дауыс беру қорытындысымен Алмасхан Досмұратов Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкімі болып сайланды. Ол 1986 жылы туған. «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кент әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген» дейді Д.Ержанов.

Оның айтуынша, ал ІІІ Интернационал ауылдық округінде 1255 адамның 899-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Мұнда екі үміткер сайлау бюлетеніне түсіп, 658 дауыспен Жеткерген Қайыржанұлы Қалымбетов алға шықты. Ал оның қарсыласы Нұрсұлтан Жолмаханов 229 дауысқа ие болды. Дауыс беру қорытындысымен Жеткерген Қайыржанұлы ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол 1984 жылы туған. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының орынбасары болып істеген. 

Ал Ақжар ауылдық округіндегі сайлау тізімінде 958 сайлаушы болса, дауыс бергені 736 адам. Мұнда жарамсыз деп танылған бюллетень саны үшеу. Дауыс беру қорытындысымен дауыстар төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, кадидат Данияр Ертайұлы Ахметов 102, Батыржан Қожабайұлы Тұрғанов 66, ал Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаева 563 дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісімен 5 дауыс берілді.  

Дауыс беру қорытындысымен  Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаева Ақжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол 1967 жылы туған. Ол бұған дейін де осы округте әкім қызметін атқарған. 

«Елімізде адал әрі әділ мемлекеттік қызметшілер мен депутаттар болуы тиіс. Жаңа Қазақстанды сондай азаматтар аяғына тұрғызады. Саяси жаңғыру болмай, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда даму да, өсу де мүмкін емес. Президент партиялардың институционалдық және ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бәсекелестікке бейімделуіне көңіл бөлді. Қазір осы жүйенің тиімділігі тәжірибеде байқалуда» дейді Д.Есжанов.

Шиелі ауданында 3 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді
Сарыкөлдіктер өз таңдауын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу