Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында екі жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған болатын. Осылайша еліміздің көптеген қалалары мен елдімекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне кірісіп кетті. Жалпы рефернедум арқылы Конституцияға енгізген өзгерістер сайлау жүйесіне де соны серпін әкелгені белгілі.
Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың айтуынша, Президент бастамаларының барлығы да адалдық пен әділдікке негізделген, билік пен халыққа игілікті екені даусыз. Саяси трансформация адалдықтың сақталып, әділдіктің орнауын қалыптастыратын ойын ережесі. Жалпы ауыл, аудан әкімдерінің сайлауы да жаңашылдық.
Бұл ең бастысы сан салада бармақ басты, көз қыстылық пен монополияның түп-тамырымен жоюға жол ашады. Жаңа Қазақстанды құру үшін бетке алған бағыттан танбай, жаңа белестерді сөзбен емес нақты іспен бағындыру керек. Сондықтан, ауыл әкімдерін сайлау тәуелсіздік тарихындағы айтулы белестің бірі болды. Сонымен қатар, былтыр пилоттық жоба ретінде басталған қала мен аудан әкімдерін де халықтың сайлауы жалғасын табанына сеніміз мол.
– Жылда комиссия құрамын бір қарап, толықтырып, өзгертіп отырамыз. Атап айтқанда, Шымкент қаласында 354 комиссияның 6-ы аумақтық сайлау комиссиясы, 330 учаскелік сайлау комиссиясы, 18-і округтік сайлау комиссиясы. Бұған қоса біз атқаратын, сайлау комиссиясының сайлауалды атқаратын жұмыстарының бірі – бұл сайлаушылардың тізімі. Біз әр жарты жылдық сайын тізімді түгендеп, толықтырып отырамыз. Мысалы, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша 656 мың 469 адам болса, былтырғы 19 наурыздағы мәслихат деңгейіндегі сайлаулардағы есеппен салыстырғанда сайлаушылардың саны 16 мыңнан асады. Пайыздық есеппен алғанда, Шымкент халқының дауыс беруге құқығы бар тұрғындарының қатары 2,6 пайызға көбейген. Қаланың халық өскен сайын, 18 жасқа толған азаматтар бар, сайлаушылардың саны ұдайы өсіп келеді, – дейді Қайырбек Құнанбаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесі жылсанап жаңарып, оған көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Бұған дейін бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс-тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар-ламенттік оппозиция инсти¬тутын енгізу секілді баста¬малардың өзі бір төбе.
- Конституциядағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай¬ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік білдіреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ¬рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашуда. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Елімізде былтырдан бері, 2023 жылдан бастап аудан әкімдерін де тікелей да¬уыс беру арқылы сайлау өтіп жатыр. Оның айқын көрінісі, демократиялық сайлаудың жемісі – Түркістан облысында төрт ауданның әкімі сайланды. Сол сияқты еліміздің басқа облыстарында да үш-төрт ауданның әкімдерін дауыс беру халық сайлады, өз таңдауларын жасады. Тек респубикалық маңызы бар қалаларда – Астанада, Алматыда, Шымкентте аудан әкімдерін сайлау өтпегені болмаса. Оған қоса, жаңа реформа бойынша облыс әкімдері баламалы түрде, өңірлердегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ашық не жа¬сырын дауыс беруі арқылы келісім беруі негізінде тағайындала бастады, - дейді Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Қайырбек Құнанбаев.
Аудан әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан аудан әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Сон¬дықтан осы бағыттағы жұмыстарды қол¬дау қажет.