Шиелі ауданында 3 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді

Oinet.kz 30-05-2024 536

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес аймақта өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп келеді. Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатовтың айтуынша, облыс бойынша жыл басынан бері 5 ауылдық округ әкімі сайланыпты. Ал, 19 мамырда Қармақшы ауданының Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылдық округтерінде сайлау өткізілсе, Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Еңбекші және Қарғалы ауылдық округтерінде ауыл әкімінің сайлауы 16 маусымжа өткізу белгіленіпті. 

Screenshot_14.jpg

- 2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл¬гіде сайлаушылардың мү䬬¬десі ұлттық және өңірлік дең-гей¬де толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мә¬жілістің депу¬таттық корпусының 70 пайы¬зы пропорционалдық, 30 пайызы мажо¬ритарлық тәсілмен жа¬сақ¬талды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң-намаға өзгертулер енгізілді. Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар-ды. Халық референдумды қолдады. Жер¬гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Еңбекші және Қарғалы ауылдық округтерінде ауыл әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлайды. 3 округ бойынша 2 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлау процесі 3 учаскеде ұйымдастырылады. Оған 19 комиссия мүшесі тартылады, - дейді Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді. Яғни, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы №АСК-24/05 шешімімен 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған сайлауда Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдеріне кандидат болып 9 адам тіркелген. Таратып айтсақ, Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша кандидаттыққа Аралбай Наурызұлы Үсенғазин, Омархан Нышанбекұлы Файзуллаев және Балдаурен Тұрсынбайұлы Шакиртаев тіркелген. Бұған дейін Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі болып қызмет істеп келген Балдаурен Тұрсынбайұлының кандидатурасын «Amanat» париясы ұсынған болса, қалған екі үміткер өз-өздерін ұсынғандар. Оның бірі Сұлутөбе, екіншісі Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары. 

Ал Еңбекші ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы – 1985 жылы туған, «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының орынбасары. Екіншісі Мусаханов Турар Баяналиевич – 1984 жылы туған, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі, бөлім басшысы. Үшінші үміткер Жусупов Елдос Айтуреевич –  1987 жылы туған, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, ұйымдастыру және инспекторлық бөлімі, бас маман. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. 

Қарғалы ауылдық округі бойынша айтар болсақ, бірінші кандидат аталған округтің бұрынғы әкімі Парманкулов Кайрат Капанович. Ол 1977 жылы туған. Екінші үміткер де аталған округ әкімінің бас маманы Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы. Үшінші кандидат Дуйсенов Бекболат Еламанович «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің бас инспектор. Мұндағы үш кандидат та өз-өздерін ұсынып отыр. 

- Президенттің мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын. Ал, әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс жаңғырып жатса, неге құптамасқа?!, - дейді Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов.

Сайлау жүйесіндегі өзгерістер елді жаңашылдыққа бастайды
Демократияның бірден-бір көрінісі сайлау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу